CaspianLife, 22 шілде — Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі «Hayat-Vax» вакцинасының екінші компоненті қашан жеткізілетіні туралы хабарлады. Бүгінге дейін облысқа «Hayat-Vax» вакцинасының I және II компоненттерінің 35 000 дозасы жеткізілді. Оның ішінде I компоненттің 18 551 дозасы және II компонентінің 16 449 дозасы игерілген.
«21 шілдеде Атырау қаласының емханаларына облыстық фармацевтикалық қоймадан «Hayat-Vax» вакцинасының II компонентінің 220 дозасы жіберілді. Бүгін, 22 Шілдеде аймаққа вакцинаның II компонентінің қосымша 1000 дозасы келеді», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Hayat-Vax вакцинасының II компонентінің қалған 882 дозасы да жақын арада аймаққа жеткізіледі деп жоспарлануда.
Еске сала кетейік, БАӘ шығарған Sinopharm компаниясының «Hayat-Vax» қытайлық вакцинасын «Самрұқ Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры сатып алған болатын. Бірінші кезекте вакцина «Самұрық-Қазына» холдингі контингентінің қажеттіліктері үшін пайдаланылды. Қалған «Hayat-Vax» халықты вакцинациялау үшін өңірлерге берілді.