Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 18 қазан – Қайғылы оқиға «Бейнеу-Боранқұл» тасжолында болған. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қазан күні сағат 00:30 шамасында Бейнеу полиция бөліміне «Бейнеу-Боранқұл» тасжолындағы жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түскен. 1949 жылы туған жүргізуші «ГАЗ-3110» автокөлігімен келе жатып, жолға атып шыққан түйені қағып кеткен. «Нәтижесінде бір жолаушы жарақат алған. Өкінішке қарай, ол оқиға орнында қайтыс болған»,- делінген баспасөз хабарламасында. Полицейлер жол көлік оқиғасына себепші болған түйеге жарық беретін лента және құлағына сырғасы тағылмағанын анықтады. Сотқа дейінгі тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайлары анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Read More

CaspianLife, 18 қазан – Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Атырау мұнай өңдеу зауытында дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. Ведомство басшысына ішкі нарықтағы ағымдағы жағдай туралы баяндалды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ деректері бойынша отандық мұнай өңдеу зауыттары барынша​ жүктелген. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бекітілген жоспардан асыра өндірілуде. «Айта кету керек, тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанда дизель отынын нормадан тыс жоғары тұтынуы тіркелді.​ Бұның​ себебі, дизель отынының бағасы төмен болғандықтан, оның транзиттік жүк көліктері​мен ағыны орын алды.​ Бүгінгі таңда осы жағдай қолмен басқару режиміне көшті.​ Энергетика министрлігі нарықты тез арада тұрақтандыру және сапалы отынмен қамтамасыз ету міндетін қойды. Күн сайын Шымкент зауытында шамамен…

Read More

CaspianLife, 14 қазан – Әлеуметтік желіде Ақтауда жаппай төбелес ұйымдастырған жастардың видеосы тарады.  Маңғыстау облыстық Полиция департаменті аталған видеоға қатысты ақпарат таратты. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 қазанда болған. Сол күні сағат 23:38 шамасында «102» кезекші пультіне 27 және 28-шағынаудандар аралығында төбелес болып жатқаны туралы шақыру түсті. Маңғыстау облыстық ауруханасына ешкім дене жарақатымен жүгінбеген. «Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Барлық бейнебақылау камералары тексеріліп, тұлғаларды анықтау жұмыстары жүріп жатыр»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Read More

CaspianLife, 14 қазан – Атырау облысында шетел азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырудың 2 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өңірде «Заңсыз мигрант-Кордон» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Оның барысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың 2 дерегі анықталған. Қазір аталған фактілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ рейд барысында құрылыс нысанында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының 42 азаматы анықталды. «Қазір шетелдіктер қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Соңғы үш күнде 386 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен 7 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 98 азаматына…

Read More

CaspianLife, 14 қазан – Атыраулық полицейлер бір аптада хабар-ошарсыз кеткен 7 жасөспірімді үйлеріне қайтарды.    4-10 қазан күндері аралығында Атырау қаласы Полиция басқармасының “102” операторына жасөспірімдердің өздерінің тұрғын-жайларынан хабар-ошарсыз кету фактісі бойынша 7 хабарлама келіп түскен. Аталған оқиғалар бойынша барлық жасөспірімдерді полиция қызметкерлері тауып, ата-аналарына табыстады.    Мысалы, 12 қазан күні сағат 00:28 шамасында Атырау қаласы ПБ-ның “102” операторына 36 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, 8 қазан күні сағат 12:00 шамасында 14 жасар ұлының тұрғылықты мекенжайынан шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткендігін айтып, хабарлама қалдырған.    Хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде аталған жасөспірім аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылған.    14…

Read More

CaspianLife, 13 қазан – Елімізде ревакцинация мерзімі белгілі болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті. «Ревакцинацияның басталуы 2021 жылғы қарашаның III онкүндігінен басталады. Ревакцинациялауға жататын негізінен тәуекел топтары (медицина мамандары, педагогтар, жергілікті өзін-өзі басқару және жабық мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ қарулы күш құрылымдарының қызметкерлері). Сонымен қатар 60 жастан асқан және өздігінен зерттеуден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар жандар», — деп жазды Алексей Цой өзінің Facebook парақшасында. Оның айтуынша, ревакцинация үшін вакцинаның 1 ғана дозасы пайдаланылады. Айта кетейік, кейбір вакциналар адам өмірінде бір рет қана жасалса жеткілікті, ал кейбір вакциналар белгілі бір уақыт өткенде…

Read More

CaspianLife, 13 қазан – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Артур Платонов барлық деңгейдегі аттракциондарға жүйелі қадағалауды қамтамасыз етуді сұрады. «Қарағандыда екі баланың анасы «тарзанкадан» секіріп көз жұмды. Кеше бұқаралық ақпарат құралдарында аттракцион нұсқаушысы ұсталғаны хабарланды. «Nur Otan» фракциясының депутаттары демалыс әрі ойын-сауық саябақтарының, аттракциондардың техникалық жағдайына, балалар алаңдары қызметін бақылау мәселелері бойынша жүйелі шаралар қабылдау үшін бұған дейін бірнеше рет Үкіметке үндеу жасаған еді», — деді А. Платонов Премьер-Министрдің орынбасары Романа Склярдың атына жолдаған сауалында Осы орайда ол қайғылы оқиғаларды тексеру кезінде аталған жабдықтарды орнатуда ережені өрескел бұзу фактілері анықталып отыратынын айтты. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар аталған жабдықтарды орнатуға…

Read More

CaspianLife, 13 қазан – 111 млн теңге жымқырды деп айыпталған Атырау облыстық Білім басқармасы басшысының экс-орынбасары 7 жылға сотталды.  №2 Атырау қалалық сотында облыстық Білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты іс қаралды. Басшы орынбасары 2015 жылдан 2020 жылға дейін өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, серіктесімен бірге бюджеттің 111 млн теңгесін жымқырған. «Осы қаржының 54 млн теңгесін өзі алып, қалғанын серіктесі иеленген. Олар қылмысты өздеріне жалақыны заңсыз есептеу арқылы жасаған. Шенеунік ақшаны өзінің банк картасына, сондай-ақ анасының картасына аударған», — делінген іс материалында. Сот тергеуі кезінде шенеунік өз кінәсін мойындап, өкінген. Ол жымқырған қаржыны толық қайтарған. Сот үкім шығару кезінде сотталушының кәмелетке…

Read More

CaspianLife, 13 қазан –  Елімізде азық-түлік бағасы ай емес, апта сайын көтеріліп жатыр. Ал жаңа жылдан бастап жұмыртқаның бір данасы 70 теңгеге жетеді деген болжам бар. Себебі, 2022 жылы әр жұмыртқаға 3 теңгеден берілетін субсидия мүлде алынып тасталуы мүмкін. Қазірдің өзінде бес бірдей ірі құс фабрикасы бар Ақмола облысында 10 дана жұмыртқа 360-тан 550 теңгеге бір-ақ жеткен. Атырау облысында ұн, сұйық май мен қарақұмық бағасы шарықтаған. Азық-түлік бағасының бұлай тоқтаусыз өсуі инфляцияға да кері әсерін тигізді. Өткен айдың өзінде оның деңгейі 8,9 пайызды құраған. Атырау облысында да азық-түлік бағасын ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Орталық базарда көтерме бағамен сауда жасайтындар отандық…

Read More

CaspianLife, 13 қазан – Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары қаладағы абаттандыру жұмысына қатысты рейдтік іс-шара өткізген. «Учакелік полиция инспекторлары өздеріне бөлініп берілген аумақты аралауды жандандырды. Оларға жүктелген міндеттің қатарында тұрғындардарға еліміздің заңдылығын сақтау, соған сәйкес жауапкершілікті ескерту мен түсіндіру бар. Инспекторлар «Учаске» профилактикалық-жедел іс-шарасы кезінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабын бұзғаны үшін (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін) 70-тен астам адамды жауапкершілікке тартты. Заңдылықты бұзған 50 адамға айыппұл салынып, 20-дан астамына ескерту берілді», — дейді Атырау қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айымбек Қазбеков.

Read More