CaspianLife, 22 ақпан — «Атырау-Индер бағытындағы тас жолдың 19-шақырымда «Лада Приора» мен «Лада Ларгус» көліктері соқтығысты. Полиция қызметкерлері жол апаты болған оқиға орнында тексеру жүргізді. Медициналық сараптама қорытындысна сәйкес «Лада Приора» көлігін басқарған 1997 жылғы жүргізушінің орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды. Сондай-ақ, бұл жүргізушінің көлік жүргізу құқығы болмаған. Жол апатының салдарынан екі көлікте болған 7 жолаушы әртүрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккен жолаушының бәрі облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір мас күйде көлік жүргізген жүргізушіге қатысты іс құжаттары жинақталып жатыр.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 22 ақпан — ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қанша полицей ауыр жарақат алғанын айтты. «Бұрын хабарланғандай, шабуылдаушылар тарапынан қылмыстық әрекеттердің жолын кесу, әкімшіліктер мен полиция ғимараттарына шабуылдарды тойтару барысында 3 мыңнан астам құқық қорғау органы қызметкері мен әскерилер түрлі дене жарақаттарын алды. Олардың 107-сі ауыр жарақат алды. Оның ішінде бас сүйегінің сынуы, пышақ жарақаттары, күйікке шалдығу және өзге ауыр зардаптармен емделіп жатыр», — деді С. Әділов. Оның айтуынша, биығы 5 қаңтарда Атырауда тәртіпсіздіктер кезінде облыстық әкімшілік ғимаратына шабуыл барысында қоғамдық тәртіпті күзетуге тартылған қарусыз полиция қызметкерін қатыгездікпен ұрып-соққан жергілікті тұрғын ұсталды. «Видеодан көрінгендей, ашулы…
CaspianLife, 21 ақпан — «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, онымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. «Елдің солтүстік жартысына фронтальді бөлімдер әсер етеді — қар жауады, боран соғады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде 5 аяздан 5 градусқа дейін жылу, батысында 0-10 градус аяз болады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
CaspianLife, 21 ақпан — Атырау полицейлері түнде көпірден секірмек болғанбойжеткенді құтқарды. Оқиға бүгін, 21 ақпанда болған. «Жедел басқару орталығының қызметкерлері түнгі сағат 03:08 шамасында «Атырау» шағын ауданындағы көпір үстінде белігісіз әйел адамның көпірден секіргелі тұрғанын байқаған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, көпірден секірмек болған 23 жастағы бойжеткенді құтқарып қалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Полиция аға лейтенанты Ерболат Мағзомовтың айтуынша, көпір үстінде тұрған адамды құтқару үшін шапшандық қажет болған. «Жедел хабарды естігенде, көпірге тезірек жетуді ғана ойладық. Бойжеткен көпір үстінде тұр екен. Сәл кешіккенде секіріп кетуі мүмкін еді. Жедел қимылдап құтқаруға кірісу қажеттігін түсіндім», — дейді полиция аға лейтенанты…
CaspianLife, 21 ақпан — Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтып берді. Оның айтуынша, Бас прокуратура «қаңтар оқиғаларының» себептері мен мән-жайларын анықтаған сайын «қаңды қаңтардың» жаңа көріністері байқалып жатыр. «Азаматтар бастапқыда бейбіт митингіге барғанын, содан кейін бұл бастаманы қылмыстық және деструктивті күштер ұстап, қиратумен мен тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, мемлекеттік билікті басып алу мақсатында терроризм актілерін жасағанын көріп отырмыз», — дейді ол. Республика бойынша қылмыскерлер мемлекеттік органдардың нысандарына арнайы шабуыл жасап, тәртіпсіздіктер жасаған. Осылайша олар қосымша құқық қорғау күштерінің келуіне жол бермеуге тырысқан. «Оған Атырау облысындағы жағдай мысал бола алады. Сырттан қауіпсіздік күштерінің…
CaspianLife, 21 ақпан — 2022 жылғы қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,7 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,4 млрд теңге бөлінді. 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 245 мыңнан астам адамды құрайды. «2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 291 теңгені құрады. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалғанын еске салайық. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ…
CaspianLife, 21 ақпан — Елімізде заңсыз жұмыс істейтін қоғамдық көліктер мен такси қызметі бақылауға алынады. Бұл туралы ҚР ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті. «Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап ел аумағында «Автобус» жедел профилактикалық шарасын өткізіп жатыр. Мақсат – жолда жүру қауіпсіздігін тағы бір еске салу. Шара барысында қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы тексеріледі. Сондай-ақ, қоғамдық көлік жүргізушілердің құжаты талапқа сай болуы да бақылауға алынады», — деді Шұғыла Тұрлыбек министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушілердің жұмысының еңбек кодексіне сай жүруі де тексеріске алынады. «Автобус жүргізушілердің денсаулық жағдайы мен медициналық тұрғыдан жұмысқа жарамдылығы мәселесіне мән берілмек. Одан бөлек,…
CaspianLife, 21 ақпан — Жақында Антикордың қатысуымен агроөнеркәсіптік кешен бойынша өткен жабық отырыста елде ауыл шаруашылығына арналған субсидиялардың қалай тоналғаны туралы айтылды. Белгілі болғандай, былтыр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осындай 106 қылмысты тіркеген. Бұл істер бойынша 63 адам күдікті деп танылды. Бір қызығы, олардың үштен бірі – бөлімнің немесе ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы. Қазір қылмыстық істер өндірісте, қажетті сараптамалар мен аудиторлық тексерулер жүргізіліп жатыр. Көп жағдайда субсидия ұрлаудың 3 негізгі әдісі қолданылады екен. Біріншісі, өтінім фермер атынан оның электрондық цифрлық қолтаңбасының көмегімен беріледі. Күдіктілер ЭЦҚ-ны алдау жолымен алды, ал ақша жалған актілер бойынша аударылады. Осылайша, Батыс Қазақстан облысы бойынша 120…
CaspianLife, 21 ақпан — Оқиға 20 ақпан күні сағат 12.40-та Құрманғазы ауданы Байда ауылдық округінің Алтынсарин көшесінде болған. Тұрғын үйдің 7×11 болатын кіреберіс бөлігі мен асхана бөлмесі жанып кеткен. Үйге жапсарлас салынған азық-түлік дүкеніне оттың таралуына жол берілмей, 2 сағаттан кейін өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
CaspianLife, 20 ақпан — Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Facebook-парақшасында пластик қызғалдақтарды алмастыратын жаңа қондырғылар эскизін бөлісті. Бұған дейін «Гүл алқабы» инсталляциясы қаңтардағы митингілер кезінде бүлінгені хабарланған болатын. Ақтау әкімінің айтуынша, қымбат электроника зардап шеккен. Сөйтіп, Нұрдәулет Қилыбай жұмысы аяқталмаған қондырғыны жаңа композицияға ауыстыруды ұсынған. «Бұл жолы қала атауын гүлдер композициясы орнына қоюды жөн көрдік. Екі нұсқа дайындалды. Қалай ойлайсыздар, қайсы жақсы?» — деп сұрады Ақтау әкімі қала тұрғындарынан. Жобалар өзгеруі мүмкін екені ескертілді. Еске салайық, Ақтаудағы Ынтымақ алаңындағы көгалдың орнына бюджеттен 15 404 000 теңгеге пластикалық «гүл алқабы» жасалды. Әкімдікте безендіру, жарықтандыру бойынша жұмысты «Clover media group» ЖШС жүргізді,…
