«Мұнай бар, тамақ жоқ!» Жаңаөзенде наразылық басылмады — Caspian life
Сенбі, 25 Маусым, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Мұнай бар, тамақ жоқ!» Жаңаөзенде наразылық басылмады

10.02.2022
Жаңалықтар, Қоғам, Мәселе, Оқиға
0
«Мұнай бар, тамақ жоқ!» Жаңаөзенде наразылық басылмады

CaspianLife, 10 ақпан  — Жиналғандар Қарин мен Айдарбаевтың келуін талап етті.

Оқи отырыңыз...

Алаяқтарға алданған маңғыстаулықтар әділдік талап етуде

Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел сот арқылы 1,3 млн тг өндіріп алды

25.06.2022
Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

25.06.2022

Жаңаөзенде он күннен бері жұмыс сұрап, ереуілдеп тұрған қала тұрғындарымен мәмілеге келуге барған Маңғыстау облысы әкімдігі құрған комиссияға ереуілшілер сенімсіздік жариялайтынын айтты.

Сәрсенбі күні Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Абзал Меңдібаев әкімдік алдында еруілдеп тұрғандарға комиссия ұсынысын жария етті.

– 161 жұмыс орнын ашып отырмыз. Оның 100-і «Өзенмұнайгаз» компаниясына орналасады. 61 адамға жұмыс орны дайын. Олар дәл қазір «Кезби», «Өрт сөндіру», «ФТС», «Альянс», «КПТК», «Мұнайспецснаб», «Құнан», «Батысгеофизика,» Өзенгеофзика» мекемелеріне кіре беруге болады. Бұл — жағдайы өте нашар отбасыларына арналған. Олар сол жерге штатқа кіреді, бірақ жұмыссыздықтың схемасына кірмейді, аутсорсингке бармайды. Жалақылары 200-300 мың арасында болады. Барып жұмыссыздықтан қағаз әкеліп орналаса беруге болады, — деді Абзал Меңдібаев.

Оның сөзін жиналғандар ашумен қабылдады. Олар жиналып тұрғандардың бәрінің де жағдайы ауыр екенін айтты.

Бәріміздің де жағдайымыз ауыр! Мұнай бар, тамақ жоқ! Біз бір талаппен келіп тұрмыз. «Өзенмұнайгаз» саласынан жаңа мекеме ашсын деп тұрмыз. Соның құрылысын бастасын. Өзіміз салайық, сосын сонда жұмысқа тұрайық. Болды. Біз ешқайда барып еш жерден қағаз әкелмейміз, ешқайда бармаймыз, — деді наразылардың бірі.

Оның сөзін бәрі қоштады. Ереуілшілер лидерінің бірі Жаңабай Нұғыманов облыстық әкімдік құрған комиссия ештеңе шешпейді деп санайтындарын айтты.

Мына комиссия ештеңе шешпейді. Астанадан «Қазмұнайгаз» бас директоры Алик Айдарбаев келсін, мемлекеттік хатшы Ерлан Карин келсін арамызға, халықты тыңдасын, талабын орындасын. Ал мына комиссияға сенімсіздік білдіреміз, — деді ол.

Абзал Меңдібаевтың «бұл басы, тағы 400 жұмыс орнын ашамыз, зауыт, фабрика салуды қарастырамыз» деген сөзін ешкім тыңдамады.

Жаңаөзенде бірнеше мың адам қаңтардың 31-інен бері қала әкімдігі маңына жиналып, тұрақты мұнай саласында жұмыс орынын ашуды сұрап келеді. Бұған дейін биліктің «мұнай таусылады» деген сөзіне наразылар «жер асты байлығын бірге тауысайық» деп ұсыныс айтқан.

 

Тегтер: Caspianақтаужұмыссыздықмаңғыстаунаразылық
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz