Магнит жұтып қойған сәбидің өліміне қатысты сотталған дәрігерлер амнистияға ілікті — Caspian life
Жұма, 20 Мамыр, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Магнит жұтып қойған сәбидің өліміне қатысты сотталған дәрігерлер амнистияға ілікті

27.12.2021
Жаңалықтар, Заң, Қоғам, Қылмыс
0
Магнит жұтып қойған сәбидің өліміне қатысты сотталған дәрігерлер амнистияға ілікті

Оқи отырыңыз...

Атырауда 3-6 мамыр аралығында қай көшелерде ыстық су өшіріледі?

Атырау мен Ақтауда ыстық су өшіріледі

19.05.2022
35 мыңға жуық ресейлік Қазақстаннан ЖСН алды

35 мыңға жуық ресейлік Қазақстаннан ЖСН алды

19.05.2022

CaspianLife, 27 желтоқсан — Атырау қаласының № 2 соты iPad қақпағындағы магнитті жұтып қойған 11 айлық баланың өліміне қатысты іс бойынша облыстық балалар ауруханасы дәрігерлеріне үкім шығарды.

Хирург Тілеуғалиев, Зұлқашев, педиатр Тәжғалиева ҚР ҚК-нің 317-бабы «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бойынша айыпталған. Бірақ дәрігерлер рақымшылыққа іліккен.

Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылдың желтоқсанында 11 айлық бала қайтыс болды. Ол iPad қақпағындағы магнитті жұтып қойған. Бұл ретте, сәбидің ата-анасы көмек сұрап, дәрігерлерге жүгінген. Бірақ олар балаға ота жасамай, сәби жұтып қойған зат табиғи жолмен шығады деп сендірген.

Сот баспасөз қызметі мәліметінше, 2019 жылғы 22, 23, 26 желтоқсанда кезекшілік еткен Атырау облыстық балалар ауруханасының хирург-дәрігерлері Тілеуғалиев, Зұлқашев, Адрисов, педиатр-дәрігері Тәжғалиева 2018 жылы туған сәбиге тиісті медициналық көмек көрсетпеген.

«Дәрігерлердің кәсіби міндетіне немқұрайды қарауы және оларды тиісінше орындамауы салдарынан бала қайтыс болды. Сотталушылардың кінәсі жәбірленуші, куәгерлер және сараптама қорытындысы, мамандар айғағымен расталды», — деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Прокурор барлық сотталушыны дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды және рақымшылық жасау актісі негізінде онша ауыр емес қылмыс жасалғандықтан, оларды негізгі жазадан босатуды сұраған.
Жәбірленуші тарап дәрігерлерге қатаң жаза тағайындауды сұрады.Сотталушылар тағылған айыпқа келіспеді және ақтауды сұрады.»Сот жаза тағайындау кезінде жазаны жеңілдететін барлық мән-жайды, ауырлататын мән-жайдың болмауын, қылмысқа қатысушылардың әрқайсының әрекетін ескерді. Осыған байланысты барлық сотталушыға абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жасағаны үшін 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза тағайындалды. Зұлқашевқа дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде 3 жылға, Тілеуғалиев, Адрисов, Тәжғалиеваға 2 жылға қосымша жаза тағайындалды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес олар бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босатылды, өйткені Қылмыстық кодекске сәйкес бұл әрекет онша ауыр емес қылмыстарға жатады. Іс бойынша азаматтық талап қойылмаған», — деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасалуы мүмкін.

Тегтер: Caspianамнистияатырау жаңалықтарырақымшылықсәби өлімі
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...
Атырауда 70 кг жуық бекіре тұқымдас балықтарын тасымалдағандар анықталды

Атырауда 70 кг жуық бекіре тұқымдас балықтарын тасымалдағандар анықталды

NCOC Каспийдегі итбалықтар мен атмосфералық ауаны зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялады

NCOC Каспийдегі итбалықтар мен атмосфералық ауаны зерттеу жұмыстарының нәтижесін жариялады

ПІКІР ҚАЛДЫРУ Бас тарту

КӨП ОҚЫЛҒАН

Ақтауда құны 8 млрд тг болатын жаңа стадион салынады

Ақтауда құны 8 млрд тг болатын жаңа стадион салынады

3 недели бұрын
Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан 4 жасар бүлдіршін қаза тапты

Атырау-Орал тас жолында болған жол апатынан 4 жасар бүлдіршін қаза тапты

1 неделя бұрын
Атырауда «Мерей» базарындағы көлік жөндеу орталықтары жабылады

Атырауда «Мерей» базарындағы көлік жөндеу орталықтары жабылады

4 недели бұрын
Атырау-Астрахань тас жолы жыл соңына дейін ашылуы мүмкін

Атырау-Астрахань тас жолы жыл соңына дейін ашылуы мүмкін

4 недели бұрын
Қазақстанда газ бағасы қайта қымбаттайды

Қазақстанда газ бағасы қайта қымбаттайды

3 недели бұрын
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020 Caspianlife - Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020 Caspianlife - Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz