CaspianLife, 19 наурыз — Экологиялық ахуалы нашар өңірдің қатарында Атырау облысы да бар. Еліміздегі ауасы ластанған 10 шаһардың тізіміне Атырау қаласы енген. Бұл өңір тұрғындарының арасында түрлі аурудың белең алуына әсер етіп отыр. «Қазір облыстық онкологиялық диспансердің есебінде 4 500 адам тұр. Оларға 31 дәрігер медициналық қызмет көрсетеді. Биыл диспансерге жаңа ғимарат салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға бюджеттен қаржы бөлінетіні күтіліп ортыр. Жобалық-сметалық құжаттама жасақталғаннан кейін диспансер орналасқан қазіргі ғимараты бұзылып, орны күреледі. Ал, келесі жылы жаңа ғимараттың құрылысы басталады. Құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін онкологиялық диспансер уақытша облыстық аурухананың ғимаратына көшіріледі», — деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 19 наурыз — Атырау облысында шалғайдағы ауыл жылдамдығы жоғары интернетке қосылды. Қызылқоға аудандық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Соркөл ауылындағы 23 отбасында 80 адам тұрады. Бұрын бұл ауылда интернет желісі болмаған. «Ауданда ауылдарды, оның ішінде шалғайдағы шағын елді мекендерді жылдамдығы жоғары интернет желісіне қосу жұмысы жалғасып жатыр. Соркөл – Қызылқоға ауданында жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етілген он үшінші ауыл. Ауыл аудан орталығы – Миялы мен Сағыз стансасының аралығын жалғайтын жол бойында орналасқан. Облыс орталығына дейінгі қашықтық 300 шақырымды құрайды. Осы кезге дейін бұл ауылда мобильді байланыспен сөйлесу қиындық тудырды. Енді ауыл тұрғындары талшықты-оптикалық байланыс желісін тұрақты пайдалатын болды. Қазір елді…
CaspianLife, 19 наурыз — Атырауда полицейден қашқан мас жүргізуші көліктен түсіп, Жайыққа секіріп кеткен. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 наурызда сағат 17:30 шамасында болған. «Полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы Владимирский-Ғұмаров көшелерінің қиылысында күдік тудырған «Лада Приора» автокөлігін тоқтатпақ болған. Алайда, рульде отырған жүргізуші полицейлердің талабына бағынбай, қаша жөнелген. Кейін көлігінен түсіп, көпірге дейін жаяу қашқан. Жайық өзенінің тұсына келгенде суға секірген. Патрульдік полиция қызметінің инспекторлары, аға лейтенант Жексенбек Нұрымов пен полиция лейтенанты Данабек Сақауов құқық бұзушыны ұстады. Тексеру кезінде 33 жастағы ер адам жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Соған қарамастан мас күйде көлік жүргізген», — деп хабарлады департаменттің баспасөз…
CaspianLife, 18 наурыз — Маңғыстау облысында туристік кластерді дамыту үшін осы жылы «Сарша» аймағын және «Жылы жағажай» курорттық аймағын газдандыруды аяқтау көзделген. «Мақат-Солтүстік Кавказ», «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырларының параллель желілері салынады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты. «Газдандыру бойынша бірқатар маңызды жоба жоспарланған. Атап айтқанда, биыл қолданыстағы «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырын күрделі жөндеуді бастау, сондай-ақ «Мақат-Солтүстік Кавказ» және «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырларының параллель желілерін салу жоспарлануда. Атап өтетін жағдай, осы магистральдық газ құбырлары бір желілік орындаумен салынған және техникалық мүмкіндіктер мен пайдаланудың нормативтік мерзімі шегінде жұмыс істейді. Осы жобаларды іске асыру энергетикалық қауіпсіздікті және елдің батыс өңірлерін дамыту үшін қосымша газ…
CaspianLife, 18 наурыз — Үстерінен қылмыстық іс қозғалған Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев пен «Бұйырғын» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі төрағасының орынбасары Нұрлан Бисембаев ақталып шықты. Істі қараған Атырау қалалық №2 соты айыпталушылардың әрекеттерінен қылмыс құрамын таппапты. Нұрлыбаев Қайрат Есқабылович пен Бисембаев Нұрлан Кенжешевич Қылмыстық Кодекстің 189 бабы, 4 бөлігінің 2 тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәсіз деп танылсын. Олардың әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы болмауына байланысты ақталсын. Нұрлыбаев пен Бисембаевқа қолданылған «Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енген соң күші жойылсын, — делінген сот шешімінде. Еске сала кетейік, Қайрат Нұрлыбаев облыстық…
CaspianLife, 18 наурыз — Атырау қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерді анықтады. Мәселен, Өзбекстан Республикасының 30 азаматы құрылыс алаңында арнайы рұқсат құжаттарынсыз қызмет етіп жүрген. Қазіргі уақытта олар қабылдау-тарату орнына қамалды. Жеке бастары анықталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Бұдан басқа, аталған жедел іс-шара барысында полиция қызметкерлері қала аумағындағы Қытай компанияларының бірінің филиалында мерзімдері өткен визалық құжаттармен жүрген 120 Қытай Республикасының азаматын анықтады. Қазіргі уақытта әкімшілік іс-құжаттары сот органдарына жолданды.
CaspianLife, 18 наурыз — Құрманғазы ауданының бір топ балықшылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірқатар шенділерге үндеу жолдады. Төмендегі бейнежазбадан балықшылардың жеңіл қайықтармен теңізге шыға алмай жүргенін көруге болады. Өйткені Қиғаштың Каспийге құяр жері тартылып кеткен. Айтуларынша, бұған дейін республикалық бюджеттен миллиардтаған қаражат бөлініп, бұл жерлерде тереңдету жұмыстары жүргізілген көрінеді. «Бұл аймақта тереңдету жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы мәселе жыл сайын көтеріледі. Бірақ нәтиже жоқ», — дейді балықшылар. Каспий теңізінің деңгейі төмендеген сайын жағдай нашарлап барады. Өзен бойын жағалай орналасқан ауыл тұрғындары балық аулап нәпақасын тауып отыр. Мұндағы бір кооперативтің өзінде 3000-нан астам адам жұмыс істейді. Құрманғазы ауданының кәсібі, ата…
CaspianLife, 18 наурыз — Қалаға қарасты округ тұрғындарының қоғамдық көліктердің жұмысына көңілдері толмайды. Мысалы, Геолог елді мекенінің халқы таңертең теміржол вокзалына жету үшін автобусты жарты сағатқа жуық күтеді екен. Күнделікті №59 автобуспен қатынайтындардың айтуынша, жүргізушілер аялдамалардың бәріне бірдей тоқтамайды. Оған жолаушылардың көптігі себеп болып отыр. Соның кесірінен оқушылар сабаққа кешігеді, жұмысқа асыққандар да діттеген жеріне уақытылы жете алмайды. Нормативке сәйкес, автобустардың арасындағы интервал 10 минуттан аспауы тиіс. 2-3 рет кездесті автобус келеді осылай конечныйға, кісіні алмай кетіп қалады. Ол таңертең пробка кезінде сосын обедте пробка көп боладығой сондай кезінде болады кісіні алмай кетеді Көп күтеміз қазір ұзарып кеттіғой, жүретін…
CaspianLife, 18 наурыз — Ақтауда иттерді көлікпен қуып, әдейі басып кеткісі келген жүргізушінің жеке басы анықталды. Әлеуметтік желілерде тараған видеожазбаларға қарағанда, ер адам иттерді қасақана басып кеткісі келген көрінеді. Ақтау қаласының полициясы жануарға қатысты қатыгездік фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, видео 17 наурызда кешкі сағат бес шамасында Ақтаудағы бірінші шағын аудан жағалауында түсірілген. Олар видеоға көлік жүргізушісінің қатыгез әрекеті толықтай түсірілмегенін айтады. Сөздерінше, жүргізуші басуға әрекет жасамас бұрын иттерге тас атқан. Автокөлік иесі басып кеткісі келген ит соңғы сәтте аман қалған көрінеді. «Оны барлық әкімшілік бап бойынша жазалайды деп үміттенеміз. Бұл адам көліктен шығып, иттерге…
CaspianLife, 18 наурыз — Қазақстанда тауық еті бір жылда 17 пайызға қымбаттады, — деп хабарлайды Energyprom.kz сайты. Биыл ақпанда бөлшек сауда нүктелеріндегі тауық бағасы бір жылда 17,2 пайызға, бір келіге 1,1 мың теңгеге дейін, тауық еті бірден 22,8 пайызға, бір келісіне 958 теңгеге дейін өсті. Баға Шымкентте бір жылда 35,2 пайызға артты. Сондай-ақ, Түркістан және Қарағанды облыстарында да тауық еті қымбат. Түркістан облысында тауық етінің бағасы жоғары, жылына 55,8 пайызға артты. Ақпанда тауық бағасы Ақтауда — бір келі үшін 1,3 мың теңге болды. Тауық еті Нұр-Сұлтанда бір келі үшін 1,1 мың теңге. Қазақстанда қаңтарда 8,3 мың тонна жас немесе тоңазытылған…
