Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 9 қараша  –  27- жастағы Атырау қаласының тұрғыны өзінің жалдамалы пәтерінде есірткі дозаларын дайындап келген. Полиция қызметкерлері тінту кезінде есірткіні сатуға арналған түрлі құралдар мен құрылғыларды тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған есірткінің жалпы салмағы 300 грамды құрайтын «Альфа РVР» синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленді -деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі ​ Қамза Үмбетқалиев. Қазіргі уақытта құрамында есірткісі бар өсімдіктерді сақтау деректері бойынша 1994 ж.т күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жалпы жыл басынан бері Атырау облысында ​ есірткі сатумен айналысу фактісі бойынша ​ БҚО, Қостанай, Ақтөбе қалаларынан 13 кепілгер және 1…

Read More

CaspianLife, 9 қараша  – Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 27 қазан-5 қараша аралығында «Шетел автокөліктері» жедел профилактикалық іс-шарасы өткен. «Аталған іс-шараның бір күнінде жедел басқару орталығының қызметкерлері «Сергек» камераларының көмегімен айыппұлын төлемеген 7 жүргізушіні анықтады. Олардың төленбеген айыппұлының мөлшері 1 млн 850 мың теңгені құрады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Айыппұлын төлемей жүрген жүргізушілер басқарған көліктің 1-уі Армения Республикасынан, 1-уі Қырғызстан Республикасынан, 5-уі Ресей Федерациясынан әкелінген. Екі жүргізуші 377 мың теңге айыппұлды ұсталған бойда төлеген. Ал, 5 жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылып, көліктері арнаулы тұраққа қойылды.

Read More

CaspianLife, 9 қараша  – Атырауда нан қымбаттады. Өйткені бірінші сұрыпты ұн бағасы көтерілген. Соған байланысты әлеуметтік нанның көтерме саудадағы бір данасының құны 105-110 теңгеге, бөлшек саудада 110-115 теңгеге жетті. Ал наубайхана иелері бағаны бірте-бірте 5 теңгеден қосып көтеруді ұсынып отыр. Әзірге ірі сауда орындары мен супермаркеттер қалыпты бағаны ұстап тұр. Ал жекеменшік дүкендер үстемелеп үлгерген. Жанар-жағармай бағасының қымбатсуы, тасымал бағасының қымбатсуы, энергия бағасының қымбатсуы, ұн бағасының қымбатсуы барлығы әсер етіп отыр. Қосымша азық-түлік корпорациясы арқылы 1000 тонна бидай осы айда келеді жақында Карат ЖШС -не. Содан кейін баға ұстап қалуға мүмкіндік бар. Мамандар айтқан 1000 тонна бидайдың көпке жетпейтіндігі белгілі.…

Read More

CaspianLife, 8 қараша  – Атырауда сұйытылған газ бағасы күннен-күнге қымбаттап барады. Өткен жұмада облыс орталығында бір литрі 95 теңге болса, бүгін 110 теңгеден асты. Аудандардағы жағдай да күрделі. Сұйытылған отынның 1 литрі 120 теңгеден сатылып жатыр. Ал Атырау облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы нарықтағы бағаны ешкім ұстап тұра алмайды деп отыр.  Барлығы нарыққа беріліп жатыр. Барлығын нарық реттеу керек.  Батыс Қазақстан мен Атырау облысына бөлінген газды нарыққа қатысушылар ,яғни газ таратушы мекемелер бір-бірімен саудаға түседі. Сұраныс пен ұсыныстың арасындағы баға ғой реттелетін.  Біз әкімдік тарапынан қанша қажеттілік бар, 14 мыңдай автокөлік бар газбен жүретін. Соны белгілеп көрсетіп отырамыз.…

Read More

CaspianLife, 8 қараша  – Жарылыс болған дәмхананың иесі құтқарушыларға жұмыс аяқталған соң ғимаратты жауып шыққанын, іште адам қалмағанын айтыпты. Қазір оқиға орнын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарылыс шамамен 200 текше метр аумақты қамтыды. Дәл қазір 60-тан астам құтқарушы оқиға орнында жұмыс жасап жатыр. Тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, үйінді астында адамдар болып қалуы мүмкін ғой деп бір арнайы итті де әкелдік, — деді Ақтау қалалық ТЖБ бастығы Жандос Кенжебаев (видеода) Жарылыс болғаннан кейін «14 адам көз жұмды» деген  ақпарат ғаламторда тараған еді. Алайда, бұл ақпарды Төтенше жағдайлар Министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли жоққа шығарды. Ауруханадағы мамандар көмегіне де ешкім жүгінбеген.  Ақтау…

Read More

CaspianLife, 8 қараша  – 3 қараша күні балық аулауға шыққан 4 балықшы аман-есен табылды.  Ағымдағы жылдың 7 қараша күні 09 сағат 30 минутта өздерінің аман-есен екендіктерін айтып (Жанбай ауылыныан 50 шақырым қашықтықта жүрген) басшыларына ұялы телефон арқылы хабарласқан. Осыған орай, Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: Балық аулауға шыққан кезде ең бірінші қайығыңыздың жағдайын тексеріңіз; — құтқару кеудешесін алуды ұмытпаңыз; — қайығыңызды шамадан тыс жүкпен толтырмаңыз; — қайығыңыз абайсызда аударылған жағдайда қайықты ұстап тұрып, қайраңға жүзуге тырысыңыз; — төтенше жағдай орын алса «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Read More

CaspianLife, 8 қараша  – Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласында ұсталған қылмыстық топтың құрамында 29 және 23 жастағы екі күдікті болған. «Алдын ала сөз байласқан екі күдікті 13 қазанда сағат 15:00 шамасында «Өркен» шағын ауданындағы үйлердің біріне сыртқы пластикалық терезесін ығыстыру арқылы кірген. Сөйтіп, 1984 жылғы азаматшаның ішігін, бағалы қол сағатын, спорттық аяқ киім мен «Самсунг» маркалы ұялы телефонын ұрлаған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Күдіктілер ұрлық жасаған үйден бой тасалап, қашып кеткен. Ұрлықтан салдарынан жәбірленушіге 535 мың теңге материалдық шығын келтірілген. «Екі күдікті бұдан соң 18 қазан күні сағат 13:30 шамасында «Өркен» шағын ауданындағы тағы бір үйге…

Read More

CaspianLife, 5 қараша  – 2 қараша күні сағат 21:00 шамасында Алмагүл мөлтек ауданында орналасқан супермаркеттердің бірінің ішінен 1988 ж.т., қала тұрғыны бір дана виски ішімдігін жасырын түрде ұрлап кеткен. Тексеріс барысында аталған азаматтың осы уақытқа дейін де әр түрлі супермаркеттерден 11 виски ішімдігін ұрлағандығы анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 187-бабының 2-бөлігімен (Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 5 қараша  – 4 қарашада қалалық перзентхананың қабылдау бөліміне жүктіліктің 39-шы аптасында ауыр жағдайдағы жүкті әйел түскен. Іштің өткір ауырсынуына шағымданған әйел жедел операция бөліміне ауыстырылып, оған 3 рет ота жасалған.  Салмағы 4 кг болатын толық ұрық алынды. Операция кезінде дәрігерлер босанған әйелден гангренозды аппендицитті анықтады және оны хирургтар алып тастады. Сондай — ақ, науқаста кіндік жарығының бұзылуы байқалды, оған да ота жасалды, — деді Атырау қалалық перзентханасының директоры Гүлзейнеп Дүйсіпова. Дәрігерлердің айтуынша, үш операциядан кейін ана мен бала өзін жақсы сезінеді. Бала емшек сүтімен қоректенеді.

Read More

CaspianLife, 5 қараша  – Соңғы 5 күнде №2 Атырау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне 550 науқас қаралған. Оның 97%-ы балалар. Бұл балалар арасында жедел респираторлы вирустық инфекцияның өршіп тұрғанын білдіреді. Бүгінгі күні ауруханада 130 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі бала — 69, 3 жасқа дейінгі бала — 39 және 11 жүкті әйел бар. 1 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары бар тұрғындар міндетті түрде тұмауға қарсы екпені алу қажет. Өйткені, осы топтарда ауру өте ауыр ағымда өтеді,- деді №2 Атырау облыстық ауруханасы директорының орынбасары Надя Ерғалиева. Айта кетейік, қала бойынша вирусологиялық сараптамаға алынған анализдердің қорытындысы бойынша…

Read More