Еуроодақ Әзербайжан мен Армения арасына араша болуға әзір екенін білдірді. Бұл туралы Бакуде Ильхам Алиевпен кездесу өткізген Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишель мәлімдеді.
Оның сөзінше, Еуропалық Одақ ОБСЕ-нің ортаны ұстау қағидасымен келіседі. Сонымен қатар, Брюссель бейбіт күндердің одан әрі созыла түсуі үшін әртүрлі идея тастауға бейілді екенін білдірді.
«Біз сол аймақта толық бейбітшілік орнатудың алғышарты ретінде тұрақтылық пен қауіпсіздікке негізделген кез келген амалды қарастыруға дайынбыз. Осы орайда Әзербай президентімен кездесудің сәті түсті. Тіпті, Армения премьер-министрімен де тілдестім. Жалпы, біз қай-қай тарапқа да тиімді ұсыныс тастап, екіжақты келісімнің нығая бергенін қалаймыз» деді Еуропалық Кеңестің төрағасы.
Шарль Мишель Бакуға дейін Ереванға сапарлап, Армения билігіне 2,6 млрд еуро көлемінде қаржылай көмек беретінін мәлімдеген еді.