CaspianLife, 25 қараша – Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 23 қарашада сағат 23:44-те жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына күдік тудырған көлік түскен.
«Атырау қалалық полиция басқармасы патурльдік полиция взводының қызметкерлері Азаттық — Ж.Досмұхамбетов көшелерінің қиылысында «ВАЗ-2114» көлігін тоқттатты. Тексеру кезінде көліктің шетелде тіркеуде тұрғаны анықталды. Көлікті кәмелетке толмаған 16 жасар жасөспірімнің басқарғаны белгілі болды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Көлік жүргізу құқығы болмаған 2005 жылғы жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 2-бөлігімен және 442-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.