Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 09 тамыз — Қазақстанда 45 градусқа дейінгі ыстық және жаңбыр күтіледі. Синоптиктер 10-12 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.  Орталығы Сібірдің батысында орналасқан Циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды. Мұнда солтүстікте, орталықта және Қазақстанның шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. «Бұл аймақтардағы температура түнде 8…15, күндіз 17…22 градусқа дейін төмендейді. Республиканың қалған аумағында құрғақ және шуақты ауа-райы күтіледі, республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық болады», — делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 09 тамыз — Сауд Арабиясы коронавирусқа қарсы вакцина алған шетелдік қажыларға (кіші қажылық үшін) шекараны қайта ашпақ. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, Сауд Арабиясы 9 тамыздан бастап қасиетті Мекке қаласына қажылыққа баруға өтініш қабылдай бастайды. Ел билігі бұл шешімді коронавирустық пандемияға байланысты шекара жабылғаннан кейін 18 ай өткен соң қабылдап отыр.  Хабарға сәйкес, Таяу Шығыс корольдігі кіруге тыйым салған тізімге енген елдерден келген азаматтар вакцинацияға қарамастан карантинге жатқызылуы керек. Сондай-ақ, шетелдік қажыларға Сауд Арабиясы мойындаған, сол елде тіркелген вакцина егілуі керек. Қазіргі уақытта елде Moderna, Pfizer/Biotech, AstraZeneca, сондай-ақ Janssen (Johnson & Johnson) шығарған коронавирусқа қарсы вакциналар мақұлданған. Айта кету керек, жыл…

Read More

CaspianLife, 06 тамыз — Арыс қаласында фосфоры бар екі контейнер өртенді. Жақын маңдағы шағын ауданның тұрғындары эвакуациялануда. Арыс қаласында өрттің мән-жайы бойынша жедел желі ашылды. Арыс тұрғындары пайда болған ақ түтіннен күдіктенген. Сол бойда WhatsApp желісі арқылы өрттің видеолары тарап, вагонда сары фосфордың болғандығы туралы да хабарлама жіберілген. ТЖМ баспасөз қызметі де металл контейнерде сары фосфордың жанғанын растады. «ҚТЖ» АҚ күшімен вагон поездан ағытылып, 30-шы жолға қойылған. Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген. Өрт орнында өртті сөндіру бойынша штаб ұйымдастырылып, сағат кешкі 7-ден кете фосфордың жануын тоқтатқан», — деп хабарлады министрлік. Түркістан облысының әкімдігі Арыс қаласында болған өрттің болжамды себебін…

Read More

CaspianLife, 06 тамыз — Ұлы Отан соғысының облыстағы ең соңғы ардагері Закария Сұлтанов 96 жасында көз жұмды. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері 1925 жылы дүниеге келіп, бар болғаны 18 жасында әскерге аттанған. Алматы қаласында бір айдай дайындықтан өткен ол Белоруссия майданында соғысты. Алайда ұрыста аяғынан екі рет жарақат алып, Калининград облысындағы гарнизондық қызметке тағайындалған. Жеңісті де сол қаладан қарсы алған көрінеді. Кейін 1948 жылы соғыстан оралып, отау құрып, Жұбайы екеуі 5 перзент тәрбиеледі. Екі қызы өмірден ерте кетті. Кейін 25 жылдай отасқан жарынан да көз жазған еді. Осыншама ауыртпалыққа төтеп берген Закария Сұлтанов ішкі істер органдарында жұмыс істеп, кейіннен сауда-саттық…

Read More

CaspianLife, 06 тамыз — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мақат ауданында болды. Ол алдымен аудандық орталық ауруханның жай-күйімен танысты. Жалпы аудан бойынша 45 дәрігер және 224 орта буын медицина қызметкері бар. Алайда ауданға әлі де лор, окулист, нарколог секілді мамандар жетіспейді. Алексей Цой кадр тапшылығын жою үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп жатқанын айтты. «Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша негізгі көмек ауылға бөлінуде. Жыл сайын дәрігерлердің жалақысын 30, ал мебдикелердің жалақысын 20 пайызға өсіруді жоспарлап отырмыз. Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қолжетімді ету үшін ауыл емханаларын арнайы аралап, жұмысын бағалап жүрміз», — деді Алексей Цой. Алексей…

Read More

CaspianLife, 06 тамыз — Республикалық маңызы бар Атырау – Астрахань тас жолының Құрманғазы шекаралық кеден бекетінен аудан орталығына дейінгі 60 шақырымын жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Бұл бөлікті биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгінде қалған 217 шақырымды қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бүгінде 4 учаскеге бөлінген жол бойына топырақ төгу, көпір өткелдерін алмастыру секілді жұмыстар жасалуда. Мұнда 4 мердігер компания мен мыңнан астам жергілікті тұрғын қызмет етеді. Жоспар бойынша, барлық елді мекендердің тұсына мал өтетін өткелдер мен автобус аялдамалары, демалыс алаңдарымен қоса көпірлер салынбақ. Жаңа жол барлық стандартқа сай болады дейді компания өкілдері. Тапсырылған соң 15 жыл бойы қайта жаңғыртуды қажет етпейтін…

Read More

CaspianLife, 06 тамыз — Мешіттерде ұжымдық жұма намазын оқуға тыйым салынды. Мұны Атырау облысының бас имамы айтты. Бұған өңірдегі эпиедмиологиялық ахуалдың күрделенуі және облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы себеп болып отыр. Ал жұмыс күндері жеке дара 5 уақыт намаз оқи беруге рұқсат. Бірақ, демалыс күндері мешіт жабық болады. Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, мұның бәрі уақытша қабылданған шешім. «Әркім өз бетінше келіп, аптаның бес күнінде жеке намаздарын оқуға рұқсат етіліп отыр. Ал сенбі, жексенбі күндері түбегейлі қаламыздағы барлық мекемелердің, барлық сауда орталықтарының және сонымен қатар мешіттердің жабық болуына байланысты бізде де жамағаттың кіруіне тосқауыл салып отырмыз. Ал үйде оқылған кезде жұма намазының…

Read More

CaspianLife, 06 тамыз — Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытының қызметкерлері бекіре тұқымдас шабақтардың кезекті партиясын өзенге жіберді. Процесті ихтиолог мамандар мен балық шаруашылығы басқармасының қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссия мұқият бақылады. Қортпа, бекіре, сүйрік және шоқыр балықтарының шабақтарын өзенге жіберуге дайындық жұмыстары ерте көктемде басталған еді. Уылдырықты ұрықтандырудан бастап оның шабаққа айналуына дейінгі процесс күні түні зауыт мамандарының бақылауында болды. Құнды балықтардың қорын сақтап қалу үшін қыруар іс тындырып отырған зауытта шешімін күткен мәселе аз емес. Соның бірі – реконструкция жасау. Бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын қолдан өсіріп, табиғи ортасына жіберу – олардың популяциясын сақтап қалудың бірден бір жолы. Өкінішке қарай, ихтиологтардың…

Read More

CaspianLife, 05 тамыз — Коронавирустың ауыр ағымы ерлердің репродуктивті денсаулығына әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда, сперматозоидтардың сапасы мен саны төмендейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ОКҚ брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша, ұрықтандыру орталықтарында коронавирустық инфекциядан кейін ерлерде үш-төрт ай ішінде сперма болмаған бірнеше ұқсас жағдай тіркелген. «Өкінішке орай, мұндай статистика бар. Ұрықтандыру орталықтарында балалы болуға дайындалып жатқан адамдар тексерістен өтіп жатқанын білемін. Соның нәтижесінде коронавирустық инфекциядан кейін адамдарда, атап айтқанда, ер адамдарда азооспермиясы, яғни сперматозоидтары жоқ екендігі анықталды. Үш-төрт айдан кейін жағдай жақсарады, бірақ сперматозоидтардың саны ауырғанға дейінгі көрсеткішке…

Read More

CaspianLife, 05 тамыз — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус даму деңгейі жоғары елдерді басқа елдегі халықтың 10% — ын вакцинациялауға мүмкіндік беру үшін кем дегенде қыркүйекке дейін қайта вакцинациялауға мораторий енгізуге шақырды.  ДДҰ-ның брифингі барысында Гебрейесус дамыған елдерде халықтың 10% — ын вакцинациялау мақсаты артығымен орындалғанын атап өтті. «Табысы төмен елдер дәрі-дәрмектердің болмауына байланысты әр 100 адамға 1,5 дозадан енгізе бастады. Бізге препараттардың басым бөлігін табыс деңгейі төмен елдерге жеткізуге көшу қажет», – деді ұйымның Бас директоры. Вакцина жасаушыларға кедей елдерге коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектер беру үшін құрылған COVAX бағдарламасына назар аудару керектігі де айтылды. Бұған дейін…

Read More