Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 10 наурыз — Маңғыстау облысының экология департаменті Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Берік Ізғалиевке қатысты әкімшілік іс қозғады. Шенеунікке 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 306 300 теңге көлемінде айыппұл салынды, — деп хабарлайды Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі. Былтыр Маңғыстау облысында 103 нүктеде заңсыз төгілген қоқыс анықталды. Оның 38-і Жаңаөзен қаласына тиесілі, ал қалғандары өзге аудандардан табылған. Аталған қоқыс үйінділерін 2021 жылдың 10 тамызына дейін жою кестесі жасақталған еді. Ақтау қаласы, Қарақия, Мұнайлы, Түпқараған аудандары түгелдей қоқыс орнын тазартса, Жаңаөзен қаласының әкімдігі тек 4 орынды ғана тазалаған. Экология және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері жоғарыда…

Read More

CaspianLife, 10 наурыз  — Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер жариялады. Сонымен қатар, тергеу барысында Мәсімов әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері көп анықталғаны хабарланды. «Жылжымайтын мүлікті заңсыз алу деректері, қымбат сыйлықтар, оның ішінде мәдени құндылықтар, отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерінен және шетелдік субъектілерден қомақты қаражат алу дерегі құжатқа түсті. Атап айтқанда, ҰҚК төрағасы лауазымында Мәсімовтің жабық келісімшарттардың бірі бойынша шет мемлекет өкілдерінен 2 миллион АҚШ доллары сомасында пара алу дерегіне тергеу жүріп жатыр», — делінген хабарламада. Аталған қаражаттың Гонконгтан Қазақстан Ұлттық…

Read More

CaspianLife, 10 наурыз — Атырауда қаңтар оқиғасына байланысты қамалған 8 күдікті аштық жариялады. 9 наурызда УГ-157/1 мекемесінің алдына күдіктілердің туыстары жиналып, жақындарын көрсетуді талап еткен. Оқиға орнына барған «Ақ Жайық» тілшісі мекеменің ішінде отырған ер адамдардың айқайлап, қара және қызыл түсті маталарды бұлғағанын жазды.  Адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының Атырау облысы бойынша бөлімшесінің директоры міндетін атқарушы Дария Ұлжағалиеваның сөзінше, күдіктілер аштықты әлі жалғастырып жатыр. Ол 9 наурызда кешке тергеу изоляторына кіріп шыққан. Оның айтуынша, негізінен «Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру» және «Билік өкіліне күш қолдану» баптары бойынша күдікке ілінген азаматтар өздерін үйқамаққа шығаруды талап етіп отыр. Бұған қоса, қаңтар айында ұстау…

Read More

CaspianLife, 10 наурыз — Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мақат ауданының жаңа әкімі Ринат Ибрагимовті аудан активіне таныстырды. Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, Мақат ауданының жаңа басшысы президент әкімшілігінің, сондай-ақ, аудандық мәслихатының келісімімен тағайындалды. Ринат Ибрагимовті активке таныстырған өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша алда ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтіп, жұмысына сәттілік тіледі. Облыс әкімі ауданды екі жарым жыл басқарған Шәкір Кейкинге ауданды дамытып, көркейтуге қатысты жасаған жұмысы үшін алғысын білдірді. Ринат Хисаұлы Ибрагимов 1986 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетін бітірген. Еңбек өтілі: Еңбек жолын…

Read More

CaspianLife, 10 наурыз — Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мұғалім тапшы өңірлерді атады. Бұған дейін Президент мұғалім тапшылығы бар өңірлерге мамандарды тартудың арнайы бағдарламасын жасауды тапсырған болатын. Вице-министрдің айтуынша, бағдарламаның негізгі мақсаты – өңірлерге сапалы мұғалімдерді тарту арқылы білім сапасын арттыру. Тиісті өңірлерге мұғалімдерді тартудың арнайы конкурстық жобасын әзірлеп, оларды әрі қарай әлеуметтік қолдау арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуін арттыру көзделіп отыр. Оны орындау барысында талдау жұмыстары жүргізілді. Осы ретте өңірлердегі бала туу туралы айтып өтуге болады. Олардың қатарында Алматы, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстары бар. Бұл өңірлерде соңғы 3 жылдың ішінде бала өсімінің динамикасын байқауға болады, — деп айтты…

Read More

CaspianLife, 10 наурыз  — Маңғыстауда 1 апта ішінде төрт өрт оқиғасы тіркелген.  Облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің мәліметіне сәйкес, қайғылы жағдайлардың бірі 2 наурыз күні Форт-Шевченко қаласында орын алған. Зауыт көшесінде орналасқан Аташ тұрғын үй массивіндегі баспаналардың бірінде өрт шыққан. Аумағы 5 шаршы метр болатын дәліз отқа оранған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды өшіріп, бөлмелердің бірінен 1973 ж азаматтың мүрдесін тапқан. 1 наурыз күні жаңаөзендегі Көктем ықшам ауданында орналасқан «Aday doner house» киоскісінің шатыры өртенді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Сол күні Құрық портының тас жолында 2014…

Read More

CaspianLife, 10 наурыз  — Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2025 жылға дейін халық табысын арттыру бағдарламасы бойынша кімнің жалақысы көтерілетінін айтты. Министрдің сөзінше, кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейі бойынша талдау нәтижелеріндегі тұрақты оң динамикаға қарамастан, соңғы екі жылда халықтың ақшалай табысының өсу қарқыны 2019 жылғы 6,4 пайыздан 2021 жылғы 2,9 пайызға дейін баяулаған. «Сонымен қатар, еңбек етуден түсетін кірістің төмендеуі және әлеуметтік трансфеттердің кірісінің өсуі байқалады. Еңбек етуден түсетін табыстың үлесі соңғы он жылдағы 10,8 пайыздық тармаққа төмендеді, ал әлеуметтік трансфеттердің үлесі 10 пайыздық тармаққа өсті», — дейді ол. Әлібек Қуантыров еңбек табысының өсуін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет,…

Read More

CaspianLife, 10 наурыз  — Қазақстаннан Украинаға гуманитарлық көмек жеткізу жолдары қарастырылуда. Бұл туралы Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібай мәлім етті.  Гуманитарлық қызмет – Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының маңызды бағыты. Еліміз түрлі себептерге байланысты күрделі гуманитарлық жағдайға тап болған мемлекеттердің халқына әрқашан мүмкіндігінше көмек көрсетуге ұмтылады. Басқа мемлекет ресми өтініш білдірген жағдайда Қазақстан дәстүрлі түрде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді. «Үкімет жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украинаға жалпы құны 2 251 445 АҚШ доллары болатын 25 түрлі медициналық дәрі-дәрмек жіберу туралы шешім…

Read More

CaspianLife, 10 наурыз  —  Ақтаулық экологтар теңізге және Қаракөлге төгіліп келген сарқынды су құрамында нитрат пен хлоридтің қалыпты мөлшерден тым көптігін анықтады. Жағажайдағы кешенге тиесілі құбырдан Каспийге лас су ағып тұрғаны бұған дейін де айтылған. Кейін қонақ үй әкімшілігі әлгі құбырды алып тастады. Ал Қаракөлге шығатын екінші құбырды қазу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Экологтар екі жерден де сынама алып, зертханада тексерген. Табиғатқа залал келтірген серіктестікке 6 бірдей әкімшілік хаттама толтырылды. Уәкілетті органға қызметтік хат жолданған. «Заңды түрде олар рұқсатын алған. Талаптарды сақтамағандығы бойынша қазір әкімшілік жауапқа тартылып отыр. Олардың 2021 жылдан бастап биологиялық тазарту кешені жұмыс жасамағаны анықталды. Содан жобадан…

Read More

CaspianLife, 9 наурыз — Атырау облысы аумағында 6-8 наурыз аралығында көлік құралдарының материалдық шығынмен орын алған 64 ұсақ жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл туралы Polisia.kz сайтында хабарланды. Жылыой ауданында бір жол-көлік оқиғасы тіркелді. ЖКО салдарынан төрт жолаушы дене жарақатын алған.  Өз кезегінде Атырау облысы Полиция департаменті жолдардағы төтенше жағдайды болдырмау үшін жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына жолда абай әрі мұқият болуды, сондай-ақ жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу жол-көлік оқиғаларына алып келуі мүмкін, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Read More