Қазақ қызы Қытай атынан Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиадаға қатысуда — CaspianLife ақпараттық порталы
Жексенбі, 14 Тамыз, 2022
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

Қазақ қызы Қытай атынан Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиадаға қатысуда

08.02.2022
Әлем, Жаңалықтар, Қызықты мәліметтер, Спорт
0
Қазақ қызы Қытай атынан Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиадаға қатысуда

CaspianLife, 8 ақпан  — Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарында Қытай елінің атынан сынға түсіп жатқан этникалық қазақ қызы Ақнәр Адақтың көркіне ел сүйсінуде. 

Оқи отырыңыз...

Мұнай өнімдерін шекарадан асыруға жаңа шектеу енгізіледі

Қазақстан мұнайын тасымалдау бойынша Әзірбайжанмен келісім жоқ

14.08.2022
Атырауда 320 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға берілмек

Атырауда 320 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға берілмек

12.08.2022

Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сүйенсек, Ақнәр Адаққызы Қытай халық республикасының Шыңжаң өлкесінде 1999 жылы 1 маусымда дүниеге келген.

Ақнәрдің бойы — 165 см. Конькиші қыз Шыңжаң қыстық спорт түрлерін басқару орталығының атынан Олимпиадаға жолдама алған.

Халықаралық Олимпиада комитеті бастапқыда Ақнәрдің шорт-трек бойынша жарыстарға қатысып, 2018 жылдан бері конькимен жүгіру спортына ден қойғанын жазады. Оның себебін Ақнәр Адаққызы қытайлық басылымға берген сұхбатында айтқан.

«Мен өзімді үлкен қашықтықта сынап көргім келді. Мен осылайша түрлі қиындықтарға төтеп беріп, өзімді жетілдіремін. Конькимен жүгіруде жетістіктерге жетемін деп сенемін. Қазір сол мақсатта жоспар құрудамын», — дейді ол 2019 жылы 29 наурызда chinadaily.com сайтына берген сұхбатында.

Ақнәрдің спорттағы дамуына қытайлық коньки спортының атасы Синь Циньшань үлес қосқан. Ол алғашқы қытайлық Олимпиада чемпионы Ян Янның жаттықтырушысы ретінде белгілі.

2018 жылы қаңтарда Синь Шыңжаңға барып, сондағы спортшыларды шорт-трек пен конькимен жүгіру бойынша жаттықтырған. Бастапқыда әйгілі жаттықтырушы Ақнәрден жақсы нәтиже күтпеген.

«Ол өз нәтижесін айтарлықтай жақсартты, бірақ оны спортта әлі де ұзақ жол күтіп тұр. Оның орташа уақыты 7:19,32. Сондықтан спортшыларымызды ұзақ қашықтықта әлем үздіктерін қуып жету үшін көп тер төгу керек», — деп баға берген Ақнәрге Синь Циньшань.

Тегтер: CaspianәлемдеБейжіңконькимен жүгіруОлимпиада 2022
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.