CaspianLife, 10 мамыр — Атырау қаласында жауған жаңбырдың салдарынан мөлшерден тыс жиналған суды сорғылау жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Сорғылау жұмыстарына «Арнаулыавтобаза» және «Атырау Су Арнасы» мекемелері тарапынан 54 вакуумдық көлігі, 78 адам жұмылдырылып, 40 мың текше су шығарылды. Сонымен қатар, нөсер жауынды соруға жеке вакум көліктері де атсалысуда. Өз кезегінде «Арнаулыавтобаза» мекемесінің басшысы Алмас Ізтілеуов қазіргі таңда техникалардың барлығы қала аумағында жиналған жаңбыр суын тазалау үшін жұмылдырылғанын айтып, бұл жұмыстар екі ауысыммен түнгі уақытта да жалғаса беретінін жеткізді. Сондай-ақ, көптеген жер үйде тұратын тұрғындардың үйлері суға кетті. Атыраулық мына тұрғын жаңбыр жауған сайын жағдайдын қайталанатынын…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 10 мамыр — Мамыр айында Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық нормаға жақын болады деп күтілуде. Ал кей аймақтарда құрғақшылық жайлауы мүмкін. Ақтөбе облысының Әйтеке би, Хромтау аудандарында және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында құрғақ ауа райы байқалуы мүмкін дейді «Қазгидромет» РМК. БҚО мен Атырауда, Ақтөбе облысының Ырғыз, Үйіл аудандарында ылғалдылық мөлшері қалыпты болады деп күтілуде. Барлық болжамдарды Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақты түрде ұсынады, дейді метеорологиялық қызмет. Сонымен қатар www.agrodata.kz қосымшасынан қарауға болады.
CaspianLife, 10 мамыр — Ақтауда наурыз айында 44 азық-түлік өнімінің бағасы өсті. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Бағаның өсуі 4 теңгеден 543 теңгеге дейін құрайды. Әсіресе, ұн, нан, жарма, макарон өнімдері, ет және сөре өнімдері қымбаттады. Кептірілген өрік 464 теңгеге (3747 тг), салқын ысталған скумбрия 543 теңгеге (3099), сары май 333 теңгеге (3943 тг) және қатты ірімшік 161 теңгеге (3746 тг) қымбаттады. Сүйекті қой еті 310 теңгеге (2951 тг), жартылай ысталған шұжық 249 теңгеге (3348 тг), сүйегі бар жылқы еті 237 теңгеге (2600 тг) өсті. Жоғары сұрыпты бидай ұны мен одан жасалған нан сәйкесінше…
CaspianLife, 9 мамыр — Маңғыстауда мамырдың 6-сы мен 8-і аралығында жауған толассыз жауын салдарынан екі қала мен тоғыз елді мекенді су басты. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Облыс орталығында 14 көше мен төрт ауланы су басқан. Құтқарушылар мен коммуналдық қызметтер 21 мың текше метрден астам суды сорды. Жаңаөзен қаласында 88 тұрғын үйді (81 үйде су сорылды), 43 ауланы (28-інде су сорылды), 27 көшені (21-індегі су сорылды) су басқан. Сондай-ақ, үш мектеп пен бір балабақшаның жертөлелері суға кеткен. Қарақия ауданы, Бостан ауылында бес тұрғын үй мен «Тұрмыс-сервис» ММ-нің сорғы стансасын су басқан. Сенек ауылында 23 тұрғын үй мен 25…
Caspianlife, 9 мамыр — 8 мамыр күні Атырау облысының Исатай ауданында 11 адам із-түссіз жоғалып кетті. Іздестіру шаралары Аққыстау ауылынан 160 шақырым жердегі Исатай ауданынан басталды. «УАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 10 жолаушы 8 мамыр күні сағат 14:00-де «Ақмандай» учаскесіне бару үшін жолға шықты. Бұл учаске аудан орталығы – Аққыстау ауылынан 160 шақырым қашықта орналасқан. Алайда, жолға шыққан адамдар осы уақытқа дейін Аққыстау ауылына оралмаған екен. Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» техникасы тартылған.
CaspianLife, 6 мамыр — Маңғыстада Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек беріледі. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсет Шопанов мәлімдеді. Оның сөзінше, аймақта 6 ардагер бар. Жыл басынан бері оларға коммуналдық қызмет ақысы ретінде 202 мың тг төленді. Осы мақсатта биыл тағы 880 мың тг беру жоспарланған. – Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне Жеңіс күні жергілікті бюджеттен бір миллион теңгеден төленеді. Жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген 774 ардагерге 40-тан 60-қа дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі, — деді Әсет Шопанов. — Қоршау кезінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында…
CaspianLife, 6 мамыр — Атырауда жалғызбасты мүгедек азаматтың пәтерінен 350 келі қоқыс шықты. Мүңкіген жағымсыз иістен шаршаған көршілер әлеуметтік қызметкерлерге хабарласып, көмек сұрапты. Мына пәтерде қазір 48 жастағы ер адам тұрып жатыр. Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері жыл басынан бері 6 пәтерді тазалап, үй иелерінің медициналық көмек алуына қол ұшын созған. — Қала әкіміне тұрғындардың тарапынан әрекетке қабілетсіз жандардың іс-әрекетіне қатысты өздерінің пәтерлерін күтпей, антисанитарлық жағдайда ұстағандары үшін шағымдар түсіп жатыр. . Қала әкімінің тапсырысына сәйкес, құзырлы органдармен дезинфекция жұмыстары жүргізілді, — дейді қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі басшысының…
CaspianLife, 5 мамыр — Әлеуметтік желіде жарияланған видеоның авторы зардап шеккен азаматтың жарақатын көрсетті. Оқиға 4 мамыр күні Кендерлі ауылында болды. Елді мекеннің басшысы Мекен Үйсенов видеоға қатысты түсініктеме берді: «Видеодағы ер адам «Тазалық-S» ЖШС-нің бұрынғы қызметкері, ол біздің әкімдікке Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы жұмысқа орналасқан. Жұмысшы қаланың тазалығына жауап береді. Оқиғадан кейін көрші ауылдағы медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер оны тексеріп, құтырмаға қарсы екпе салды. Зардап шегуші қазір еңбек демалысында, жағдайы тұрақты», — деді әкім. Кендерлі ауылының басшысы соңғы кездері Жаңаөзен қаласы мен іргелес ауылдарда бұралық иттер санының көбейгенін, малға шабуыл жасау фактілері тіркелгенін айта кетті. «Аудандық…
CaspianLife, 5 мамыр — AMANAT партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің көшпелі мәжілісі Индер ауданында өтті. Онда партияның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының» аудандағы орындалысы қаралды. Облыстық тексеру комиссиясының мәліметінше, олар бірқатар кемшіліктерді анықтапты. Мысалы аудандағы қырық шақты мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне еңбекақы, сыйақы төлеген кезде кемшіліктер жіберген: нәтижесінде 30 миллион теңгеге жуық бұзушылық белгілі болды. — Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2020 жылы Индер ауданы бойынша сараптамалық-талдау іс-шарасын жүргізу барысында жалпы сомасы 248 246,6 мың тенгенің бұзушылықтары айқындалған, оның ішінде 85 502,2 мың тенгенің қаржы бұзушылықтары, тиімсіз…
CaspianLife, 5 мамыр — Атырау облысында 4 айдың ішінде 200-ден астам ата-ана балаға екпе салдырудан бас тартқан. Көпшілігі дінді алға тартса, өзгелері интернеттегі бейресми ақпараттарға көбірек сенеді. Бірақ мешіт ұстаздары дінде вакцинаға түбегейлі тыйым салынбағанын айтады Атыраудағы «Иманғали» мешітінң ұстазы вакцинаны кәсіби мамандардың нұсқауымен салыну қажет дейді. Дін қызметкерлерінің айтуынша, олар халық арасында тек түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Екпені салу не салдырмау азаматтың өз еркінде. Ал дәрігерлер вакцинаның түрлі аурудың алдын алуға көмектесетінін айтады. — Егер қандай да бір ауруға қарсы екпеден бас тартса, сол ауруға шалдығу мүмкіндігі жоғарылайды, — дейді №7 қалалық емхана директорының орынбасары Нұрханым Үмбетқалиева. Осы мәселеге қатысты…
