Кибербуллинг туралы заң жобасы мақұлданды — Caspian life
Сенбі, 25 Маусым, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кибербуллинг туралы заң жобасы мақұлданды

09.03.2022
Жаңалықтар, Мәселе
0
Кибербуллинг туралы заң жобасы мақұлданды

CaspianLife, 9 наурыз — Мәжілісте әлеуметтік желілерде балаларға жасалған буллингке қатысты жазбалар мен пікірлерді бұғаттауға міндеттейтін заң жобасы мақұлданды. Бұл норма Мәжілісте екінші оқылымда мақұлданған бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасында жазылған.

Оқи отырыңыз...

Алаяқтарға алданған маңғыстаулықтар әділдік талап етуде

Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел сот арқылы 1,3 млн тг өндіріп алды

25.06.2022
Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

25.06.2022

«Платформалар, 100 мыңнан аса қолданушысы бар әлеуметтік желілер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кибербуллинг деректері бойынша өзара іс-қимыл жүргізетін өз өкілін тағайындауы тиіс.  Мысалы, ата-ана АҚДМ-ға баласына әлеуметтік желілерде кибербуллинг жасалды деген арызбен жүгінсе, АҚДМ-да үш күн ішінде шаралар қабылдануы қажет. Осы үш күн ішінде олар ақпаратты тексеріп, әлеуметтік желі өкіліне жібереді. Өкіл 24 сағат ішінде балаларға қатысты кибербуллинг бар контентті, ақпаратты жоюы тиіс», — деп түсіндірді заң жобасын депутат Динара Закиева.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, оқушылардың 12 пайызы буллингке ұшырайды. 11-15 жастағы балалардың 11 пайызы әлеуметтік желілердегі кибербуллингке қатысқан немесе осындай жағдайға ұшыраған. Былтыр кибербуллинг деректері бойынша 78 мың өтініш тіркелген. Оның айтуынша, заң жобасы «кибербуллинг» және «қудалау» терминдеріне анықтама береді. Ол — қорлау сипатындағы жүйелі әрекеттер, қорқыту, қудалау, сондай-ақ, кез келген әрекетті жасауға немесе одан бас тартуға мәжбүрлеу. Бұл әрекет қоғамдық салада немесе телекоммуникация желісінде, сондай-ақ, әлеуметтік желілерді қолдана отырып, дәл осындай әрекеттер жасау арқылы жүзеге асады.

«Қазір ең ірі әлеуметтік желілермен келіссөздер жүргізілді. Олар — Facebook, Instagram, LinkedIn. Алдын ала мәліметтер бойынша, Гонконгта министрлік байланыста болатын өкілдер анықталды», — деп қосты ол.

Тегтер: Caspianәлеуметтік желіжасөспірімдеринстаграмкибербуллингфейсбук
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz