CaspianLife, 18 тамыз — Атырау облысы бойынша 8 мыңнан астам адам үй жағдайында ем алуда. Тағы 1 789 адам инфекциялық стационарларда жатыр.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өткен тәуліктің қорытындысы бойынша (сейсенбі, 17 тамыз) өңірде коронавирустық инфекцияның 550 жаңа жағдайы тіркелген. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 241 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында — 185, Жылыой ауданында — 27, Индер ауданында — 26, Исатай ауданында — 17, Қызылқоға ауданында — 27, Құрманғазы ауданында — 2, Мақат ауданында-15, Махамбет ауданында-10 жаңа жағдай анықталып отыр.
Коронавирустық инфекциясы бар 340 науқаста ауру тиісті белгілермен жүруде, 210 адамда белгілер жоқ. Қазіргі уақытта (18 тамыз күні таңертеңгі мәліметтерге сәйкес):
— үй жағдайында — 8 143 адам;
— модульдік ауруханада — 192 науқас;
— екінші облыстық ауруханада — 189 науқас;
— фтизиопульманологиялық орталықта — 97 пациент;
— кардиоорталықта — 101 адам;
— т / ж ауруханасында — 106 науқас;
— аудандық инфекциялық стационарларда — 387 адам;
— облыстық ауруханада — 176 науқас;
— жатақханаларда — 129 пациент;
— Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда — 412 адам ем алуда.
Бүгінгі күні, 18 тамызда Атырау облысының барлық инфекциялық стационарында жалпы алғанда 1 789 пациент ем алуда. Реанимация бөлімшелерінде 100 пациент бар, олардың 14-і ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Өткен тәулікте, 17 тамызда Атырау облысында COVID-19-дан жеті адам қайтыс болған.