CaspianLife, 14 наурыз — Ақтаулық тұрғын «Каспий жылу, су арнасы» мекемесі жұмысшыларының 12 ықшам аудандағы үйлердің маңындағы ағаштарды кесіп жатқанына наразылық білдірді. Ол кәсіпорын қызметкерлерінің іс-әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. «Ойын алаңына жақын өскен ағаштар балаларды жауыннан, күннен қорғайтын еді. Осы уақытқа дейін өзім суарып, күтіп-баптадым. Енді кішкентайларға обал болды. Көп жылғы еңбегім де зая кетті», — деп налиды Елена Егорова. «ҚЖСА» басшылығының сөзінше осы маңдағы су құбыры ауыстырылып жатқан көрінеді. «Жұмысшылар мүмкіндігінше ағаштарға тиіспеуге тырысады, бірақ олардың кейбірі құбырлардың үстіне отырғызылғандықтан, кейбірін алып тастау керек болды», — дейді олар. Алайда, тұрғындар мұнымен келіспейді. «Олар тым құрығанда мұқият кесуге…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 14 наурыз — Бүгін Ақтау қаласындағы 1 шағын ауданда орналасқан №3 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан өрт шықты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Құтқарушыларға қоңырау сағат 08:50 шамасында түскен. Өртті сөндіру үшін 9 техника, 26 қызметкер жұмылдырылды. Департамент мамандарының айтуынша,ғимараттағы әдістемелік бөлім жанған. Жалын жарты сағат ішінде сөндірілді. 100-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт ғимараттың 30 шаршы метрін шарпыды», — дейді Ақтау қалалық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Әбдіраш.
CaspianLife, 14 наурыз — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді. «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына, оның үш орынбасарына және тағы екі лауазымды тұлғаға қатысты билікті басып алу, қызметін асыра пайдалану, сондай-ақ аса ірі көлемде пара алу бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҰҚК-ның бұрынғы басшысы мен оның үш орынбасары қамауға алынды. Біз сот органдары баға береді деп ойлаймыз. Аталған қылмыстар бойынша Қылмыстық кодексте 17 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған. Қазір тергеу жүріп жатыр», — деді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында. Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімовке қатысты ҰҚК Қылмыстық…
CaspianLife, 14 наурыз — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы мен астанадағы» Қазақтелеком» кеңселерінде тінту жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Олжас Бектенов айтты. Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Бектенов «Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев қылмыстық іс бойынша тек куәгер ретінде өтіп жатқанын атап өтті. «Әрине, тергеу жүріп жатқандықтан, тінту шараларын, соның ішінде «Қазақтелекомда» жүргізу қажет. Олар Алматыда да, астанада да өткізіледі. Қуанышбек Есекеев — қазіргі басшы әзірге іс бойынша бізде өтпейді. Куәгер ретінде жауап алынды», — деді Бектенов. Еске салайық, кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі…
CaspianLife, 14 наурыз — Қазір полицияның тергеуінде 2 919 қылмыстық іс бар. Бір мыңнан астам күдікті қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мәжілісте баяндады. «Мемлекет басшысы жазаны жеңілдететін жағдайларды ескерудің маңыздылығын атап өткеннен кейін 400-ден аса күдіктінің ішінен 219-ы қамаудан босатылды. Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 184 күдікті қамауда. Тергеу барысында 12 мыңнан астам азаматтан жауап алынды. Екі мыңдай сараптама тағайындалды», — деді ведомство басшысы. Ол өз сөзінде ұрланған мүліктің көп бөлігі тәркіленгенін айтып өтті. «Тәркіленген мүліктердің арасында 12 автокөлік, 311 бірлік тұрмыстық техника, 188 зергерлік бұйым, 261 ұялы телефон, 16 млн теңге…
CaspianLife, 14 наурыз — Қаңтар оқиғасы кезінде 2 800-ден астам қару-жарақ пен оқ-дәрілер ұрланды. Бұл туралы Мәжілісте ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты. Оның атап өтуінше, қаңтар оқиғасы кезінде «Бейбіт жиналыстар туралы» Заңға сәйкес өз талаптарын ашық түрде мәлімдеу бойынша азаматтардың құқықтары сақталды. Барлық аймақтарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көтерілген мәселенің нақты шешімдері ұсынылды. «Бірақ, өкінішке қарай араға арандатушылар қосылды. Нәтижесінде, бейбіт жиналыс заңсыздыққа ұласты. Оның ішінде авто және теміржолдар жабылды. Вокзал мен әуежай қызметтеріне тосқауыл қойылды. Қызметтік автокөліктер өртелді. Мемлекеттік органдардың ғимараттары қоршалды. Заңды талаптарға бағынбай, қарсылық көрсетілді. Соның өзінде, полиция ешқандай күш қолданған жоқ. Бұл жағдайды пайдаланып, мыңдаған…
CaspianLife, 12 наурыз — тырау қаласында есірткі бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мәлім етті. «2022 жылғы 6 наурызда Атырау қаласында ҰҚК департаментінің қызметкерлері каннабистік топтағы есірткіні өңірлік жеткізу арнасына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан Республикасының 3 азаматын ұстады. Биылғы 7 наурызда топтың тағы бір қатысушысы ұсталды. Алдын ала деректер бойынша, ол есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған. Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден астам марихуана есірткісі алынды, оның қара нарықтағы құны 60 млн теңгеден артық сомаға бағаланып отыр. Осы фактілер жөніндегі сотқа дейінгі материалдар ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне…
CaspianLife, 12 наурыз — Еліміздің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлерде бірқатар шектеу алынып тасталады ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады: Бірінші. Эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде: — «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану; — әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар; — міндетті термометрия. Екінші. Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию. Үшінші. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету…
CaspianLife, 12 наурыз — Атырау облысында ер адам өріске мал айдап шығып, жоғалып кеткен. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылқоға ауданында 10 наурызда сағат 9:00 шамасында 62 жастағы ер адам жоғалған. «Сол күні «Есен» шаруа қожалығының малшысы өріске ірі қара айдап шыққан. Кейін ол хабар-ошарсыз кеткен. Бұған сол күні аталған ауданда қалың қар жауып, екпіні қатты желдің соғуы себеп болған. Бұл туралы аталған шаруа қожалығынан Мұқыр ауылдық округіндегі учаскелік полиция инспекторына хабар түскен. Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторлары аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірге «Қайнармұнайгаз» басқармасының көмегімен жоғалған ер адамды іздеуге кірісті», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.…
CaspianLife, 11 наурыз — 10 наурызда Жаңаөзен қаласында мұнай саласынан жұмыс тауып беруді талап еткен азаматтардың наразылығына 39 күн болды. Белсенді Жаңабай Нұғымановтың айтуынша, кейінгі кезде әкімдіктің алдына шамамен жүз адам жиналып жүр. Бұған дейін жергілікті билік шамамен 150 адамға жұмыс ұсынған. Белсендінің сөзіне қарағанда, ол жұмыс орындарына тұрмысы нашар отбасылар, сонымен бірге мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасы мүшелері жіберілген. Наразыларға осыған дейін қызмет көрсету саласындағы түрлі компаниялардан жұмыс ұсынылғанмен олар бас тартқан. Себебі Нұғымановтың айтуынша, ондай орындарда істейтін жұмысшылардың өздері жалақыға жарымай отыр. Өткен аптадан бері кемінде сегіз адам «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» (Әкімшілік кодекстің 488-бабы) бабы…
