Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 21 шілде — Бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.  Асқар Мамин өңірге жұмыс сапары барысында облыс әкімі Серікбай Трумовтың өңірдегі мал шаруашылығы саласындағы қалыптасқан жағдай және құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарды жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамасын тыңдады. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, көршілес Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан шөп жеткізу және сату қолға алынған. «1 200 тоннадан астам арпа әкелінді, олар фермерлерге нарықтық бағадан төмен бағамен сатылды. Үкімет Маңғыстау облысында аналық мал басы үшін азық шығынын ішінара өтеуге 1,9 млрд теңге бөлді», — делінген баспасөз қызметінің…

Read More

CaspianLife, 21 шілде — Грузияда Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты іс бойынша сараптама нәтижелері жарияланды. Медициналық тексеру нәтижесінде Айтпаевтар отбасының туысы Мұрат Мейірбеков тарапынан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактісі расталды. Еске сала кетейік, Әсел Айтпаева мамыр айының басында Грузияда көз жұмжы. Полиция күдікті Бесик Тордуаны ұстады. Грузия ІІМ мәліметінше, ол өлтіремін деп қорқытып, қызды зорлаған, мұндай қорлыққа шыдамаған қыз тоғызыншы қабаттан секірген. Оған 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнді. Бірақ, айыпталушы ауруханаға түсіп, кенеттен қайтыс болады. Өлім себебі анықталуда. Одан бөлек, бұл іске тағы бір ер адам, яғни марқұмның туысы Мұрат Мейірбековтың да қатысы бар екендігі белгілі…

Read More

CaspianLife, 21 шілде — Соңғы үш күнде Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустан төрт адам көз жұмған. Оның ішінде 1 жасқа жаңа туған сәби де бар, деп хабарлайды өңірдің денсаулық сақтау басқармасы. Дәрігерлер вирус балаға тек туыстары арқылы жұғуы мүмкін екенін айтты. Күн сайын облыстың инфекциялық стационарларының реанимациялық бөлімшелеріне кемінде жеті адам түседі. Инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі шілде айының басынан бастап 27% — дан 47% — ға дейін өсті. Қазір аймақтың 400-ге жуық тұрғыны коронавирустан емделуде, ал 11 науқастың жағдайы өте ауыр және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Денсаулық сақтау басқармасы облыстың инфекциялық стационарларында жатқан науқастардың ешқайсысы Covid-19-ға қарсы вакцина алмағанын атап өтті.

Read More

CaspianLife, 21 шілде — Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесіндегі жатақхананың ішінара құлауы салдарынан қаза болғандар саны үшке дейін өсті. ТЖ себептері анықталуда. Зардап шеккен 8 адам ауруханаға жеткізілді. Тексерістен кейін олардың төртеуі мекемеге қайтарылды. Қалғаны дәрігер бақылауында. «Зардап шеккендердің бірі ауыр халде, үшеуі орташа ауырлықтағы түрлі жарақаттар алған. Оларға туыстарымен бейне байланыс арқылы сөйлесуге мүмкіндік берілді», – делінген хабарламада. Ауруханада жатқан сотталғандарға ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен ҚАЖ комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов келген. Сондай-ақ, ҚАЖ комитетінің өкілдері қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Зардап шеккен сотталғандарға және қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Маңғыстау облысының…

Read More

CaspianLife, 21 шілде — Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) Pegasus бағдарламасының нысанасы болған Қазақстан құқық қорғаушыларының, журналистері мен саясаткерлерінің есімін жаңартты. Тізімде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, премьер-министр Асқар Маминнің және Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есімдері пайда болған.  Тізімде бар адамның телефон нөмірі түпкілікті бұзылды дегенді білдірмейді, бірақ ең аз дегенде ол NSO Group клиенті үшін қызығушылық тудырған деп болжайды. Аталған адам есімдері таргетинг үшін таңдалған қазақстандық нөмірлердің шағын үлгісі болып табылады, деп түсіндірді OCCRP-де. Еске салсақ, Pegasus Project журналистік консорциумы тергеу жариялады, оған сәйкес бірқатар елдің үкіметі NSO Group израильдік компаниясының Pegasus бағдарламалық жасақтамасының көмегімен Қазақстанды қоса алғанда,…

Read More

CaspianLife, 21 шілде — Шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы, халықаралық гроссмейстер Ринат Джумабаев Сочиде өтіп жатқан ФИДЕ 2021 Әлем Кубогында әлемнің вице-чемпионы, АҚШ гроссмейстері Фабиано Каруанды жеңді. «Бүгінгі турдағы жеңіс біздің құраманың көшбасшысына оңай болған жоқ, себебі ол қара түсте ойнады. Алайда, табанды күрес барысында фигуралардың стандартты емес қатынасы бар позиция пайда болды және Ринат қарсыласын жеңе алды. Кешегі турда қазақстандық гроссмейстер тең ойнады. Осылайша, 1.5:0.5 есебімен Ринат ФИДЕ әлем Кубогының келесі кезеңіне өтіп, осы турнирдің басты фавориттерінің бірін артта қалдырды», – деп түсіндірді Қазақстан шахмат Федерациясында. 2018 жылы Каруана үміткерлер турнирінің жеңімпазы атанып, қазіргі чемпион Магнус Карлсенмен әлем чемпионы атағы…

Read More

Еуроодақ Әзербайжан мен Армения арасына араша болуға әзір екенін білдірді. Бұл туралы Бакуде Ильхам Алиевпен кездесу өткізген Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишель мәлімдеді. Оның сөзінше, Еуропалық Одақ ОБСЕ-нің ортаны ұстау қағидасымен келіседі. Сонымен қатар, Брюссель бейбіт күндердің одан әрі созыла түсуі үшін әртүрлі идея тастауға бейілді екенін білдірді. «Біз сол аймақта толық бейбітшілік орнатудың алғышарты ретінде тұрақтылық пен қауіпсіздікке негізделген кез келген амалды қарастыруға дайынбыз. Осы орайда Әзербай президентімен кездесудің сәті түсті. Тіпті, Армения премьер-министрімен де тілдестім. Жалпы, біз қай-қай тарапқа да тиімді ұсыныс тастап, екіжақты келісімнің нығая бергенін қалаймыз» деді Еуропалық Кеңестің төрағасы. Шарль Мишель Бакуға дейін Ереванға сапарлап,…

Read More

ОПЕК+ альянсына мүше елдер жыл соңына дейін мұнай өндірісін қалпына келтіретін болып уағдаласты. Сондай-ақ, келісім мерзімін болашақта да созу мүмкіндігін қарастырды. Сарапшылар бұл шешімге Таяу Шығыстағы мемлекеттердің өзара қайшылықтары реттелген тұста келіп отыр. Бұған дейін талапты орындаудан бас тартқандардың қатарында Біріккен Араб әмірліктері болды. Олар алдымен базалық нұсқауларды қайта қаруды ұсынған еді. Яғни, мұнай өндіруді көбейту немесе азайту барысында есептелінетін квота мәселесіне мән берген. Абу-Даби тарапы осы жерге келгенде әділетсіздік болғанын алға тартады. Нақтырақ айтқанда, олар сол арқылы елдегі өндірісті дамытуға кеткен шығынды қайтару мүмкін еместігін айтқан. Екі аптаға созылған кездесуден кейін Сауд Арабиясы Әмірлік қойған талаптарды орындауға келісім берді.…

Read More

Бельгиядағы су тасқынан 20 адам қайтыс болды. Ертең елде төтенше жағдайдан қаза тапқандардың құрметіне қаралы күн жарияланбақ. Сондай-ақ, із-түссіз жоғалғандардың қатарында тағы да жиырма шақты адам бар. Бір күн өткен соң, яғни сәрсенбі күні ұлттық мереке – Патшаның ант қабылдауы аталып өтпек. Дегенмен осыған дейін кең көлемде аталып келген мейрам қысқартылған форматта ұйымдастырылады деген жоспар бар. Бұған бірінші себеп ретінде коронавирус аталса, екіншіден, шеруге қатысатын әскерилер нөсерден кейінгі құтқару жұмыстарынан босамай жатыр. Жалпы, мұндай табиғи апат Бельгияда соңғы 100 жылда болмаған.  Мыңдаған адам әлі күнге туған шаңырақтарына қайта алмай отыр. Кейбір жолдарды су шайып кетуіне байланысты тұрғылықты жеріне жете алмай…

Read More

Германия канцлері Ангела Меркель Рейнланд-Пфальц аймағының су тасқынынан зардап шеккен Шульд елдімекеніне табан тіреді. Ол жергілікті халықпен кездесіп, құтқарушылар мен еріктілерге ерекше алғыс білдірді. Дегенмен елдің батысында іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жүздеген адам – жоғалғандар санатында. «Мұнда Рейнланд-Пфальц премьер-министрімен бірге бекер келмедім. Біз күтпеген жағдайға толық қаныққымыз келді. Өте ауыр екеніне көз жеткіздік. Тіпті, неміс тілінде мұндай қиындықты бейнелейтін сөз жоқ десем де болады» деді канцлер. Қазіргі уақытта аумақта үйінділерді жинастыру жұмыстары атқарылуда. Халықтың көп бөлігі әлі де жарықсыз, газсыз және ұялы байланыссыз отыр. Ангела Меркель жергілікті тұрғындарға мемлекеттен ақша бөлінетінін және қирап қалған инфрақұрылымды қайта қалпына келтіру…

Read More