CaspianLife, 11 ақпан — Атырау мен Астраханды жалғайтын жолдың 60 шақырымын жөндеу жұмыстары аяқталды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жаңа сайланған басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев «Атырау-Астрахан» автожолының қайта жөндеу барысын тексерді. «Еліміздің даму деңгейі автожолдарға да тікелей байланысты. Мен де, әріптестерім де жүктелген жауапкершілікті толық түсінеміз. Біздің мақсат — жұмыс қарқынын арттырып, істі жоспарға сай орындау. Жолды пайдалануға қабылдау кезінде сапаға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, орынды сын мен ашық диалогқа дайын екенімізді айтқым келеді. Халықпен кері байланыс орнату мақсатында Instagram және Facebook әлеуметтік желісінде келіп түскен пікірлер мен хаттарды жеке өзім оқимын», — деді компания басшысы Мейірхат Қасымбаев. «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның ақпаратына сүйенсек,…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 11 ақпан — Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автокөлік құрастыру басқармасы қызметкері жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қанша қаржы бөлу жоспарланып отырғанын, бастапқы жарна қанша болатынын айтты. ИИДМ 2027 жылға дейін жеңілдетілген автонесиеге 250 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырғаны айтылды. Мемлекет бюджетінен 150 миллиард, ал «ӨКМ Операторы» кәдеге жарату төлемінен 100 миллиард жұмсалады. «2022 жылы мемлекет бюджет тарапынан бастапқыда 30 миллион теңге бөлу көзделіп отыр. Келесі жылы 45 миллиард, 2024 жылы 50 миллиард беріледі», — делінген хабарламада. ИИДМ автомобиль құрастыру басқармасы қызметкері «ӨКМ Операторының» қаржысына байланысты мәселе әлі шешіліп жатқанын айтты. Үкімет кәдеге жарату төлемі тарапынан ақша бөлу идеясын қолдаса, 100…
CaspianLife, 11 ақпан — 9-10 ақпан аралығында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысының шалғайдағы фермерлік шаруашылықтарына барды. Ведомство басшысы фермерлермен кездесіп, жемшөп бағасын бақылап, операторлардың қоймаларын қарап шықты. Сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты. Жиында министр азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан күрделі жағдайды талқылау, жағдайды тұрақтандыру үшін одан әрі қадамдар жасау және жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелерін қарау мақсатында келгенін хабарлады. Ербол Қарашөкеев өткен жылы 733 шаруа қожалығы 281 089 мал басымен және 6776 жеке қосалқы шаруашылық көмек алғанын атап өтті. «Әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың 31 қаңтарында ҚР Үкіметінің…
CaspianLife, 11 ақпан — Ресейдің Камчатка өлкесінде Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, Ан-2 ұшағы Камчаткадағы Коряки ауылының маңында құлады, құтқарушылар оқиға орнына аттанды. Бұл туралы Ресейдің Камчатка өлкесіндегі Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ұшақ бортында екі адам болған. Оқиға нақтыланып жатыр.
CaspianLife, 10 ақпан — Оқиға бүгін, 10 ақпанда 17 шағын аудандағы 1-үйдің жанында болған. Желіде тараған видеода автокөлік жүргізушісі тротуарда ересек адаммен кетіп бара жатқанын, кенеттен оны қағып кеткенін көруге болады. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Бала тірі қалды, ауруханаға жеткізілді.
CaspianLife, 10 ақпан — Жиналғандар Қарин мен Айдарбаевтың келуін талап етті. Жаңаөзенде он күннен бері жұмыс сұрап, ереуілдеп тұрған қала тұрғындарымен мәмілеге келуге барған Маңғыстау облысы әкімдігі құрған комиссияға ереуілшілер сенімсіздік жариялайтынын айтты. Сәрсенбі күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Абзал Меңдібаев әкімдік алдында еруілдеп тұрғандарға комиссия ұсынысын жария етті. – 161 жұмыс орнын ашып отырмыз. Оның 100-і «Өзенмұнайгаз» компаниясына орналасады. 61 адамға жұмыс орны дайын. Олар дәл қазір «Кезби», «Өрт сөндіру», «ФТС», «Альянс», «КПТК», «Мұнайспецснаб», «Құнан», «Батысгеофизика,» Өзенгеофзика» мекемелеріне кіре беруге болады. Бұл — жағдайы өте нашар отбасыларына арналған. Олар сол жерге штатқа кіреді, бірақ жұмыссыздықтың схемасына кірмейді, аутсорсингке бармайды.…
CaspianLife, 10 ақпан — ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Ожаев ҚР Парламент Мәжілісіндегі адам құқықтары мәселесіне арналған дөңгелек үстелде қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша қозғалған қылмыстық істер жөнінде соңғы мәліметтерді айтты. «Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге байланысты министрлікке азаматтарды қамау орындарына заңсыз жеткізу, ұстау, жауапкершілікке тарту туралы көптеген шағым түсті. Әрбір осындай факті бойынша, шағым мен жарияланым бойынша тыңғылықты тексеру жүргізіледі. Егер ол мәлімет расталса, дереу шара қолданылады», — деді ІІМ өкілі. Ведомствоның бірінші вице-министрі қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандардың ісі арнайы прокурорлардың бақылауында екенін еске салды. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша террористік актілердің, жаппай тәртіпсіздіктердің себептері мен ұйымдастырушыларын анықтау жұмыстары Бас Прокуратураға жүктелгенін естеріңізге…
CaspianLife, 10 ақпан — 8 ақпаннан бастап Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен Жаңаөзен қаласында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі облыстық комиссия жұмысын бастады. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ өкілдері кірді. Арнайы құрылған облыстық комиссия бастамашыл топ өкілдерімен кездесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылады. Екі тарап та өзекті мәселелерді жан-жақты қарастырып, келіп түскен ұсыныстарды зерттеді. Нәтижесінде облыстық комиссия жұмыссыз азаматтарды 3 бағыт бойынша жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылдады. Атап айтқанда: Қазір қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да 100, сервистік қызмет көрсететін серіктестіктерде 61 жаңа жұмыс орны құрылып, халықтың осал топтарына жататын азаматтарды жұмысқа…
CaspianLife, 10 ақпан — Ақтауда заңсыз құрылыс тоқтамай тұр. 2021 жылы құзырлы органдар заңды белшесінен басқандарға 35 миллион теңгеден астам айыппұл салған. Қала құрылысы және сәулет басқармасы мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде 300-ден астам әкімшілік іс қозғаған. Оның ішінде 47 іс сотқа жолданды. Басқарма басшысының айтуынша, 35-і еш рұқсат құжатынсыз мемлекеттік органдарға ескертпестен тұрғын үй құрылысын бастаса, қалғаны сауда орындарын салмақшы болған. Ішінде ірі компаниялармен қатар шағын кәсіпкерлік иелері бар. Ал оларға мораторийге байланысты алдын ала тексеру жүргізу мүмкін болмай тұр. «Мәселе бар. Үлескерлік заңдылығы бойынша кейбір азаматтар, мысалы, жеке тұлғалар, кәсіпкерлер тұрғын үйді салып жатыр, бірақ уәкілетті органдарға тиісті құжаттарын…
CaspianLife, 10 ақпан — Облыстың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтырғы қыркүйектен бері 225 үйге осындай датчик орнатылған. «Қазір қызметкерлері тұрғын үйлердегi өрттiң алдын алу үшін түсінік жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мақсат – қайғылы оқиғалардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың үйiне улы газды анықтайтын құрылғы (датчик) орнатылды. Сондай-ақ, датчиктің инструкциясы көрсетiлдi. Улы заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясынан асқан кезде датчик дыбыстық дабыл шығарады. Бұл құрылғы автономды түрде аккумуляторлық батареямен жұмыс істейді. Батареяның жұмыс істеу мерзімі бiр маусымға жетеді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
