Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 28 наурыз — Қазақстанда «Еуропа плюс Қазақстан» радиосының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісінің айтқан сөздерінен кейін кикілжің орын алды. Любовь Панова әлеуметтік желідегі пікірге жауап беріп отырып, Ресей президенті Владимир Путинді елге тәртіп орнату үшін шақыратынын айтқан. Украинада әскери әрекет бастаған елдің басшысын Панова «Вова ағай» деп атағанын айта кетейік. Ол қазақстандықтарды асыра ұлтшыл деп айыптап, «көп сөйлемеуді» сұраған. Ал радио жүргізушісінің сөзі мыңдаған қазақстандықтардың наразылығын туғызып, мұндай өрескелдікке жол берген қызметкерді жұмыстан шығаруды талап етті. «Еуропа плюс Қазақстан» басшылығы өз кезегінде  Панованың ұстанымы «радиостанция саясатына еш қатысы жоқ» екенін айтқан. «Қызметкеріміз Любовь Панованың әлеуметтік желідегі жеке парақшасында айтқан ұстанымы біздің…

Read More

CaspianLife, 28 наурыз — Ақтауда жаңбырдан кейін асфальт опырылып түсті. Оқиға 26 наурызда Ақтаудағы 21 ықшамаудандағы «Строитель» «Строитель» гараж-құрылыс кооперативінің жанында шиномонтаж қызметі жанында болған. Жағдайға байланысты «Каспий жылу, су арнасы» директорының орынбасары Ислям Үсенов пікір білдірді. «Мекенжай бойынша кәріз коллекторының жарылып, асфальт опырылып түсті. Бүгінде периметр бойынша қоршаулар орнатылған», — деді Ислям Үсенов. Үсеновтің айтуынша, ешкім зардап шекпеген.

Read More

CaspianLife, 28 наурыз — Атырауда Жайық өзеніне түскен екі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 наурызда екі ер адам Жайық өзеніне түскен. Атырау қалалық полиция басқармасына жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері сағат 14:43 шамасында Жайық жағалауында белгісіз адамдардың суға түсіп жатқанын байқаған. Соған байланысты учаскелік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. «Тәртіп сақшылары тексеру кезінде белгіленбеген жерде суға түскен 33 және 42 жастағы ер адамды анықтады. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 364-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 27 наурыз —  Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір 18 жасқа толған азаматтар медициналық комиссиядан, психологиялық тесттен, жеке әңгімелесуден өтіп жатыр. «Арнайы құрылған комиссия әскерге шақырылатын әр бозбаланың отбасы жағдайын сараптап, денсаулығын жіті тексереді. Атырау облысынан маусым айының соңына дейін 700-ге жуық ер азаматты әскерге шақыру жоспарланған», -дейді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Асхат Әйтенов. Оның айтуынша, іріктеу, әскери бөлімдерге бөлу кезінде шақырылушылардың білімі мен мамандығы ескеріледі.

Read More

CaspianLife, 27 наурыз — Жаңаөзен қаласында сенаторлар Серікбай Трұмов, Бақтыбай Шелпеков және Сүйіндік Алдашевтың қатысқан дөңгелек үстел отырысы өтті. Кендірлі демалыс аймағында теңіз суын тұщыту зауытын салу мәселесі талқылаудың басты тақырыбы болды. Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес пен ардагерлер ұйымының мүшелері қатысты. Депутаттар жоба жоспары мен соның аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысын қарап, халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етудің және осы мәселені жауапты органдардың тұрақты бақылауының маңызды екенін атап өтті. «Аймақтағы маңызды міндеттердің бірі – халықты ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қойылған мақсаттарымыздың нәтижелі орындалуына ықпал ету –…

Read More

CaspianLife, 27 наурыз — Атырауда қалалық сот үш адамды өлтірді деп айыпталған күдіктіні екі айға қамау жөнінде шешім шығарды. Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда үш адамды өлтіріп, біреуін жаралады деп күдікке ілінген Маңғыстау облысының 28 жастағы тұрғыны сот санкциясымен екі айға қамалған. Аймақтың денсаулық сақтау басқармасы оқ тиіп, ес-түссіз жансақтау бөліміне түскен жаралы жігіттің жағдайы орташа ауыр екенін жеткізді. Дәрігерлер науқасты нейротравматология бөліміне ауыстырған. Қазір зардап шеккен жігіт сөйлей алады. Еске сала кетейік, осыған дейін Атырауда атыстан үш адам мерт болып, біреуі ауруханаға түскенін жазған болатынбыз. Атыс 15 наурыз сағат 22:10 шамасында болған. Атырау қаласының «Авангард-3» шағын ауданындағы…

Read More

CaspianLife, 27 наурыз — Ақтауда сол жағындағы артқы дөңгелегінің бірі жоқ автобустың жолаушылар тасымалдап жүрген видеосы жарияланды. Бүгінде автобус жүргізушісіне айыппұл салынды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қалалық №104 автобус жүргізушісі бір дөңгелегі болмаса да, жолаушылар тасымалдаған. Жүргізушінің жеке басы анықталды. «Автобус жүргізушісіне қатысты көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 10-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Ол бойынша ол 20 айлық есептік көрсеткіш (61 260 теңге) көлемінде айыппұл төлейді», — делінген ведомство хабарламасында. Техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға жібергені үшін жауапты тұлғаларға да ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылады. Бұл жаза лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –…

Read More

CaspianLife, 26 наурыз — Атырауда модульді жұқпалы аурулар ауруханасында COVID-19 вирусын жұқтырған соңғы науқас емделіп шықты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 70 жастағы Сәуле Жолдыбаева ауруханаға 2022 жылдың 16 наурыз күні өкпесінің 40%-ы зақымданған күйде түскен. 10 күн ем қабылдаған науқас бүгінде ауруынан айығып, ем алған соңғы пациент ретінде ауруханадан шықты. Медицина қызметкерлеріне алғысын жеткізген ол «коронавирус жойылса екен» дейді.   Ауруханаға келгеннен бері емімді толық алып, дәрігерлер мен медбикелер тиісті көмектерін көрсетті. Аурухана басшылығынан бастап бәріне айтар алғысым шексіз. Бастысы, қауіпті індет жойылып, қалыпты өмірге оралсақ екен деген тілегім бар, — деді Сәуле Жолдыбаева. Облыстық денсаулық сақтау…

Read More

CaspianLife, 26 наурыз — Ақтаулық шенеуніктер бекіре мен итбалық үшін қала белсенділерімен дауласып жатыр. Жақында жағалауда осы балықтардың құны 300 миллион теңгелік шағын мүсіндері пайда болды. Енді сол мүсіндерге осыншама қаржыны кімнің төлегені анықталып жатыр. Шенеуніктердің жоспары бойынша қала тұрғындарына тарту ретінде бекіре мен итбалық мүсіндері, әткеншектер мен жұлдызды аспан инсталляциясы ұсынылған. Қала әкімдігі мүсіндерді жасауға демеушілердің ақша төлегенін мақтанышпен хабарлады. Демеушілер бұл туындыларды жасауға 300 миллион теңге шығындаған екен. Алайда жергілікті журналистер мемлекеттік сатып алу сайтында күмән туғызған көп деректі анықтаған – дәл осы сомадағы қаржы қаланы безендіруге жұмсалған деп көрсетілген. Қоғам белсенділері бұл қыруар ақша бюджеттен жұмсалған болуы…

Read More

[spacing size=»»]CaspianLife, 26 наурыз — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов Атырау облысына жұмыс сапары аясында Мақат ауданында кездесулер өткізіп, жергілікті халықтың мұң-мұқтажын тыңдады.  Сенаторлар Доссор кентінде апатты жағдайда тұрған үйлердің тұрғындарымен кездесіп, мәселенің мән-жайымен танысты. Кент әкімінің айтуынша, кентте 150-ден астам ескі және апатты жағдайдағы үй бар. Доссор поселкесі құрылған 1911 жылы жұмысшыларға арнап салынған йлер ең көне үй болып отыр. Сенатор Ғұмар Дүйсембаев бұл мәселенің алдағы уақытта заң бойынша шешілетінін жеткізді. Одан әрі сенаторлар Мақат ауданының орталығына арнайы барып, аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерімен кездесті. Жүздесуде маман тапшылығын жою және дәрігер мамандарды жергілікті жерге тарту…

Read More