CaspianLife, 17 ақпан — АМӨЗ 2 жылдан астам уақыт басқарған Шухрат Данбайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы, яғни сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салды деген айып тағылып отыр. Естеріңізге салайық, елдегі дүрбелеңнен кейін президент жанар-жағармай бағасын негізсіз өсіргендерді анықтауды тапсырған болатын. Қазір мекемені бірнеше мемлекеттік орган тексеріп жатыр. Petrocouncil мұнай-газ кеңесінің төрағасы Асылбек Джакиевтың айтуынша, тексерістен кейін бұрынғы басшының қатарына басқа да қызметкерлердің қосылуы әбден мүмкін. Мұнай-газ нарығындағылар зауытта не болып жатқанын бұрыннан білетін. Көпшіліктің көкейінде жаңғыртуға қатысты да күдік болды. Оның ішінде шикі мұнайды зауытта өңдеу схемасы бойынша да…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 17 ақпан — Шенеунік қаңтардың басында Маңғыстаудағы наразылық акциялары кезінде мас күйде көзге түскен. Әдеп жөніндегі кеңес мас күйінде көлік айдағаны үшін Форт-Шевченко қаласының әкімі Шалқыбай Әзірбаевты жұмыстан шығаруды ұсынды. Айта кетері, бұған дейін Әзірбаев митингке шыққандармен кездесуге барған кезде мас күйде көлік тізгініне отырғаны белгілі болды. Сол әрекеті үшін әкім 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Енді ол жұмыстан қуылды. «Кеңестің кезекті отырысында оны мемлекеттік қызметтен босату туралы бірауыздан шешім қабылданды. Заң мемлекеттік жұмысқа орналасуына шектеу қоймайды. Заңда бұл жағынан тыйым салудың нақты мерзімін белгіленбеген», — деді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы…
CaspianLife, 17 ақпан — Жаңаөзенде наразылық білдірген мұнайшылардың айлығы 20 пайызға көтерілетін болды. «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшылары жалақыға көңілі толмағандармен кездесіп осындай шешім қабылдаған. Жағдайды тұрақтандыру, кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек дауын ары қарай реттеу үшін бұған дейін 10 пайызға көтерілген болса, енді тағы да 20 пайызға өсіру туралы кәсіподақпен келісім жасалды. Осылайша осы жылдың басынан жалақының жалпы өсімі 30 пайызды құрайтын болады”, – дейді «ҚазМұнайГаз ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев. «ҚазМұнайГаз» басшылығы енді жалақыны бұдан артық биылға өсіре алмаймыз деп отыр. Сондықтан мұнайшыларға осы көтерілген айлыққа қанағат етіп, жұмысты жалғастыруларын сұрайды. Жалпы ресми статистика бойынша Жаңаөзенде 7…
CaspianLife, 17 ақпан — Қазақстанда әйелдер зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді сұрауда. Олар бұған дейін де митинг өткізіп, шенеуніктермен кездесуді талап еткен. Енді белсенділер депутаттарға үндеу жолдады. Олар халық қалаулыларынан мәселені парламент деңгейінде көтеруді сұрап отыр. Белсенділер зейнет жасына қатысты мәселені көтеріп талай есікті қаққан. Еңбек министрлігінің өкілдерімен кездесіп, депутаттарға, президент әкімшілігіне хат та жолдаған. Олар 60 жасқа дейін зейнетке шықсақ деп үміттенеді. Қазір заңға сәйкес әйелдер тек 60,5 жаста ғана зейнетке шыға алады. Ал 2027 жылы бұл ерлердің зейнет жасымен теңестірілмек. «Бұл заңды референдумсыз қабылдаған. Тұрғындардың өмір сапасын есепке алмаған. Тұрмысымызды еуропалық зейнеткерлердің өмірімен салыстырады. Бірақ біздегі айырмашылық…
CaspianLife, 17 ақпан — 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдайы бойынша 1 820 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 89,7 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (73,5%) Өзбекстаннан, 11,8% – Қытайдан, 3,7% – Түрікменстаннан, 3,1% – Моңғолиядан және 8,1% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (15,7%), Түркістан (14,0%) және Жамбыл (6,6%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,4%), Нұр-Сұлтан (7,4%) және Шымкент (8%) қалаларына қоныстанды. Осы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ды және зейнеткерлер 15,8%-ды…
CaspianLife, 17 ақпан — Елде соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығын дамытуға 2 триллион теңге бөлінген. Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін субсидия екі есе көбеймек. Салаға жауапты ведомства басшысы осы мақсатта үкіметтен қосымша 70 миллиард теңге сұрады. Министрлер кабинеті ұсынысты есептеп жатыр. Әрине субсидияны беру тәртібі өзгереді. Қаржы алған шаруаларға нақты міндет қойылады. Мәселен, 100 малдан кем дегенде 80 төл алу керек. Оның асыл тұқымды екені арнайы тексеріледі. Егін шаруашылығында да осындай міндеттер бар. Айта кетейік, елде соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығын дамытуға 2 триллион теңге бөлінген. Алайда бұл салада ауыз толтырып айтарлық нәтиже жоқ. Қаржы шаруаға жетпей, орта жолда талан-таражға…
CaspianLife, 16 ақпан — Атырау облысында бірнеше шенеунік мектеп пен сауықтыру кешенін салу кезінде қаржы жымқырған деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі. Ведомство «Атырау облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС басшысына қатысты соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Атырау облысында мектеп, екі отбасылық дәрігерлік амбулатория және денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына бөлінген аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. «ЖШС басшысына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұған дейін Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарған Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына…
CaspianLife, 16 ақпан — 16 ақпан күні сағат 06:00 шамасында Авангард-3 мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің 3 қабатында өрт шыққаны туралы 102 операторына хабарлама түскен. Оқиға орнына дереу барған патрульдік полиция автопатрульдеу экипажының қызметкерлері өрт шыққан үйдің тұрғындарын дереу эвакуациялау жұмыстарына кіріскен. Олар бес қабатты үйдің өрт шыққан подьезінің әр пәтерінің есігін қағып, 60-қа жуық тұрғынның дереу далаға шығуын қамтамасыз етті. Мынау мен тұрған 2 қабат, 3-қабаттағы көршіміздің балконынан өрт шыққан. Оны өздері білмейді, әбден өрт болып жанып кеткенде білген. Дереу келіп полицейлер мен өрт сөндірушілер бізге көмектесіп, бар киімімізді киіп далаға шықтық — деді, өрт шыққан үйдің тұрғыны.
CaspianLife, 16 ақпан — 2022 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда барлығы 12 күн демалады. Келер айда қазақстандықтарды бірден екі ресми мереке — 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз – Әз-Наурыз мейрамы күтіп тұр. Халықаралық әйелдер күнінде қазақстандықтар үш күн демалады — 6, 7 және 8 наурыз. Биылғы жылы 8 наурыз сейсенбіге сәйкес келетіндіктен, 5 наурыз жұмыс күні болады да, ал дүйсенбі 7 наурыз демалыс күні болады. Ал Наурыз мейрамы 21-23 күндері аралығында тойланады, сонымен бірге 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді. Осы себептен наурыз айында қазақстандықтар бірден бес күн – 19,…
CaspianLife, 16 ақпан — Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. 12 ақпан күні сағат 12:52 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының “102” арнасына Жайық жағалауында ақ түсті қапшыққа оралған қаруға ұқсас зат пен оқ-дәрілер жатқаны жөнінде хабарлама түскен. «Жедел-тергеу тобы тексеру кезінде Жайық жағалауынан қос ауызды тегіс ұңғылы қару мен оқ-дәрілерді анықтады», — делінген ПД хабарламасында. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабымен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс-тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
