Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 24 ақпан  — Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде Донбасс жерінде әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлім етті. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады. «Қазіргі жағдай бізден жылдам шешім қабылдауды талап етеді. Донбасс Халық республикасы Ресейге көмек сұрап жүгінді. Осыған байланысты, БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес, Федерация Кеңесінің санкциясымен және Федералды жиналыс бекіткен ДХР-мен, ЛХР-мен достық және өзара көмек туралы келісімдерді орындау үшін арнайы әскери операция жасау туралы шешім қабылдадым», — деді Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша Ресей Украинаны жаулап алуды жоспарлап отырған жоқ. «Біз КСРО ыдырағаннан кейінгі қалыптасқан мемлекеттерге құрметпен қараймыз. Оған біздің…

Read More

CaspianLife, 24 ақпан  — Қазақстанда доллардың құны 451 теңгеге көтерілді. Бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің Донбаста арнайы операция өткізу туралы мәлімдемесінен Мосбиржидің таңертеңгі сессиясында доллардың рубльге шаққандағы бағамы 84 болса, еуро 94,6 рубльге дейін өсті. Бұл жағдай теңгеге де әсер етті. Нұр-Сұлтан қаласының валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451 теңгеден сатылып жатыр. Қолма-қол валюта қазірдің өзінде Алматыда бір доллар үшін 455 және тіпті 458 теңгеден саудалануда. Банктерде долларларды 452 теңгеден сатып алып, 458 теңгеден сатады.

Read More

CaspianLife, 24 ақпан  —  2021 жылы олардың үстінен 33 әкімшілік іс қозғалып, жауапкершілікке тартылған. Ал мамандардан өндірген қомақты қаражат мемлекет бюджетіне құйылды. Құқықбұзушылықтың басым көпшілігі жер қатынастар, архитектура және құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық және кәсіпкерлік саласында тіркелген. Бақылау жүргізілген мекемелер ішінен облыс бойынша Ақтау қаласы әкімдігі, Қарақия және Түпқараған ауданы әкімдіктерінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет тәртібін бұзғаны анықталған. Ішінде басшылық құрамда бар. Сонымен қатар, 36 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Барлығы қызметін жалғастыруда. «Әкімшілік кодекстің 465 бабы, 1,2 бөлігі, ол мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы, сондықтан осыған байланысты әкімшілік хаттама толтырдық. Басқа жауапкершілік болса тәртіптік жауапкершіліке тартамыз. 33 хаттама да барлығында мемлекеттік қызметшілер…

Read More

CaspianLife, 24 ақпан  — Атырау облысының шаруалары 5-6 жыл қатарынан болған құрғақшылықтың зардабын әлі тартып отыр. Оның үстіне өзендер мен басқа да тұщы су көздерінің тапшылығы ауылшаруашылығын дамытуға кері әсерін тигізді. Салдарынан «Қайыршақты» округіне қарасты ондаған шаруашылық Атырау Жылу Қуат орталығынан шыққан қалдық суды қанағат тұтып келеді. Бірақ ол судың сапасы сын көтермейді. Осы және өзге де саладағы қордаланған мәселелерді қожалық иелері тағы да көтерді. Облыс шаруаларын тығырыққа тіреп отырған – мал мен егінге қажет су мәселесі. Жыл санап арнасы тартылып бара жатқан Жайық өзенінің мүмкіндігі мұнайлы өңірдегі өндіріс орындары мен ауыз судан артылмайды. Ал мал мен егінге кажетті тірлік…

Read More

CaspianLife, 24 ақпан  — «Жасыл даму» мемлекеттік ұйымына берілген 200 млрд теңгеден астам қаражаттың жартысы отандық автокөлікті несиелендіруді субсидиялауға жұмсалмақ. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр отандық телеарналардың біріне тікелей эфирде берген сұхбатында осындай жағымды жаңалықпен бөлісті. «Біз «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында 4 немесе 5 рет келіссөздер раундын өткіздік. Біз утилизациялық алымды толықтай жойсақ, елге ескі автокөліктер кіріп кетеді. Сондай-ақ, отандық автонарықты ынталандырудың өзге де жолдарын талқыладық», -дейді Роман Скляр. Сонымен қатар, оның айтуынша, қаңтарда «Жасыл даму» мемлекеттік ұйымына берілген 200 млрд теңгеден астам қаражатты халықтың игілігіне жұмсау туралы шешім қабылданған. «Оны қалайша халық игілігіне жұмсайсыз? Біз осы қаражаттың 100 млрд…

Read More

CaspianLife, 24 ақпан  — Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Сатқан Ерғалиев зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен кетті. Сатқан Ерғалиев  білім саласындағы басшылық қызметке 2008 жылы келген. 2008-2009 жылдары – Атырау қалалық білім бөлімінің бастығы, 2009-2011 жылдары – Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Атырау облыстық департаментінің басшысы болған. 2011-2013 жылдары – облыстық білім басқармасын, 2013-2014 жылдары – Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің облыстық департаментін басқарған. 2014 жылдан 2017 жылға дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің облыстық департаментінің басшысы болып жұмыс істеген. 2017-2020 жылдары Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің облыстық департаментінің басшысы лауазымын атқарған.…

Read More

CaspianLife, 24 ақпан  — «Жасыл» аймақтағы Атырау облысында соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі 2,6 есеге төмендеді. Бұл туралы кеше онлайн брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті. «Атырау облысында 2020 жылдың наурызынан бері 62 186 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Содан бері науқастардың 98,2%-ы сауығып шықты. Соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі 2,6 есеге төмендеді. Қазір өңірдегі 2 360 төсектік инфекциялық стационарларда қауіпті вирус белгісі табылған 50 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 9 пациент оқшауланған», -деді Асхан Байдуәлиев. Оның мәліметінше, осы кезге дейін коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 268 012…

Read More

CaspianLife, 23 ақпан  — Жаңаөзенге халықпен кездесуге келген оппозиционер әрі қоғам белсендісі Жанболат Мамайды тұрғындар тас лақтырып, қуып жіберді. Әлеуметтік желіде халықтың біраз бөлігі жаңаөзендіктердің бұл әрекетін құптаса, енді біреулер қате санап, елінің жоғын жоқтап, қолдауға келген Жанболат Мамайға бұлай жасамау керектігін алға тартуда. Ерікті Фейсбуктегі парақшасында оқиғаны ұйымдастырған үкімет деді «Бұл барып тұрған өтірік. Біз осында наразылыққа шыққан аналарға барып, қолдау көрсеттік. Олардың жалақысы 60 мың тг, оны 100 пайызға көтеруді сұрайды. Аналармен сөйлесіп тұрғанымызда арандатушылар келіп біздерге бас салды. Бірақ ереуілшілер оларды қуып жіберді»,- деп жазды Жанболат Мамай.

Read More

CaspianLife, 23 ақпан  — Атырауда қаңтар айының басындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты 28 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал Гилимның айтуынша, қазір арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу топтары жаппай тәртіпсіздікке қатысты 28 қылмыстық істі тергеп жатыр. «Оның ішінде терроризм актілеріне қатысты 2, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысуға байланысты 10, билікті басып алуға шақыру дерегімен 1 қылмыстық іс бар. Сондай-ақ, полицияға қарсы күш қолдану бойынша 2, қаруды ұрлауға қатысты 1 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жаппай тәртіпсіздік кезіндегі іс-әрекеттер жазылған бейнежазбалардың барлығы зерделенді. Зардап шеккендер мен куәлардан жауап алынды. Сот санкциясымен 25 адамға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу шарасы қолданылды.…

Read More

CaspianLife, 23 ақпан  — Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал Гилим мәлімдеді. «Қазіргі уақытта бір полиция қызметкерінің жағдайы ауыр. Оған күрделі ота қажет. Ал, зардап шеккен өзге де күштік құрылым қызметкерлері ауруханалардан шықты» деп атап өтті спикер Абзал Гилим. Жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде Атырауда 103 тұлға ауыр жарақат алды, оның ішінде 55 полиция, 28 Ұлттық ұлан қызметкелері және де 20 азаматтық тұрғын бар. Еске сала кетелік, жаппай тәртіпсіздіктер барысында Атырауда полицияның 17 қызметтік автокөлігі, 4 «жедел жәрдем» және 1 автобус зақымдалды. Жалпы келтірген залал 168 миллион теңгеден асты.

Read More