CaspianLife, 05 тамыз — Соңғы күндегі жағдай бойынша 125 адам коронавирустық инфекциядан қайтыс болды, тағы 33 адам КВИ белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Жалпы, ресми мәліметтер бойынша, пандемия басталғаннан бері 6 402 адам коронавирустан, 3 814 адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Ең көп өлім-жітім Нұрсұлтан, Шымкент және Қарағанды облысында байқалады. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш батыс өңірлерде де айтарлықтай өскен. Мәселен, Атырау облысында бір күнде коронавирустан 12 адам, пневмониядан төрт адам қайтыс болды. Ал, Маңғыстау облысында коронавирус пен пневмониядан барлығы 19 науқас көз жұмған. Осылайша, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда covid-19–дан болған өлім-жітім саны 6 402 адамды, пневмониядан -…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 05 тамыз — 4 тамызда елордада Железнодорожный тұрғын алабындағы ашық кәріз құдығына құлап кеткен 13 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты сот отырысы өтті. Алматы ауданының № 2 аудандық сотының судьясы сотталушылардан қайтыс болған баланың анасына жалпы сомасы 10 миллион теңге төлеуді талап етті. Сот Владимир Власенкоға баланың анасына төрт миллион теңге, ал «Астана Су Арнасы» компаниясына алты миллион теңге төлеуге үкім шығарды. Бұл ретте қаза тапқан баланың анасы сот шешімімен келіспеді, ол кінәлілерді түрмеге қамауды және 50 миллион теңге мөлшерінде өтемақы талап етті. «Мен үкіммен толық келіспеймін. Судья заңсыз үкім шығарды, ол тыңдаудың бірінші күні маған және менің адвокатыма дөрекі болып…
CaspianLife, 05 тамыз — Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан қос полицейге үкім шықты. Сот олардың әрқайсысын 7 жылға бас бостандықтарынан айырды. Сотталушылар қылмыс жасаған кезде әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері болған. Шендері майор және капитан. Сот үкімімен екеуі де шендерінен айырылып, көлік мемлекет пайдасына тәркіленді. Оқиға биылғы жылдың 14 ақпанында «Атырау-Доссор» тас жолының бойында болды. Әкімшілік полиция басқармасының екі қызметкері өсімдік тектес затты автокөлік ішіндегі мотоцикл шинасына жасырып тасымалдаған. Сараптама қорытындысы оның марихуана екендігін дәлелдеді. Тәркіленген есірткі сот үкімімен жойылды.
CaspianLife, 05 тамыз — Еуропалық Одақ (ЕО) Маңғыстау және Түркістан облыстарындағы құрғақшылықтан зардап шеккен 6 мың қазақстандыққа гуманитарлық көмек ретінде 200 мың еуро немесе 100 миллион теңгеден астам қаражат бөледі, деп хабарлайды Қазақстандағы ЕО өкілдігінің баспасөз қызметі. Ақша ауа-райының қолайсыздығынан табысын жоғалтқан адамдарға беріледі. «Қаржыландыру Еуропалық одақтың Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясының (IFRC) төтенше апаттарға көмек қорына (DREF) қосқан жалпы үлесінің бөлігі болып табылады», – деп атап өтті баспасөз қызметі. Осы жазда Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде аномальді ыстық байқалады, ол су айдындарының кебуіне және жердің қуаңшылығына әкеп соқты, бұл су мен мал азығының жетіспеу мәселесін…
CaspianLife, 04 тамыз — Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші компоненті салынуы мүмкін. Соған қатысты дәрігерлер пікір білдірді. Жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаеваның сөзінше, бүгінде үшінші компонентті салдыруға қатысты мәселе қарастырылып жатыр. «Дәрігерлер, оның ішінде, иммунолог, вирусологтардың көзқарасы бойынша, иә, расында ревакцинация — үшінші компонентті салдыру қажет болуы мүмкін. Жас категориясына қарай әртүрлі кезең керек болады. Ревакцинацияның қажет не қажет емес екені ағзадағы антидене санына қарай анықталады. Сондықтан антидене саны 1-ден төмен адамдарға ревакцинация керек болуы мүмкін. Бүгінде ревакцинацияға қатысты мәселе қарастырылып, талқыланып жатыр. Алдағы таңда оның жауабын аламыз», — деді Атығаева ОКҚ брифингінде. Еске салайық, вакцинаның…
CaspianLife, 04 тамыз — Ауғанстанның Қорғаныс министрі Бисмилл ханның үйіне шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті «Талибан» радикалды тобының содырлары өз мойнына алды. Топтың ресми өкілі Забиулла Муджахид Twitter-де жоғары мемлекеттік шенеуніктерге жаңа шабуылдар жоспарланғанын айтты. «Бұл шабуыл елдің әртүрлі аймақтарындағы бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауды бұйырған Кабул әкімшілігінің негізгі тұлғалары мен басшыларына қарсы жауаптардың бастауы», — делінген хабарламада. Бұған дейін елдің ішкі істер министрлігі Кабулдағы шабуылда кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды деп мәлімдеді. Басылым шабуыл көтерілісшілер тобы бірнеше провинцияның астаналарын басып алып, Ауғанстанда шабуылын жалғастырған кезде болғанын хабарлады. Айта кетейік, 3 тамыз күні кешке Кабулдағы Мохаммади үйінің…
CaspianLife, 04 тамыз — Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде 2021-2022 оқу жылының ұзақтығы туралы бұйрыққа қол қойды. 2021-2022 оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда — 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда — 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылы ішіндегі демалыс күндері келесідей анықталды: 1-11 (12) сыныптарда: күзгі — 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы — 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі-12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда); 1-сыныптарда: қосымша каникул — 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).
CaspianLife, 04 тамыз — Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев «СК-Фармацияның» экс-басшысы Берік Шәріпті Қылмыстық кодекстің 3-тармағының 361-бабы 4-бөлігі «ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану» бойынша ақтады. Шәріпті «СК-Фармация» басшысы ретіндегі іс-әрекеті жеке қорғаныс құралдарын жеткізу мерзімдерінің бұзылуына әкелді деп айыптады, бұл пандемия басында қазақстандық дәрігерлердің коронавирусты жұқтыруына себеп болды. Атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін айыпталған Шәріп кінәлі деп танылып, оған 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Тергеу кезеңінде қамауда болу мерзімі жазаның пайдасына есептелді. 4 тамызда Нұр-Сұлтанда «СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің үстінен қозғалған сот процесі аяқталды. Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және атыс қаруын заңсыз сақтады деп…
CaspianLife, 04 тамыз — Атырау облысында белгісіз ер адам мектепке бомба қойылғандығы туралы хабарлаған. Тексеруден кейін ақпарат жалған екені белгілі болды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қоңырау шалушыны ұстады. Ол бұрын сотталған Ақсай қаласының тұрғыны болып шықты. Индербор ауданындағы мектептердің бірінде жарылғыш заттың қойылғандығы туралы хабарлама Атырау облысының аудандық полиция бөліміне түсті. Полиция ауылдағы барлық төрт мектепті тексерген, бірақ бірде-бір мектепте жарылғыш зат табылған жоқ. Кейін полиция қоңырау шалған адамды ұстады, ол көрші Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты. Оқиға фактісі бойынша «Терроризм актісі туралы жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
CaspianLife, 04 тамыз — Атырауда екі азамат 15 қабаттан лифт шахтасына құлап кетті. Нақтырақ айтқанда, қайғылы оқиға бүгін сағат таңертеңгілік 10 шамасында қаладағы ірі қонақ үй кешендерінің бірінде болды. Олар ғимараттағы жеделсатыны жөндеуге келген «Лифт Инвест» ЖШС-нің мамандары екен. Оқыс оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Мерт болған азамат мұндағы лифтті жөндеуге келген. Тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді. «1987 жылы туған науқас облыстық ауруханың жансақтау бөлімінде жатыр. Травматикалық шок, бірнеше сынықтар және жарақаттар алған. Қазір отаға дайындалуда. Операциядан кейін реанимация бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында болады», — деп жауап берді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Индира Мерекен.
