Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 2 ақпан  — Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда алаңға шыққан «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті құқық қорғау органдары қамауға алған еді. Ал, бүгін әлеуметтік желі мен БАҚ-та оның тергеу изоляторында жоқ екені туралы ақпарат тарады. Дәлірек айтсақ, бүгін Жұмагелдиевтің адвокаты Талғат Есімов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің уақытша ұстау изоляторының жанында тұрған видеосын жүктеді. «Бізге бейресми дереккөздер бойынша белгілі болғандай, қорғауымыздағы Арман Жұмагелдиевті осы жерге әкелген. Бірақ, қазір ол ешқайда жоқ. Департаменттің кезекшісі изолятордың телефонын бере алмады», — дейді Талғат Есімов. Осы сөздерден кейін ол ары қарай департамент ғимаратына кіргісі келгенмен, есікі жабық…

Read More

CaspianLife, 2 ақпан  — Педагогтардың пікірінше, заңнамадағы жаңа өзгерістер олардың жұмыс орындарына қауіп төндіреді. Сондықтан қаладағы бес оқу орнының мұғалімдері наразылық білдірді. Алайда шенеуніктер ұстаздардың алаңдауына негіз жоқ екенін, себебі бұл туралы түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын, жоба әлі де МЖӘ аясында қарастырылып жатқанын айтты. Маңғыстау облысының білім басқармасы инвестиция тартылса, мектептердегі білім мен материалдық-техникалық база жақсарады деп сенеді. «Мәселе қазір талқыланып жатыр. Яғни, алда қандай міндеттер болады, ол қалай жүзеге асатыны туралы әлі шешім қабылданған жоқ. Алда білімді жетілдіру және материалдық-техникалық базаны жақсарту мақсаты тұр. Кейбір мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осының барлығы келісімшарт жасау барысында талқыланады», — деді басқарма басшысының…

Read More

CaspianLife, 2 ақпан  — Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласында 24-30 қаңтарда «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткен. «Іс-шараның мақсаты – отбасында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Осыған байланысты ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру жүргізді. Бір аптада отбасы шырқын бұзған 105 адам есепке алынды. Оның ішінде 78 адамға қорғау нұсқамасы шығарылды. Сот қаулысымен 10 адамға ерекше талаптар орнатылды. Маскүнемдікке салынған 8, нашақорлық жолға түскен 4, қолайсыз отбасы есебіне 5 адам қойылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, іс-шара кезінде түрлі құқықбұзушылық жасаған 300-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген…

Read More

CaspianLife, 2 ақпан  — Атырау облысында газ бағасы 38,9 пайызға төмендеді. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау өңірлік филиалының таратушы құбырлары арқылы газ тасымалдау қызметіне 2022-2027 жылдарға арналған тарифін мың текше метрге 1 133,39 теңгеге дейін төмендетті. Бұл 2016-2021 жылдардағы тарифпен салыстырғанда 36%-ға төмен. Сондай-ақ, жабдықтау үстемеақысы мың текше метр үшін 916,17 теңгеге (43%) төмендеген. «Осыған байланысты Атырау облысының тұтынушылары үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ газының түпкілікті бағасы 38,9%-ға дейін төмендеді. Тұрмыстық тұтынушылар (тұрғындар), жылу энергетикалық компаниялар тұрғындар үшін жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды тұтынудың мың текше метрі 4 720,33 теңге,…

Read More

CaspianLife, 1 ақпан  — Заңсыз тауар тасымалдаушы Құрманғазы ауданының 38 жасар тұрғыны екені анықталды. 1 ақпан күні Астрахан-Атырау бағытындағы «Газель» автокөлігін шекарадан өтпек болғанда ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты Құрманғазы автокөліктік бақылау бөлімі тоқтатқан. Тексеріс барысында құқық қорғау қызметкерлерінің құжатсыз киімдері, қол сағаттар мен резеңке таяқтары тәркіленді. Ер адам заңсыз жүктерді Астрахан қаласындағы «Солянка» базарынан алғанын айтқан. Ұсталған азамат Құрманғазы аудандық құзырлы мекемеге тапсырылды.

Read More

CaspianLife, 1 ақпан  — Маңғыстау облысының Қызылтөбе ауылы тұрғындары қуанышты күнге жетті. Елді мекен толықтай ауыз су құбырына қосылды. Бұған дейін тіршілік нәрін құдыққа құйдырып, тасып ішкен халықтың қуанышында шек жоқ. Бұрынғы уақытта машинамен су тасылады. Қаншама уақыт күтесің. Тапсырыс бересің, кейде мезгілінде келмей қалады. Біраз қорлықты көрдік қанша жыл. 1 водовоз су кейде жетпей қалады. Қазақ болғасын көп семьясы, кір-қоңы болады. Халықтың игілігіне жарасын, қуаныштымыз. Ауылымыз көркей берсін, — дейді Қызылтөбе ауылының тұрғыны Аман Таңғұлов. Қызылтөбеде 32 мыңдай халық тұрады. Мұндағы 80 көше орталықтандырылған ауыз су құбырына түгел қосылды. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында бұл жұмыстарға 2 млрд тг-ге жуық қаражат…

Read More

CaspianLife, 1 ақпан  — Атыраулық спортшылар Ерұлан Қабдолов пен Неймат Асадов Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды. Аралас жекпе-жек шеберлерін жақындары мен бапкерлері әуежайдан күтіп алды. 52 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Ерұлан Қабдолов алғашқы кездесуінде мексикалық қарсыласын тізе бүктіріп, ширек финалда Үндістан елінің спортшысынан басым түсті. Бірақ, жартылай финалда қазақстандық Бағдат Жұбанышқа есе жіберіп, үшінші орын алды. 14 жасынан бері ММА-мен айналысатын Ерұлан Қабдоловтың туыстары мен жаттықтырушыларына айтар алғысы шексіз. Әлем Чемпионатында Қазақстанның көк туын көтергеніме қуаныштымын. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. 56 мемлекеттен мықты-мықты спортшылар жиналды.  Бойлар ойдағыдай өтті деп ойлаймын. Бірақ, кішкене…

Read More

CaspianLife, 1 ақпан  — Маңғыстауда бір айда азық-түлік бағасына қатысты 17 адамнан шағым түскен. Аспандаған баға Ақтау қаласында, Түпқараған мен Мұнайлы аудандарында ерекше байқалады. Дүкенде азық құны бірден 30%-ке дейін көтерілген. Бұған арнайы жүргізілген мониторинг нәтижесінде көз жетті. Ал кәсіпкерлер бағаның қымбаттауын былай деп түсіндірді. Үлкен қор Павлодарда қазір. Ақтауға дейін тасымалдауымызға 45-50 теңгедей кетеді. Бұл жерде картопты 190 мен 200 теңгенің арасында сатамыз көтерме бағамен. Капустаның ең арзаны Қазақстан бойынша осы Маңғыстауда. Иранға жақын болғасын бізде арзан. 190-200 теңге. Картоп 250-300 тоннаның шамасында бар, пиязда сол шамада қоймаларымызда, — дейді кәсіпкер Нұрпейіс Назарғали. Облыста көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін «Каспий»…

Read More

CaspianLife, 1 ақпан  —  Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 қаңтар күні Жылыой ауданында болған 38 жасар тұрғын 1961 ж.т ер азаматтың мойнына бірнеше рет пышақ салған көрінеді. Кейін марқұмның денесін өзінің «УАЗ Патриот» маркалы көлігіне салып алып, белгісіз жаққа кеткен. Күдікті сол күні ұсталып, қамауға алынды. Аталған факт бойынша ҚР КК 99 бабының 3 тармағының 5 бөлігіне (кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Read More

CaspianLife, 1 ақпан  — Газбен жабдықтау жұмыстары 2024 жылдың соңына дейін аяқталады. Жобалар Атырау облысының 2021-2025 жылға дейінгі кешенді даму бағдарламасы аясында жүзеге асады деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. «Газ тарту жұмыстары Қызылқоға, Исатай аудандарындағы «көгілдір отын» жетпеген елдімекендерде жүзеге асады. Сапа мен нәтиже басты назарда болады» деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов. Қазіргі таңда Атырау облысында газбен жабдықтау көрсеткіші 99,8 пайыз.

Read More