CaspianLife, 11 ақпан — Ресейдің Камчатка өлкесінде Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Ан-2 ұшағы Камчаткадағы Коряки ауылының маңында құлады, құтқарушылар оқиға орнына аттанды. Бұл туралы Ресейдің Камчатка өлкесіндегі Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ұшақ бортында екі адам болған. Оқиға нақтыланып жатыр.