CaspianLife, 15 шілде — Атырауда Дина базарындағы пункттен вакцина алғаннан кейін есінен танып қалған жігітке қатысты бейнежазба тұрғындар арасында түрлі ой-пікір тудыруда. Дәрігерлердің айтуынша Өзбекстан Республикасының 22 жастағы азаматы 14 шілде күні вакцинаның 2 компонентін алған соң жарты сағат мейірбикелердің бақылауында болады. Содан кейін ол вакцина алғандығы жөнінде паспортты талап еткен. Құжаттың тек келесі күні берілетіндігі айтылғанмен азамат оған көнбеген. Кейін өзінің жұмыс берушісін ертіп келіп, вакцинация пунктінде кезекте тұрған адамдарды екпеден бас тартуға үгіттеп, медицина қызметкерлеріне дөрекілік танытқан. Артынша есінен танып қалыпты. «Біз паспорт расталғаннан кейін келесі күні дайын болатынын түсіндіріп айттық. Бірақ ол «сіздер өтірік істейсіздер, мына жерден…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 15 шілде — Армения Қорғаныс министрлігі Ереваннан 70 шақырым жерде Әзербайжанмен шекарада болған атыс кезінде армян сарбазы қаза тапқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі атыс сәрсенбі күні Атырау уақыты бойынша 11.30-да Арарат облысының Ерас ауылы маңындағы шекара учаскесінде болғанын хабарлады. Ведомство өкілдері Ереван қатаң реакция туралы ескертіп, «Әзербайжан тарапының кезекті арандатуын қатаң айыптайтынын» мәлімдеді. Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі де өздерінен әскеридің жарақат алғанын мәлімдеді. «14 шілдеде шамамен сағат 10.00-де армян қарулы күштерінің әртүрлі калибрлі қарудан жасалған бөлімшелері армян-әзербайжан мемлекеттік шекарасындағы Нахичеван Автономиялық Республикасының Садарак ауданы бағытындағы Әзербайжан армиясының позициясына оқ жаудырды. Соынң кесірінен…
CaspianLife, 15 шілде — Талаптың қатаңдығы шектен шығып кетті. Испанияның конституциялық соты пандемия басталар тұстағы оқшаулау мен оның ережелерін бұзғандарға тағылған айыптың заңсыз екенін айтты. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, билік бұл шешімге оң көзқараспен қарай отырып, карантин 2020 жылдың көктеміндегі ауру жұқтыру мен өлім санының көбеюіне байланысты орнатылғанын жеткізген. Испания соттың шешімін талқылап жатқан тұста Грекия халқы үдере көтерілді. Афиныда мыңдаған адам 15 жастан асқан жасөспірімдерге салынады деген жоспарлы вакцинацияға қарсы бас көтерді. Көшеге шыққандардың барлығы парламент үйінің алдына келіп «Вакцинация – у» деп ұрандатқан. Ал Париж полициясы өз халқына қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып, шеруге шыққандарды таратпақ болды.…
CaspianLife, 15 шілде — Ауған тәліптері Пәкістанмен шекарадағы Спин-Болдак өткізу бекетін өз бақылауларына алғанын хабарлады. Бұл – олар үшін маңызды қадам. Өйткені, тәліптердің қатары дәл осы шекара бекетінің арқасында көбейіп келген. Енді олар бүкіл ауған аумағын уысында ұстауды мақсат етіп отыр. Қазірдің өзінде Тәжікстан, Түрікменстан және Иранмен арадағы бас қақпа – осылардың қолында. Ал Ауғанстанның ресми билігінде Кабулдан бөлек, аз ғана аудан қалып отыр. Осы орайда, БҰҰ босқындар санының күрт көбеюіне алаңдаушылық білдірді. «Босқындар мәселесімен айналысатын агенттік Ауғанстанда гуманитарлық дағадрыс болатыны туралы ескертіп жатыр. Қалай болғанда да, күн өткен сайын күрделене түскен кикілжің қарапайым адамдардың өміріне кесір болуда. Егер екі…
CaspianLife, 15 шілде — Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына осындай мөлшерде айыппұл салынды. Оған акционерлік қоғамның айналасында орналасқан кәсіпорындардан электр энергиясы үшін алынған 6 млн 300 мың теңгені толық игермеуі себеп болған. Яғни, әуежай есепшілері қомақты қаражаттың небары отыз теңгесін өз мақсатына жұмсауды ұмыт қалдырыпты. «Табиғи монополиялар туралы Заңға сәйкес, субъект тарифтік сметаны орындауға міндетті. Мұны әуежай басшылығы орындамағандықтан оларға 4,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды. Алайда, әуежай департаменттің шешімімен келіспей, бізге материалды сотқа жіберу туралы өтініш жолдады», — дейді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің АОД басшысы Әлібек Төлеп. Қазір департамент 53 монополисттің жұмысын реттеуге…
CaspianLife, 15 шілде — Бүгін Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы» №15 қаулысына қол қойылды. Қаулыда Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шараларын енгізу туралы айтылған. Бұл ретте, шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін екендігі атап өтілді. 17 шілдеден бастап күшіне енетін қаулының негізгі тармақтары: Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға: Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде…
CaspianLife, 15 шілде — Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Өзгерістер covid-19-ға қарсы вакцинациялаудан өтпеген әртүрлі объектілердің қызметкерлерін вакцинациялау мерзімдеріне қатысты болды. Соңғы үш айда тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және коронавируспен ауырған адамдарға ғана ерекше жағдай жасалады. «2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде қызметкерлердің бірінші компонентімен, ал 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде covid-19-ға ақрсы екпенің екінші компонентімен (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және covid-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын. КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты/уақытша медициналық қарсы айғақтардың болуы туралы анықтаманы учаскелік дәрігер (ол болмаған жағдайда фельдшер) жұмыс орнына…
CaspianLife, 15 шілде — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының шешімімен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Бас директоры болып Арман Қайырденов тағайындалды. Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Шухрат Данбай қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі. Арман Қайырденов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген, инженер-химик-технолог біліктілігі бар. 2003 жылы РФ Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясынан мұнай бизнесі мамандығы бойынша білім алып шыққан. Еңбек жолын 1993 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында Технологиялық қондырғы операторы ретінде бастаған. Зауытта әртүрлі лауазымда13 жыл жұмыс істеп келген. Сондай-ақ, әр жылда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу департаменті директорының орынбасары, Rompetrol Rafinare S. A компаниясының бас директорының…
CaspianLife, 14 шілде — ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысын өткізді. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі жағдай туралы Нұр — Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан баяндады. Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі. Covid-19 ауруы өсуде. Коронавирустың «дельта» штаммының өсуі барлық аймақта тіркелген. Вирустың репродуктивтік индексі — 1,2, инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылуы – 43%, реанимациялық-35%. Коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта 12 өңір бар. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары,…
CaspianLife, 14 шілде — Мәдениет және спорт министрлігі Алматыдағы Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы төңірегіндегі жанжалға қатысты пікір білдірді. Мұражайға кондиционерлердің шуы үшін айыппұл салынған болатын. Ол шу музейге жақын жерде салынған Central Esentai Residence тұрғын үй кешенінің тұрғындарына кедергі келтіріпті. Мұражай Республикалық маңызы бар қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып табылады және 1983 жылдан бастап тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне кіреді. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамада іргелес аймақтар шегінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге шектеулер белгіленген. «Бұл ретте заңда қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлау, салу және қайта жаңарту жобалары, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері бар…
