«17 млн доллар, қымбат көлік, элиталы үйлер»:Мәсімовтің ісі туралы ақпарат жарияланды — CaspianLife ақпараттық порталы
Понедельник, 27 марта, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«17 млн доллар, қымбат көлік, элиталы үйлер»:Мәсімовтің ісі туралы ақпарат жарияланды

10.03.2022
Жаңалықтар, Қылмыс, Саясат
0
«17 млн доллар, қымбат көлік, элиталы үйлер»:Мәсімовтің ісі туралы ақпарат жарияланды

CaspianLife, 10 наурыз  — Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректер жариялады.

Оқи отырыңыз...

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

ОФ «БолашакК» начал реализацию проекта «Внедрение программы «Раннего вмешательства» в Атырауской области»

24.03.2023
Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

Облыста өкпе дертімен 700 адам есепте тұр

24.03.2023

Сонымен қатар, тергеу барысында Мәсімов әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық белгілері көп анықталғаны хабарланды.

«Жылжымайтын мүлікті заңсыз алу деректері, қымбат сыйлықтар, оның ішінде мәдени құндылықтар, отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерінен және шетелдік субъектілерден қомақты қаражат алу дерегі құжатқа түсті.

Атап айтқанда, ҰҚК төрағасы лауазымында Мәсімовтің жабық келісімшарттардың бірі бойынша шет мемлекет өкілдерінен 2 миллион АҚШ доллары сомасында пара алу дерегіне тергеу жүріп жатыр», — делінген хабарламада.

Аталған қаражаттың Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтарылуы қамтамасыз етілетіні айтылды.

Сондай-ақ, Мәсімов премьер-министр лауазымында болғанда елордада бизнес-құрылымдардың бірінен құны 2,5 миллиард теңгеге жуық элиталық қонақүй мен жер учаскесін алу дерегі бойынша тергеу басталды.

Мәсімов ұсталғаннан кейін, 2022 жылдың қаңтарында бұл қонақүйден 17,2 миллион АҚШ доллары, сондай-ақ көптеген сәнді заттар — элиталық сағаттар, алтын құймалар, антиквариат және тағы басқа заттар тәркіленгені хабарланды.

Одан бөлек, бизнес-класс санатындағы 11 қымбат автокөлік тәркіленді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы екі элиталық пәтеріне, Алматыдағы екі пәтерге және сарайға, сондай-ақ, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлдің жағасындағы ауданы 1 гектар жер учаскесіне тыйым салынды.

Мәсімовпен жақын байланыстағы адамдардан 5,1 миллион доллар тәркіленді.

«Осымен бір мезгілде Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды», — делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, барлық көрсетілген деректер бойынша қарқынды  жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.

Тегтер: CaspianКәрім Мәсімовқазақстандақылмысопасыздықсыбайлас жемқорлықҰлттық қауіпсіздік комитеті
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.