Ақтаудағы жаңа айлақ заңсыз салынып жатыр — Caspian life
Сенбі, 25 Маусым, 2022
#Қазақша
#русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Caspian life
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
No Result
View All Result
Caspian life
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақтаудағы жаңа айлақ заңсыз салынып жатыр

29.04.2022
Жаңалықтар, Жұмыспен қамту, Каспий, Мәселе, Туризм
0
Ақтаудағы жаңа айлақ заңсыз салынып жатыр

Фото: CaspianLife

CaspianLife, 29 сәуір — Ақтаудағы жаңа айлақ заңсыз салынып жатыр. Шенеуніктердің айтуынша, жасөспірімдерге арналған желкенді спорт мектебінің басшылығы пирсті рұқсатсыз салуға кіріскен. Яғни, құрылыс жұмыстарын бастауға мүмкіндік беретін келісілген құжаты жоқ. Қазір монтаждау жұмыстары түгелдей тоқтатылды. Бұл жерде осыған дейін шағын қайықтарды кәсіпкерлер жалға беріп, нәпақа тауып келген. Су инженерлерінің айтуынша, айлақты топырақпен толтыру осы жердің балшықты мекенге айналуына әсер етеді.

Оқи отырыңыз...

Алаяқтарға алданған маңғыстаулықтар әділдік талап етуде

Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел сот арқылы 1,3 млн тг өндіріп алды

25.06.2022
Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

Атырауда 27 маусым мен 1 шілде аралығында ыстық су тоқтатылады

25.06.2022

«Ақтау қалалық әкімдігі бақылаушы орган емес. Құрылыс жұмыстарын тексеріп, қажетті іс-шараларды қабылдау үшін экология, құрылыс, жер қатынастары салаларындағы жауапты органдарға хат жаздық», — дейді Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Абылай  Бекмағанбетов.

Заңсыз құрылыс тоқтатылғанмен, кәсіпкерлер әлі күнге қыруар қаржыға сатып алған шағын кемелерін қайда қоярын білмей отыр. Егер жауаптылар бұл мәселені шешіп бере алмаса, 30-ға жуық кәсіпкер шығынға батады.

«Қазақстанның туризмін дамыту үшін үкіметтің қаражатының көмегімен алынған кемені біз іске асыра алмай жатырмыз. Өз бизнесімізді жүргізе алмай жатырмыз. Үкіметтен, әкімдіктен кез-келген пирсттен орын беруін сұраймыз. Қала маңынан, бухтың маңынан бізге жұмыс жасау керек. Табиғи орналасуы өте ыңғайлы, желден қорғайды, 70 процент желден қорғайтын дәл осы жер еді», — дейді кәсіпкер Ерлан Хасанов.

Әзірге жергілікті атқарушы органнан айлақтың тағдыры туралы шешімді күтуден басқа амал жоқ. Оған дейін қымбат яхталар мен қайықтар пайдалануға жарамсыз болып қалмаса игі.

Тегтер: Caspianақтаузаңсыз құрылыскәсіпкерлерқайықтаряхта
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz

No Result
View All Result
  • #Қазақша
  • #Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.
Яндекс.Метрика ZERO.kz