CaspianLife, 28 шілде — Декларацияның бірінші кезеңін талдау мемлекеттік қызметшілердің ақшаны Сингапурда сақтайтынын, ал жылжымайтын мүлікті Ресейден сатып алғанды ұнататынын көрсетті. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны 465 мыңнан астам жеке тұлға, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырды. Мемлекеттік кірістер комитетінде (МКК) хабарлағандай, декларацияны ұсынған 465 мың жеке тұлғаның 117-інде 29 елдің шетелдік банктерінде банктік шоттары бар. Декларацияланған ақшаның ең көп сомасы келесі елдердің банктерінде: Сингапурда — 952,6 млн, Ресейде — 475,7, Лихтенштейнде — 426,6, АҚШ — 274,6, Германияда — 127,6, Швейцарияда — 121,8, Испания корольдігінде — 119,2, Канадада — 99,1,…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 28 шілде — Бүгін «Муз Арт» тобының әншісі және Шымкент мәдениет үйінің басшысы Сәкен Майғазиевтің тіркелмеген Демократиялық партияның белсендісі Аружан Дүйсебаева қарсы талап-арызы бойынша сот талқылауы басталды. Алайда, талапкердің болмауына байланысты сот процесін кейінге қалдырылды. Отырыс басында судья М. Әмірбеков жауапкер Дүйсебаеваның құқықтарын түсіндірді. Майғазиевтің адвокаты Бақыт Нұрлықұл соттан Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне мәдениет үйінің қызметіне қатысты сұрау салуды жолдауды сұрады, өйткені өзінің адвокаттық сұрау салуынан бас тартылыпты. Судья бұл сұрауды сот жібергенін, бірақ жауап әлі алынбағанын айтты. Сондай-ақ, сотта әншінің адвокаты Айжан Нұрлықұлова сот-психологиялық-филологиялық сараптама жүргізу туралы өтініш білдірді, жауапкер тарап сараптама жүргізуге қарсылық білдірмеді. Отырысқа…
CaspianLife, 28 шілде — Көлік құралдары 30 қыркүйекке дейін шығарылмаған жағдайда, кедендік баждар мен салықтар толық көлемде төлену керек болады. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми өкілі Әлия Байтемірова айтты. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімдері Жеке тұлғалар жеке мұқтаждықтары үшін шет мемлекеттерден уақытша әкелген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарына қолданылады. Мұндай мерзімдер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 25 шешімімен белгіленген. Аталған шешіммен пандемияға байланысты одаққа тұрақты тұруға қоныс аударған адам, босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алған шетелдік азаматтардың жеке мүлкін одақтың кедендік аумағына жеңілдікпен бажсыз әкелуге мүмкіндік беретін…
CaspianLife, 27 шілде — Атырау мен Астрахань облысының шекарасында сауда орталығы және Ақтау мен Астрахань арасында круиздік қатынас ашылуы мүмкін. Осы және өзге де мәселелерді ҚР Премьер Министрі Асқар Мәмин мен Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин біріге отырып талқылады. Кездесу кезінде тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы инвестициялық, өнеркәсіптік, туристік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін де сөз етті. Сондай-ақ, өзара сауданың қарқынын арттыру үшін шекаралық сауда орталығын құру перспективасы қарастырылды. Биылғы жылдың бес айында екі ел арасындағы тауар айналымы 26,2 пайызға өсіп, 8,6 миллиард АҚШ долларына жеткен. Ендігі міндет — тауар айналымының көрсеткіштерін 2019 жылдың деңгейіне немесе 20 миллиард долларға жеткізу болып отыр. Бұдан…
CaspianLife, 27 шілде — Атырау облысында әлеуметтік-экономикалық нысандар жұмысына қатысты қатаңдатылған қаулы күшіне енді. Аймақтағы сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтары таңертеңгі 10-нан күндізгі сағат 3-ке дейін, «Ашық» жобасына қатысатын нысандар болса кешкі сағат 5-ке дейін жұмыс істейді. Ал сенбі-жексенбі күндері жұмыстарына толықтай тыйым салынған. Ал қоғамдық тамақтану орындары ертеңгілік 7-ден күндізгі 12-ге дейін, ал жобамен жұмыс істейтін нысандар кешкі 5-ке дейін ашық болады. Демалыс күндері жеткізіп беру қызметіне түнгі 12-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Сұлулық салондары мен шаштараздар «Ашық» бағдарламасына қарамастан алдын ала жазылу бойынша таңертеңгі 9-дан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді. Жаңа қаулыда жобада жоқ спорт нысандарының жұмасына…
CaspianLife, 27 шілде — Құрманғазы аудандық балық қорғау инспекторларына қол көтеріп, дене жарақатын салған 3 браконьерге қатысты сот үкімі шықты. Олардың біреуі бір жарым жылға, қалған екеуі бір жылға бас бостандықтарынан айырылды. «Аталған тұлғаларды ұстау барысында Құрманғазы балық инспекциясы бөлімінің бас маманына қарсылық көрсетіп, дене жарақатын салған, содан кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен», — деп хабарлады Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясындағылар. Бұлардан өзге балық қорғау заңнамасын бұзған тағы төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот олардың әрқайсысына 58 мың теңгеден астам айыппұл салды. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айында Шарон өзенінде рейдтік іс-шара жүргізген инспекторлар заңсыз балық аулаумен айналысқан 7…
CaspianLife, 27 шілде — Әлеуметтік желілерде Маңғыстау даласына ұшақтың мәжбүрлі қонғаны туралы хабар тарады. Жергілікті басылымның хабарлауынша, мәжбүрлі қонудың себебі даладағы шаңды дауыл болуы мүмкін. Куәгер әуе кемесін «Газель» көлігі сүйреп бара жатқанын видеоға түсіріп алған. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі басылымға осы оқиға бойынша кезекшінің пультіне шақырту түспегенін хабарлады.
CaspianLife, 27 шілде — Германияның Леверкузен қаласында (Солтүстік Рейн-Вестфалия) қауіпті қалдықтар мен улы заттар сақталатын және жойылатын Currenta химиялық зауытында үлкен жарылыс болды. Апат болған жерде үлкен қара бұлт пайда болып жергілікті тұрғындарға үйден шығуға және терезе ашуға тыйым салынды. Жарылыстың неден болғаны әзір белгісіз. WDR басылымының ақпараты бойынша, ол Currenta компаниясының резервуарлық паркінің аумағында орын алған. Бірнеше адам зардап шеккен. Қауіпті қалдықтар мен улы заттар орналасқан полигонда өрт сөндірушілер кезекшілік етеді. Currenta басқарушы компаниясы зауыттың өрт сөндіру тобы мен авиациялық сынақ машиналары да кезекшілікте тұрғанын хабарлады. Жергілікті тұрғындардан өздерін улы түтіннен қорғау үшін дереу ғимаратқа тығылып, терезелерді жабуды сұрады.…
CaspianLife, 27 шілде — Рио-2016 олимпиадасының күміс жүлдегері қазақстандық боксшы Василий Левит Токио-2020 Олимпиадасында жеңіске жете алмады. 1/8 финалда 91 келіге дейінгі салмақта Левит Испаниядан келген Эммануэль Рейестен жеңіліп қалды. Екінші раундта қазақстандық спортшы нокаутқа кетті. Рейестің келесі қарсыласы — Рио Олимпиадасының чемпионы және үш дүркін әлем чемпионы кубалық Хулио Сезар Ла Крус болады. Бұған дейін де бокстан Қазақстан құрамасы жеңіліске ұшыраған болатын. 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда қарсыласын жеңе алмады.
CaspianLife, 26 шілде — Облыс бойынша Ауыл әкімдерінің сайлауына 33 мыңға жуық тұрғын қатысты. Ел тарихында алғаш рет тұрғындардың өздері таңдау жасап, 18 ауыл әкімі сайланды. Жаңа басшылардың басым бөлігі, нақты айтқанда 16-сы бұл – мемлекеттік қызметкер немесе коммерциялық құрылым мен бюджеттік ұйым қызметкері, 15-і «НұрОтан» партиясы мен енді біреуі «Адал» партиясының өкілі болса, қалған екеуі өзін-өзі ұсынған азаматтар. «Сайланған 18 әкімнің 1-і әйел. 8 ауыл әкімі өз ауылдық округтерінде қайта сайланды. Олардың ішінде 6 экономист, 4 оқытушы, 3 ауыл шаруашылығы қызметкері, 2 заңгер, 1 инженер және тағы екі тұлға өзге мамандық иелері. Сайланған әкімдердің орташа жасы-47», — деп хабарлады…
