CaspianLife, 15 шілде — Бүгін Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы» №15 қаулысына қол қойылды.
Қаулыда Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шараларын енгізу туралы айтылған. Бұл ретте, шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін екендігі атап өтілді. 17 шілдеден бастап күшіне енетін қаулының негізгі тармақтары:
Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға:
- Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарындағы жұмысшылар COVID-19-ға қарсы екпенің толық курсын (вакцинацияның толық курсынан кейін 14 күн өткен соң) алғаны туралы құжаты болғанда COVID-19-ға ПТР әдісімен тексерілмейді және оқшаулануды қажет етпейді. Екпе алмаған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі бар жұмысшылар 7 күн оқшаулауға жатады.
- COVID-19-бен сырқаттанған науқаспен қарым-қатынаста болған (жақын қарым-қатынаста) адамдар вакцинациялаудың толық курсын (вакцинацияның толық курсынан кейін 14 күн өткен соң) алғанын растайтын құжаты болған жағдайда аурудың клиникалық белгілері болмаса ПТР әдісімен тексерілмейді және оқшауланбайды. Вакцина алмаған, жақын қарым-қатынаста болған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі бар адамдар 14 күн оқшаулауға жатады.
«Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан тоқтатылсын:
- көпшілік іс-шараларды (мерекелік, көпшілік мәдени іс-шараларды, көрмелерді, корпоративтерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
- ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық үй-жайдағы, соның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі балалар ойын-сауық орталықтары мен аттракциондардың, ойын алаңдарының (ауладағыларды қоспағанда), кальян, букмекерлік кеңселердің, ойын клубтарының, түнгі клубтардың, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің қызметіне;
- көрермендері бар спорттық іс-шараларды өткізуге;
- ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлерінің жұмысына (демалыс саябақтарында, алаңдарда), бассейндері бар аквапарктердің;
- алаңдардағы, саябақтардағы, скверлердегі, жағалаудағы балалардың, ересектердің жылжымалы ойын құралдарының ұсақ бөлшек саудасына, жалға беруге;
- қаларалық, облысаралық, қалалық жүйелі және жүйелі емес автобус және шағын автобус тасымалдарына;
- жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды оффлайн режимде өткізуге, тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізуге рұқсат етумен;
Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеу:
- мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыруды қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс жасау үшін ұйымдар, офистер қызметкерлерін COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда егілмеген қызметкерлер арасынан пайыздық арақатынасын ескеріп жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдардың және CОVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі;
- «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан банктердің, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі–ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс уақытын 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен ұйымдастыру, сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салу. Карантин шараларын сақтау үшін ХҚКО-ға және мамандандырылған ХҚКО-ға алдын ала Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» телеграмм-ботпен брондау арқылы бару ұсынылады;
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарындағы мемлекеттік кірістер мекемелерінің жұмысы жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кірістер органдарына (Атырау қ. бойынша МКБ-ы) www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы алдын ала брондау немесе қалған өңірлердегі аумақтық басқармаларға қоңырау шалу арқылы алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсету ұсынылады;
- сабақтан тыс уақытта топтарда оқушыларды жеке оқыту, балалар түзету (коррекция) кабинеттері, балаларға және ересектерге білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) жазылу бойынша жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан сенбі, жексенбі күндері жұмыс жасауға тыйым салу;
- мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының (саны 15 баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуын сақтау;
- балаларды сауықтыру ұйымдарының жұмысы 30%-дан артық емес толтырумен;
- медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялар алдын ала жазылу бойынша;
- халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілер (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және т. б.) толтырылуы 50%-дан артық емес;
- діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) толтырылуы 30%-дан аспайтын және бір келушіге кемінде 5 м2 қамтамасыз ете отырып, жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей жұмыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етілсін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;
- азық-түлік сататын жабық және азық-түліктік емес жабық және ашық базарлардың жұмыс кестесі — күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салумен;
- азық-түлік сататын ашық базарлардың жұмыс кестесі — күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаумен жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салумен;
- «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан сауда үйлері мен сауда-ойын сауық орталықтарына (павильондар, бутиктер), сауда желілеріне тек жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (толтырылуын объект сыйымдылығының 30%-нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, олардың ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттерді, дәріханаларды және CОVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.
- қоғамдық тамақтану объектілеріне, фудкорттарға, соның ішінде жазғы алаңқайларға сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін 20.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп) жұмыс жасауға рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады (тамақты жеткізуге бойынша жұмысқа рұқсат беріледі);
- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (объектінің толтырылуы 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен) рұқсат етіледі, «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;
- спорт кешендері, фитнес орталықтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдары алдын ала жазылу бойынша тек қана жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілері үшін 20.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 50%-ынан асырмай 1 келушіге кемінде 5 ш.м есебінен), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
- сауналар, СПА орталықтары, бассейндер алдын ала жазылу бойынша тек қана жұмыс күндері 07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілері үшін 20.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 50%-ынан асырмай 1 келушіге кемінде 5 ш.м есебінен), сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;
- мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының, филармониялардың қызметіне жұмыс күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілері үшін 20.00-ге дейін сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады;
- компьютерлік клубтардың, караоке, бильярд, боулингтерге сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін 20.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей) жұмыс жасауға рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
Қоғамдық көліктің жұмыс режимі жұмыс күндері және сенбі күні сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен, барлық есіктерін ашуымен белгіленсін, жексенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынсын. Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізу қамтамасыз етілсін. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі.
Осы қаулы 2021 жылғы 17 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.