CaspianLife, 23 шілде — Атырау облысында бір тәулікте 500-ге жуық адамнан Covid-19 анықталды. Қауіпті вирус жұқтырғандар санының өсі Жылыой ауданында байқалады. Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Тіркелген 489 жағдайдың 278-і Атырау қаласында анықталып отыр. Ал, Теңіз кен орнында 29 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Инфекция облыстың аудандарында да тезтаралуда. Жылыой ауданында — 86, Индер ауданында — 23, Исатай ауданында — 23, Қызылқоға ауданында — 6, Құрманғазы ауданында — 19, Мақат ауданында — 6, Махамбет ауданында-19 адамнан анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 372 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте 186 адам коронавирустан емделіп шықты. Қазір 2848 адам үй жағдайында, 197…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 22 шілде — Forbes журналы Олимпиадалық форма дизайны бойынша үздіктер тізімін жариялады. Стефан Рабимов ол қатарға қазақстандық форманы да қосыпты. Ең үздік костюмдер қатарына АҚШ, Либерия, Ресей, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапониядан келген атлеттер командасы да кіреді. Автор қазақстандық команданың формасын сипаттай отырып түстердің сәтті үйлесімін және ең бастысы — жобадан командалық жұмыстын көрініп тұрғанын атап өтті. Себебі, форма дизайның жасауға спортшылар да қатысқан болатын. «Қазақстан командасының 35 мүшесі өз формасын жасауға тікелей қатысты. Дизайнер Салтанат Баймұхамедова командамен бірге маталарды, түстер мен сәндік элементтерді таңдауда ынтымақтасып, спортшылар Олимпиада жолында қолдау мен ерекше шабыт сезінді. Фирмалық көгілдір түстер палитрасы қазақ…
CaspianLife, 22 шілде — Атырау облысының Төтенше жағдайлар департментінде жаңа басшы. Департаменттің жаңа бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Сәбит Битаев тағайындалды. Құрамға жаңа бастықты Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков таныстырды. Сәбит Битаев 1976 жылы 14 қазанда дүниеге келген. Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары техникалық училищесінің өрт қауіпсіздігі технигі мамандығы бойынша, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтының Өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша түлегі. Әртүрлі уақытта Битаев азаматтық қорғау органдарында басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болды.
CaspianLife, 22 шілде — Гвинея құрамасы коронавирустық пандемияға байланысты Токио Олимпиадасына қатыспайды. Негізінде елді бес спортшы таныстыруы керек болған. Бұл туралы ТАСС агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады. «Гвинея спортшыларының денсаулығын сақтауға алаңдаған үкімет Гвинеяның Токиодағы ойындарға қатысуын тоқтату туралы шешім қабылдады», – деді Гвинеяның спорт министрі Санусси Соу Гвинея Олимпиада комитетінің басшысына жолдаған хатында. Сондай-ақ, AFP ақпарат көзінің хабарлауынша, ойындарға қатыспау туралы шешім елдің қаржылық проблемаларына әсер еткен. «Токио-2020» Олимпиада ойындарының ресми ашылуы 23 шілдеде өтеді. Олар спорт түрлерінің саны (33) және санаттар (339) бойынша ең ауқымдыға айналуға тиіс. Оларға 19 мыңға жуық спортшы және 41 мыңға жуық еріп жүруші…
CaspianLife, 22 шілде — Атырауда жалған куәлік берген ер адам ұсталды. Мұндай ақпаратты Атырау облысы бойынша полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі ұсынды. Хабарламада 17 шілдеде белгісіз ер адам полицияға қоңырау шалып, құрылысы аяқталмаған зауыттардың бірінде жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлады. Полиция аталған аумақты қоршап, қызметтік иттер мен саперлермен бірге тексеру жүргізді. Алайда, көрсетілген жерде жарылғыш құрылғылар табылмапты. «Полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары кезінде жалған шақыру берген 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Күдікті соңғы төрт жыл Атырауда жұмыс істеген Ақтау қаласының тұрғыны болып шыққан. Бұрын соттылығы да бар көрінеді.…
CaspianLife, 22 шілде — Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі «Hayat-Vax» вакцинасының екінші компоненті қашан жеткізілетіні туралы хабарлады. Бүгінге дейін облысқа «Hayat-Vax» вакцинасының I және II компоненттерінің 35 000 дозасы жеткізілді. Оның ішінде I компоненттің 18 551 дозасы және II компонентінің 16 449 дозасы игерілген. «21 шілдеде Атырау қаласының емханаларына облыстық фармацевтикалық қоймадан «Hayat-Vax» вакцинасының II компонентінің 220 дозасы жіберілді. Бүгін, 22 Шілдеде аймаққа вакцинаның II компонентінің қосымша 1000 дозасы келеді», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Hayat-Vax вакцинасының II компонентінің қалған 882 дозасы да жақын арада аймаққа жеткізіледі деп жоспарлануда. Еске сала кетейік, БАӘ шығарған…
CaspianLife, 22 шілде — Атырау облысында бір тәулікте 386 адамнан Covid-19 анықталды. Қауіпті вирустың басты ошағы Атырау қаласы болып отыр. Бұл туралы жергілікті Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Тіркелген 386 жағдайдың 233-ы Атырау қаласында анықталып отыр. Ал, Теңіз кен орнында 36 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Инфекция облыстың аудандарында да тез таралуда. Атап айтқанда, Жылыой ауданында — 34, Индер ауданында — 24, Исатай ауданында — 6, Қызылқоға ауданында — 17, Құрманғазы ауданында — 15, Мақат ауданында — 5, Махамбет ауданында -16 адам анықталды. Коронавирустық инфекциясы бар 281 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 170 адам емделіп шықты. Бүгінде 2542…
CaspianLife, 21 шілде — Коронавируспен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне төлемдер 1 тамыздан бастап екі есеге қысқарады, ал 1 қазаннан бастап мүлдем берілмейді. Бұл туралы «Covid-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасында хабарланды. Денсаулық сақтау министрлігі жәрдемақыны алып тастауға халықты вакцинациялау және медицина қызметкерлеріне коронавирустан жеке қорғаныс құралдарын жеткілікті мөлшерде беру себеп болғанын түсіндірді. Оның орнына дәрігерлерге арнайы психоэмоционалды және зиянды жағдайларда жұмыс істегені үшін үстемеақылар мен қосымша ақылар тағайындалмақ. Оларға мына мамандар жатады: реаниматолог-анестезиолог дәрігерлер; инфекционисттер; реаниматология және анестезиология бөлімшелерінің анестезистері; эпидемиологтар; МСАК психологтары мен…
CaspianLife, 21 шілде — Ақмола полицейлері Біржан Сал ауданында «құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында танкке қарсы екі минаны залалсыздандырды. Миналар 19 шілдеде табылды. Сол кезде оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы Біржан Сал мен Ақмола облысы ПД оқу-жаттығу взводының қызметкерлері шығып, табылған заттардың «у-ОЗМ-72» екенін анықтады. Жарылғыш заттар коррозияға және механикалық зақымға ұшыраған. Бұрын миналар табылған жердің аумағында «Юбилейная» шахтасына тиесілі жарылғыш заттар қоймасы болған. Шахта 1990 жылы жабылған.
CaspianLife, 21 шілде — Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Маңғыстау облысында коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі республикалық штабтың отырысы барысында өңірде соңғы ай ішінде инфекциялық төсек-орын мен науқастар санының қарқынды өсуі байқалғанын айтты. Облыста стационарлық ем қабылдап жатқан тұрғындар саны шілде айының басынан бастап үш есеге артты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Сонымен бірге, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният жергілікті төсек қорының ауыр жүктемелерін атап өтті. «Ақтауда инфекциялық төсектердің 64,2%-ы және реанимациялықтың 69%-ы бос емес. Жаңаөзенде инфекциялық төсектердің қамтылуы 80% — ды, реанимациялық төсектердің қамтылуы 43,7% — ды құрады. Сонымен қатар, Ақтауда облыстық перинаталдық орталық деңгейінде реанимациялық төсектердің тапшылығы туындауда,…
