CaspianLife,19 қараша – Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Атырау облысында екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның бірі, полиэтилен шығаратын интеграцияланған газ-химия кешенінің (KLPE ЖШС) құрылысы. Іске асыру кезеңі — 2023-2027 жылдар. Сондай-ақ бутадиен және оның туындыларын өндіру бойынша жоба («Бутадиен»ЖШС). Іске асыру кезеңі — 2024-2025 жылдар», – деп хабарлады Махамбет Досмұхамбетов. Айта кету керек, бүгінде облыста ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында, Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы, KPI ЖШС интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы және Газ өңдеу зауытының құрылысы («GPC Investment»ЖШС) бар.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife,19 қараша – Үкімет жанар-жағармай бағасын толық реттей алмайды. Бұл туралы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Сенат отырысында мәлімдеді. Қазір елордада АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 183 теңгеге дейін көтерілген. Министрдің сөзінше, бензин құны Брент маркалы мұнайға тәуелді. Сондай-ақ мердігерлер де өз бағасын бекітуге құқылы. «Жанар-жағармай бағасы реттелмейді. Реттеу мүмкін емес. Биыл дизель отыны тапшы. Оның бір себебі – көрші елдермен салыстырғанда бағадағы айырмашылықта», – деді министр. Дегенмен Энергетика министрлігі жанармай тапшылығын болдырмау үшін бірқатар шара қабылдап жатыр. Мәселен, елдегі үш мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары уақытымен жүргізіледі. Екіншіден, жанар-жағармай қорын қалыптастыруға қажетті материалдық-техникалық база әзірленеді. Үшіншіден, әр мұнай базасында отынды бақылайтын…
CaspianLife,19 қараша – Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, вакцинаның І және ІІ компонентіне арналған дозалары бүгін, 19 қарашада облыстық фармацевтикалық қоймаға жеткізілген. «Атырау облысына 9 қарашада вакцинаны сақтауға арналған екі мұздатқыш әкелінген болатын. Енді бүгін Pfizer вакцинасын егу басталады. Вакцина алдын ала берілген тізімге сәйкес ерікті түрде салынады. Бұл вакцинаны алу үшін тұрғылықты мекен-жайына байланысты тіркелген емханаға жүгіну қажет», — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Атырау облысында Pfizer вакцинасын 76 мың адам салдырады деп жоспарлануда.
CaspianLife,18 қараша – Атышулы Оңтүстік Кореялық дорамадағы қорқынышты қуыршақтың көшірмесі 1-сыныптың әліппе кітабынан табылды. «Шынымен киімдері ұқсас», «Кальмар ойыны әліппеден көшіріп алған», «Бұл ойынның да жүрмейтін жері жоқ екен», деп қазнет қолданушылары ұқсастықтың барын жарыса жазуда.
CaspianLife,18 қараша – Шаруалар Ауғанстанға бидай жіберіп жатқан өңір басшылығына өкпелі. Жаздай қуаңшылықтың зардабын тартып, шығынға шаш етектен батқан Маңғыстау облысындағы шаруалар облыс әкімі Нұрлан Ноғаевты өздері іздеп барған. Бірақ қорадағы малына азық таппай қиналған бір топ азамат бар шаруасын ысырып келгенде, Ноғаев мырза кабинетінде болмай шықты, деп хабарлайды 31 арна. Өңірде Төтенше жағдай жариялануын сұрап барған шаруаларды жуырда ғана тағайындалған ауыл шаруашылығы басқарма басшысы қабылдады. «Мен ең болмаса жем-шөптің қазіргі құнын 50-60 пайызға арзандатыңдаршы дедім. «Сен малды мен үшін бағып жүрген жоқсың» дейді. Одан қалса «Ауғанстанға 58 мың тонна бидай жіберіп жатырмыз» дегенді алға тартады. Мен айтамын «Ауған қазақ…
CaspianLife,18 қараша – АҚШ Республикалық партиясының бас медиаресурсы, Fox News телеарнасы Қазақстан тумасы, президент Джо Байденнің ақша айналымын бақылау басқармасының (Comptroller of the Currency) басшысына ұсынған кандидаты Сәуле Омарованы 26 жыл бұрын ұрлық жасады деп айыптады. Fox News телеарнасының мәліметінде 1995 жылы Омарова TJ Maxx дүкенінен 214 доллар тұратын төрт жұп аяқ киім, екі одеколон, екі белбеу және шұлық ұрлағаны үшін қамауға алынғаны айтылған. Телеарна Омарова Висконсин штатының Мэдисон қаласында дүкен тонады деген айыппен қамауға алынғанын хабарлады. Висконсин әділет департаментінің мәліметінше, оқиға 1995 жылы 2 маусымда болған. Кезекшілікте болған, ұрлықты көрген қауіпсіздік қызметкері TJ Maxx Fox News-ке оның зергерлік дүкенде…
CaspianLife,18 қараша – Атыраулық полицейлер 15 қарашада басталған «Мал ұрысы» іс-шарасының 2 күнінде 60-қа жуық құқық бұзушылықты анықтады. Мал ұрлығымен байланысты қылмыстарды ескерту және ашу бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз сақтау мәніне мал жайылымы учаскелерін тексеру мақсатында 15-24 қараша аралығында республикалық «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктер мен ет өнімдерін сататын базарларды тексеру үшін 10 топ құрылып, мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 71 автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын 45 орын мен 103 шаруа қожалықтары тексерілді. Нәтижесінде малдар мен ет өнімдерін құжаттарсыз тасымалдаудың 7 фактісі анықталып, 7 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің…
CaspianLife,18 қараша – Ақтауда Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті студенттері қарашадан бастап екпе алмағандар сабаққа кіре алмайтынын айтты. Университетте екпе алмаған үш мыңға жуық студент бар, олар сабаққа қатыспағаны үшін оқудан шығып қалудан қорқады. Студенттердің айтуынша, Ashyq-та «жасыл» мәртебесі барлар ғана сабаққа қатыса алады. «Сабаққа бара алмай жүргендер жетерлік, бірақ неге екені белгісіз, көбісі үндемейді. Сондықтан біз университет басшылығы әрекетіне наразы белсенділер тобын жинадық. Сабаққа қатыспағандарды белгілейді, олар оқудан шығып кетуі мүмкін» , — дейді студенттің анасы Марина Павловей. Студенттердің ата-анасының айтуынша, олар балалары қандай негізде оқуға кіргізілмейтінін университет басшылығынан бірнеше рет білуге тырысқан. Айтуларынша, жергілікті санитария…
CaspianLife,16 қараша – 12 қараша күні 15-16 жасар екі жасөспірім қаладағы жылы аялдамалардың бірінде әлеуметтік желідегі парақшаларының сілтемесін жазып, қоғамдық орынды бүлдірген еді. Полицейлер жасөспірімдердің жеке бастарын анықтап, ата-аналарының қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық кодексінің 448-бабына сәйкес хаттама толтырылып, Атырау облысының жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.
CaspianLife,15 қараша – Оқушыны зиянды ойындар мен телесериалдардан шектеп, телефондарын жиі тексеріп тұру керек. Облыстық білім беру басқармасы ата-аналарға осылай деп ескерту жасады. Себебі, соңғы кездері бейтаныс номерден әлеуметтік желілердегі күмәнді топтарға қосылуды сұраған шақыртулардың көп келетіндігі байқалып отыр. Сондықтан, басқарма басшылары «сақтықта қорлық жоқ» деген принципті ұстанып отырмыз дейді. Білім беру ұйымдарында ата-аналарға ескерту, балаларға ескерту. Қазір мынау кальмар ойындары жөнінде тәрбие сағаттарында, кездесулерде айтып түсінідіріліп жатыр. Бұл жұмыс күшейтіліп жіберілді деп айта алмаймыз. Біздер қазір барлық білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізіп отырмыз осы бағытта. Бір жылдары синий кит деген болды. Ол да жұмыстың нәтижесінде нүктесін қойдық, — дейді…
