Атыраудағы спорт кешеніне 1 жыл бойы газ берілмеген — CaspianLife ақпараттық порталы
Четверг, 28 сентября, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атыраудағы спорт кешеніне 1 жыл бойы газ берілмеген

28.01.2022
Жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Мәселе, Мұнай-газ
0
Атыраудағы спорт кешеніне 1 жыл бойы газ берілмеген

CaspianLife, 28 қаңтар  — Атыраулық кәсіпкердің газ желісіне қосылу жөніндегі өтініші бір жылдан бері шешімін таппаған.

Оқи отырыңыз...

АМӨЗ: жанармай тапшылығы болмайды

АМӨЗ: жанармай тапшылығы болмайды

27.09.2023
Қарақияда полицей тұрғыннан 200 мың теңге алған

Қарақияда полицей тұрғыннан 200 мың теңге алған

27.09.2023

Шағын және орта бизнес өкілдерінің айтуынша, кәсіпкерлік нысандар үшін жер бөлуде туындаған проблема бар. Жергілікті билік өкілдері кәсіпкерлермен ашық диалог орнатуға ынталы емес.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Ашық әкімдік» жұмысын жандандыру мәселесін айтқан еді. Осы бастама аясында біз әкімдік өкілдерімен ашық диалогта кездесу ұйымдастырдық. Бұл кездесуден соң ортақ шешімдер қабылданады деген ойдамын», -дейді Атырау облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының басшысы Айбар Жаниязов.

Мәселен, «Могикан» шағын зауытының басшысы Айсұлу Оразбаеваның пікірінше, жергілікті әкімдіктер тарапынан отандық кәсіпке қолдау керек.

«Біз өндірісті дамыту арқылы ғана еліміздің көркеюіне үлес қоса аламыз. Себебі, жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлер саны көбейеді. Алайда, өндіріс орнын ашқан кәсіпкерлерде тауар сату проблемасы туындап отыр. Мәселен, мен жуғыш заттарды шығаратын шағын зауыт аштым. Бұл – Атырау облысындағы алғашқы өндіріс. Алайда, біздің тауарымыз тек базарда ғана өтімді болып тұр. Өнімдерімізді жергілікті мекемелер, ауруханалар алса, өндірістің қанат жаюына жол ашылар еді», -деді Айсұлу Оразбаева.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер инфақұрылым мәселесін де көтерді. Он екі жылдық тәжірибесі бар Майра Мұханбетова құрылысы аяқталған спорт залға жылу жүйесін тарта алмай жүр.

«Мен 2018 жылдан бері жастардың спорт командасына демеуші болып келемін. Атырау қаласында футзалдың аздығынан жастарға арналған спорт залын ашуды қолға алдым. Осыған байланысты 2020 жылы субсидия алып, кешеннің құрылысын аяқтадық. Жылу жүргізу үшін газ желісіне қосылу керек. Сол себептен, былтырғы наурызда «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ға өтініш бердім. Алайда, арада 1 жыл өтсе де бұл мекеме бізге газ жүргізуге рұқсатын берген жоқ. Жанымызда салынған үйлерде газ бар. Ал, бізге жетпей тұр. Біздің осы мәселеміз шешілмей келеді», -деді Майра Мұханбетова.

 

Тегтер: Caspianатырауатырау жаңалықтарыгазмәселе
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.