Жаңаөзенде мұнайшылардың айлығы 20 пайызға өсетін болды — Caspian life
Сенбі, 25 Маусым, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңаөзенде мұнайшылардың айлығы 20 пайызға өсетін болды

17.02.2022
Жаңалықтар, Жұмыспен қамту, Қоғам, Мәселе
0
Жаңаөзенде мұнайшылардың айлығы 20 пайызға өсетін болды

CaspianLife, 17 ақпан  — Жаңаөзенде наразылық білдірген мұнайшылардың айлығы 20 пайызға көтерілетін болды. «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшылары жалақыға көңілі толмағандармен кездесіп осындай шешім қабылдаған.

Оқи отырыңыз...

Алаяқтарға алданған маңғыстаулықтар әділдік талап етуде

Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел сот арқылы 1,3 млн тг өндіріп алды

25.06.2022
Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

25.06.2022

Жағдайды тұрақтандыру, кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек дауын ары қарай реттеу үшін бұған дейін 10 пайызға көтерілген болса, енді тағы да 20 пайызға өсіру туралы кәсіподақпен келісім жасалды. Осылайша осы жылдың басынан жалақының жалпы өсімі 30 пайызды құрайтын болады”, – дейді «ҚазМұнайГаз ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

«ҚазМұнайГаз» басшылығы енді жалақыны бұдан артық биылға өсіре алмаймыз деп отыр. Сондықтан мұнайшыларға осы көтерілген айлыққа қанағат етіп, жұмысты жалғастыруларын сұрайды.

Жалпы ресми статистика бойынша Жаңаөзенде 7 мыңға жуық адам жұмыссыз. Олардың да мәселесі ушығып тұр. Дені мұнай компанияларына жұмысқа орналасуды көздейді. Бірақ жауаптылар барлығын бірдей мұнай-газ саласына орналастыру мүмкін емес деп отыр. Билік оны да шешудің жолын қарастыруда. Яғни жұмыссыз азаматтарды қайта оқытып, басқа бір кәсіпке бейімдемек. Қазір Жаңаөзенде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар азаматтардың әлеуметтік жағдайын зерделеп, алдымен тұрмысы нашарларын жұмыспен қамтымақ.

Шағымданушылардың арасынан құрылған комиссия қоғам белсенділері бар. Солар әр арыз берушінің бүгінгі таңда саны 194 болды. Солардың үйін аралап тұрмыстық жағдайын, отбасында табыс табушы кім, қанша табыс келеді, қандай жағдайы бар, соның барлығын зерделей отырып өздері шешім шығарады. Ұсынысқа қарай шешімді біз қабылдаймыз, – дейді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Тегтер: Caspianақтаужалақыжұмыспен қамтумаңғыстау
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz