Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 13 тамыз — Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы балық аулау алаңдарының резервтік қорында қойылмалы торларды қолдану арқылы жыл бойы балық аулауға енді заңды тұрғыда тыйым салынады, деп хабарлайды Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі. Мұндай өзгеріс биыл 17 тамыздан бастап енгізілмек. Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, қазір Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде қойылмалы торлар көбірек қолданылатыны анықталып отыр. Ал, бұл өз кезегінде жыл сайын су астындағы тіршілік иелеріне, әсіресе, ерекше қорғалатын бекіре балықтары мен итбалықтардың көбеюіне теріс әсерін тигізіп отыр. «Атырау облысының акваториясында су кеңістігін пайдалану ережесі (Жайық өзенінің сағасынан солға және оңға – 50 шақырым…

Read More

CaspianLife, 12 тамыз — Түркияда орман өрттерінен кейін су тасқыны басталды. Күшті жаңбыр салдарынан басталған су тасқыны көпірлерді бұзып, бірнеше ауылды жарықсыз қалдырған.  Табиғи апат Синоп, Бартын, Қарабүк және Кастамону провинцияларына әсер етті. Атап айтқанда, Түркияның солтүстігіндегі Бартын провинциясында көпір құлады. Төтенше жағдай салдарынан 13 адам зардап шекті, бір адам инфаркттан көз жұмған. Одан бөлек, құтқару қызметкерлері жоғалғандарды іздеу жұмыстарын бастаған. Премьер‐Министр жанындағы Төтенше жағдайлар және апаттар басқармасы (AFAD) мәліметтері бойынша 12 ауылда электр қуатының жұмысы тоқтаған. Сондай-ақ, ғимараттардың бірінші қабаттары су астында қалған. Екпінді су тасқыны көліктерді де бірге алып кеткен. Бартыннан 240 шақырым жерде орналасқан Синоп провинциясында су…

Read More

CaspianLife, 12 тамыз — «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары Ауғанстанның Кандагар қаласындағы түрмені басып алып мыңнан астам қылмыскер мен есірткі сатушыларды босатып жіберген. Кундуздағы кем дегенде 630 тұтқын, оның ішінде 13 әйел мен үш шетелдік Талибан түрмелерінен босатылды. Олардың 180-і «Талибан» террористері болды, оның ішінде ауған үкіметі өлім жазасына кескен 15 талибан да бар. Статистикаға сәйкес, Кундуз түрмесіндегі қауіпсіздікке 140 күзетші қарайды. Шенеуніктердің айтуынша, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірді деп айыпталған тұтқындар Талибан билікті басып алғанға дейін түрмелерден көшірілген. «Олардың көпшілігі есірткі саудасы, ұрлау және қарулы тонау секілді қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар», — деді түрме әкімшілігінің директоры Сафиулла Джалалзай. Талибандар сонымен бірге Нимроза…

Read More

CaspianLife, 12 тамыз — Атырауда Ashyq қосымшасының көшбасшыларына түнгі 12-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бірақ, көшбасшы атану үшін нысанға 2 апта ішінде мыңнан астам клиент қосымшаның көмегімен кіру керек. Ал, қосымшаның өзге қатысушылары келушілерге кешкі онға дейін қызмет көрсетеді. Бірақ, демалыс күндері барлығы жабық болады. Мамандардың айтуынша, бұл кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында жасалған қадам. Дей тұрғанмен, олардың тарапынан келіспеушіліктер болып отыр. «Ashyq қосымшасы аясында көтеріліп жүрген бір мәселе – чекиндеу. Мысалы, адамдар жиі баратын 100 орындық нысандар бар және қала сыртында 15 адамға арналған шағын ғана тамақтану орындары да бар. Кішкентай нысандардың көшбасшы атануға мүмкіндігі жоқтың қасы. Сондықтан, кәсіпкерлер…

Read More

CaspianLife, 11 тамыз — Коронавирусқа қарсы вакцина алған атыраулық тұрғын туған күнінде 200 мың теңге ұтып алды. 11 тамызда Атырауда «Вакцина ал да, ұтысқа ие бол!» акциясының төртінші кезеңі өтті.  Ұтыс ойыны қорытындысымен 10 жеңімпаз анықталды. Олардың әрқайсысы 200 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Жеңімпаздардың бірі — Атырау қаласының тұрғыны Нұрлан Қуанышев. Төрт баласы бар әкенің бүгін туған күні көрінеді. Ол «Спутник V» вакцинасының І компонентін алған. Осылайша, ақшалай ұтысқа ие болып, өз туған күнінде қуанышқа бөленді. «Мен вакцинаны 6 тамыз күні Атырау қалалық №7 — ші емханада алдым. Туған күнімде ұтыс иесі атанамын деген ой болған да жоқ. Менің…

Read More

CaspianLife, 11 тамыз — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мессенджерлерде таратылған табысы төмен және жұмыссыз азаматтарға мемлекет 85 400 теңге төлейтіні туралы ақпаратты жоққа шығарды. «Табысы төмен жұмыссыз азаматтар мен қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 85 400 теңге көлемінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін хабарлайды», – деді баспасөз қызметі. Ведомствода, сондай-ақ, қазақстандықтардан қырағылық танытуды және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуді сұрады, сондай-ақ жалған ақпаратты таратудың заң бойынша қудаланатынына назар аударды.

Read More

CaspianLife, 11 тамыз — «2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға 2015 жылғы 9 желтоқсандағы қосымша хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» хаттамада АҚШ-тың ҚР Ішкі істер министрлігі желісі бойынша жобаларды қаржыландыруды 2,3 миллион долларға дейін жеткізу туралы айтылған. Атап айтқанда, ақшалай қаражат полицияны реформалау бағдарламасын ілгерілету, оның ішінде сервистік полицияны енгізу, полиция академиялары үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу және басқа да бағыттар үшін бөлінеді. Сондай-ақ, қаражат республикада «Интернет желісінде жасалатын қылмыстарды тергеу бойынша әлеуетті» дамыту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар саласындағы қылмыстық істерді анықтауда, тергеуде құқық…

Read More

CaspianLife, 11 тамыз — Темекі шегу коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ағзадағы антиденелер мөлшерін азайтады. Докке және Джичи медициналық университеттерінің жапондық ғалымдары вакцинацияланған дәрігерлердің қан үлгілерін зерттеп, осындай қорытындыға келген.  Мамандар Pfizer коронавирустық вакцинасының екінші компонентімен вакцинациядан үш ай өткен соң 378 медицина қызметкерінің қан үлгілерін зерттеді. Осылайша, сарапшылар SARS-CoV-2-ге қорғаныс антиденелерінің титрлерінің деңгейін есептегісі келген. Талдау кезінде науқастың ауру тарихы, жасы және жаман әдеттері туралы мәліметтер ескерілген. Одан әрі ғалымдар темекі шегетіндер мен темекі шекпегендердің талдауларын салыстырды. Бірінші топтағы қандағы антиденелердің концентрациясы, жынысына қарамастан, нормадан 140-250 бірлікке төмен екендігі белгілі болды. Сондай-ақ, егде жастағы еріктілерде IgG-дің деңгейі төмен екенін де…

Read More

CaspianLife, 11 тамыз — Петропавлдағы қоғам белсенділері өз қалаларында әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі – Конституция көшесі бар деп мәлімдеді. Олар Гиннестің рекордтар кітабына оны ерекше құбылыс ретінде енгізуді ұсынып отыр.  Олардың айтуынша, қазіргі уақытта Копенгаген сауда Строгетінің ұзындығы 1800 метрден аспаса да ресми түрде ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі деп танылған. Ал, Петропавл көшесінің ұзындығы екі мың метрге жуық. Белсенділер көшені рекордтар кітабына енгізу Петропавлдың туристік әлеуетіне оң әсер етеді деп санайды. «Біз бұл мәселені көтердік, мені Қоғамдық кеңестегі әріптестер қолдады. Біз рестораторлар, отельерлер қауымдастығының атынан атқарушы органдардың атына Гиннестің рекордтар кітабына өтініш беру туралы сұраным бердік. Менің…

Read More

CaspianLife, 11 тамыз — Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ресми түрде Францияның «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) футбол клубына ауысты. Бұл туралы хабарлама команданың Twitter парақшасында жарияланды.  Мессимен келісімшартқа 2 + 1 схемасы бойынша қол қойылды. Яғни, келісімшартты тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен екі жылға қол қойылып, келісілген. Командаға келген жаңа ойыншы 11 тамызда өтетін баспасөз мәслихатында таныстырылады. Рәсім «Парк де Пренс» үй стадионында өтеді. Лионель Мессидің өзі клуб өзінің амбицияларына сәйкес келеді деп мәлімдеді, себебі мұнда талантты команда мен жаттықтырушылар құрамы жиналғанын атап өтті. «ПСЖ-да мансаптың жаңа тарауын бастауға қуаныштымын. Мен ерекше нәрсе жасауға бел будым. Алаңға шығу мүмкіндігін асыға күтемін», -…

Read More