CaspianLife, 27 қазан – Халық санағын өткізудің дәстүрлі екінші әдісі – үй аралауға облыс бойынша 700 санақшы жұмылдырылған. Бірақ, тұрғындардың үйде болмауы қиындық туғызуда.
Ал, кейбір тұрғын есіктің ар жағынан әңгімелесіп, келгендердің шынымен де санақшы екендігіне күмәнмен қарайтын көрінеді. Сондықтан статистика департаментінің мамандары интервьюерге тән белгілермен тағы бір мәрте таныстырғанды жөн көріпті.
Халық санағына тартылған интервьюерлерге олардың арнайы департаменттен берілген куәлік болады. Ол куәлікте департмен басшысының қолы мекеменің мөрімен расталады және жұмысты қызмет көрсету мерізімі көрсетіледі. Және жұмысқа қабылданған интервьюердіғң аты-жөні сондықтан екінші айыру белгісі ол интервьюердің арнайы санақ белгісі логотипі орналастырылған шарф болады. Яғни, мойынорағыш дейміз. Сонымен қатар қолдарында көк түсті партфеля болады. Тоже санақ логотипі орналастырылған.Осы айыру белгілеріне аса мән беріп интервьюердің қойылған сұрақтарына толық дәйекті жауап беруге облыстың соның ішінде Атырау қаласының тұрғындарын шақырғымыз келеді,- дейді ҚР СЖжРА ҰСБ АОД басшысының орынбасары Нұржан Құмарғалиев
Халық санағы бірінші қыркүйектен он бесінші қазанға дейін онлайн форматта өткізілді. Оған Атырау облысы халқының 43.8 пайызы, яғни 290 мыңнан астам адам қатысып, белсенділік танытқан. Егер онлайн санаққа қатыссаңыз, үйге келген интервьюерге санақтан өткендігініңізді растайтын хабарламаны көрсетсеңіз жеткілікті.
Үйлерге барамыз ол кезде адамдардың қойылатын сұрақтар енді шамамен бір адамға жалпы 91 сұрақ болса адамның жасап жүрген еңбегіне немесе жасына байланысты бір адамға мысалы 2-3 минут кетет, бір адамға 5 минуттан 10 минуттың аралығында уақыт кетеді. Ешқандай қиындығы жоқ. Планшетпен жұмыс жасап жатырмыз,- дейді санақшылардың бірі Эльвира Өтепбергенова.
Үй аралау отызыншы қазанға дейін жалғасады. Атырау облысында халық санағын ұйымдастыру және жүргізу жұмыстарына республикалық бюджеттен 160 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.