Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 28 қазан – Атырауда түнгі уақытта құрылыс нысанында құрылысшыларды тонап кеткен төрт күдікті ұсталды.  Келтірілген шығынның жалпы сомасы 600 мың теңгеден астам. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 10 қазан күні сағат 03:30 шамасында белгісіз біреулер Нұрсая ықшамауданында салынып жатқан үйлердің бірінің екінші қабатында ұйықтап жатқан құрылысшылардың ақшасы мен заттарын ұрлап кеткен. Нұрсая шағын ауданында. Ол кезде келтірілген шығын 414 мың теңге болған. Сол түні белгісіз біреулер Атырау ықшам ауданындағы құрылыс алаңына кіріп, жалпы сомасы 240 мың теңге тұратын бірнеше құнды заттар мен ұялы телефондарды ұрлап кеткен. «Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында төрт күдіктіні – 26-31 жас аралығындағы Атырау қаласының…

Read More

CaspianLife, 27 қазан –  Халық санағын өткізудің дәстүрлі екінші әдісі – үй аралауға облыс бойынша 700 санақшы жұмылдырылған. Бірақ, тұрғындардың үйде болмауы қиындық туғызуда.  Ал, кейбір тұрғын есіктің ар жағынан әңгімелесіп, келгендердің шынымен де санақшы екендігіне күмәнмен қарайтын көрінеді. Сондықтан статистика департаментінің мамандары интервьюерге тән белгілермен тағы бір мәрте таныстырғанды жөн көріпті. Халық санағына тартылған интервьюерлерге олардың арнайы департаменттен берілген куәлік болады. Ол куәлікте департмен басшысының қолы мекеменің мөрімен расталады және жұмысты қызмет көрсету мерізімі көрсетіледі. Және жұмысқа қабылданған интервьюердіғң аты-жөні сондықтан екінші айыру белгісі ол интервьюердің арнайы санақ белгісі логотипі орналастырылған шарф болады. Яғни, мойынорағыш дейміз. Сонымен қатар қолдарында…

Read More

CaspianLife, 27 қазан – Жұмысынан айырылған 88 мың қазақстандық мемлекеттен жәрдемақы алды.  Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге: — eGov.kz порталында авторизациялану; — «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау; — онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет; — бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы…

Read More

CaspianLife, 27 қазан – Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін, 26 қазанда Израиль дәрігерлері облыстық перинаталдық орталықта сегіз ота жасаған. «Израильден келген 3 дәрігер кесарь тілігімен 7 акушерлік және бір гинекологиялық отаны сәтті өткізді. Сондай-ақ, олар модульдік аурухананың инфекциялық стационарындағы пациенттерге кеңес беріп, күрделі отаға қатысты. Шетелдік дәрігерлер жүкті әйелдерді босандыруға қатысты шұғыл шараларға қатысуға ниет етіп отыр», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 26 қазан –  «Таза Қазақстан» жобасының мақсаты атмосфералық ауаның ластануын азайту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, тұйық циклдегі экономиканы дамыту және тарихи ластануларды жою, елдің су объектілерінің экожүйелерін сақтау болып табылады. Ластанудың жоғары деңгейі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметімен және электр станцияларында көмірді жағумен байланысты екені жасырын емес. Осы проблеманы шешу үшін ауаның жоғары ластануы бар 10 қалада 5 жыл ішінде 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарындағы шығарындыларды 20%-ға қысқарту болжанып отыр. Мысалы, АрселорМиттал Теміртау шығарындыларды 54%-ға азайту бойынша міндеттемелер алды, — деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев. «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы 11  міндеттен тұрады, олар бойынша 19 көрсеткіш және…

Read More

CaspianLife, 26 қазан – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚА) Қазақстандағы такси қызметін ұсынатын компанияларды тексеруді бастағанын мәлімдеді. «Бағаға мониторинг жасау, талдау және осы нарықтағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалау бойынша жұмыс басталды. Нарық субъектілерінен көрсетілген қызмет көлемі мен қолданатын тарифтер, жолаушыларды тасымалдау қызметі бойынша мобильді қосымшаны пайдалану кезінде алынатын комиссия мөлшері туралы ақпарат сұралды», — деп хабарлады ведомстводан. Агенттік нарықта бәсекелестікті қорғау бойынша заңнама сақталмағаны анықталған жағдайда монополияға қарсы іс-шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Read More

CaspianLife, 26 қазан – Жыл басынан бері  патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған 500-ге жуық жүргізушіні жауапкершілікке тартса, олардың 100-ден астамы көлік басқаруға құқығы жоқ бола тұра ішімдік ішкен күйде көлік тізгіндегендер. Автокөлікті мас күйінде жүргізу жол жүрісіндегі ең ауыр құқық бұзушылықтардың бірі, өйткені мас жүргізуші —  қылмыскермен парапар. 22 қазан күні сағат 19:02 шамасында 102 операторына белгісіз ер адам қоңырау шалып, Владимирский көшесінде орналасқан “У Гаджи” кафесінің алдында Приора маркалы автокөлігінің жүргізушісі мас күйде екендігі жөнінде хабарлама қалдырған. Аталған қоңырау бойынша жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнекамералардың көмегімен жедел түрде аталған автокөліктің жүрген жерін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама…

Read More

CaspianLife, 25 қазан – Денесі Жұмыскер — Балықшы көпірінің астынан табылған әйелдің жеке басы туралы мәліметтер анықталды. 53 жастағы азаматшаның туыстарына хабар беріліп, қазір мүрдеге сараптама жасалып жатыр. Аталған факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 001 кодировкісімен адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі кезде тергелуде.  Неден өлгені мүрдеге сараптама тағайындалды. Сарапатама қорытындысымен белгілі болады. Содан кейін нақты шешім қабылданады, — деді Атырау қалалық №1 ПБ анықтау бөлімшесінің бастығы Айбек МЫРЗАҒАЛИЕВ Еске салайық, 23 қазан күні көпір үстінен өтіп бара жатқан тұрғындардың бірі суда жатқан мәйітті көріп, полицияға хабар берген болатын.

Read More

CaspianLife, 25 қазан – «Жас шекарашы» әскери-патриоттық үйірмесінің ең жас қатысушысы Ұлан Төлеухан Маңғыстау облысының «Сардар» шекаралық кемесінің жаңа бейресми мүшесі атанды. Ұлан сегіз жаста, орта мектептің үшінші сыныбында оқиды. Алайда жасына қарамастан, ол қазірдің өзінде шекара қызметінің үздігі. «Маған матростар, теңіз мен кемелер өте ұнайды. Мен теңізшілермен бірге осымен үшінші рет кемеде жүрмін. Менің достарым да бар, олар да теңізші болғысы келеді. Оларға менің киімім ұнайды, менен «теңізде не болып жатыр?” деп сұрайды » — дейді оқушы. Жеткіншек болашақта шекарада қызмет етуді жоспарлапты. Айтуынша, теңізшілер Қазақстанның теңіз шекарасын қорғап қана қоймай, браконьерлерді аулап, Каспий теңізінде мекендейтін жан-жануарларды құтқарады. «Мен…

Read More

CaspianLife, 25 қазан – Атырау облысында қауіпті вирусты жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық төсек-орын 30 пайызға азайды.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, соңғы күндері коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны төмендегені байқалған. Мәселен, өткен тәулікте 24 адамнан қауіпті вирустың белгісі анықталған. «Атырау облысында 15 қыркүйектен бері облыстық ауруханада, кардиоорталықта, екі жатақханада, теміржол ауруханасында орналасқан бес инфекциялық стационар жабылған еді. Кейін қазан айының басында фтизиопульмонологиялық орталық базасында жұмыс істейтін инфекциялық стационар жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты ауруханалардағы инфекциялық төсек-орындар саны 30%-ға, нақтысында 2 352-ден 730 орынға дейін қысқарды», делінген хабарламада. Қазір модульдік ауруханада – 99, №2 облыстық ауруханада – 6, аудандардағы инфекциялық…

Read More