Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 17 мамыр — Әлеуметтік желіде Каспий теңізіне ағып жатқан қызғылт сұйықтықтың видеосы тарады. Маңғыстау облысы экология департаментінің экологиялық бақылау және зертханалық-талдамалы бөлімінің мамандары судан сынама алып, төгілген сұйықтық өрт сөндіру бекетіне тиесілі екенін анықтады. «Зерттеу нәтижесінде №13 Өрт сөндіру бекетінің техникалық цистернасы тесіліп, ішіндегі өрт сөндіру гидранттарынан алынған 500 л су теңізге төгілгендігін анықталды. Шолу жүргізу барысында теңіз суының сынамалары алынды. Сондай-ақ №13 Өрт сөндіру бекетінің өкілдері аталған мәселе бойынша түсініктеме берді. Алдағы уақытта экология департаменті қолданыстағы заңнама сәйкес тиісті шаралар қабылдайды», — деді Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев және Атырау облысы бойынша құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровты айыптау бойынша қылмыстық ісі қаралды, деп хабарлады облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі. 2020 жылдың шілде айында Атырау облысының әкімдігі Жылыой ауданының Құлсары қаласында аурухана салу туралы шешім қабылдады. Құрылыс жұмыстарын «БКК» ЖШС-гі орындаған. Сотталушы Таубаев облыс әкімінің орынбасары бола тұра және құрылыс саласына жетекшілік ете отырып, «БКК» ЖШС-нің директорының орынбасарынан келісімшарт сомасының 10% мөлшерінде пара талап еткен. Кейін сотталушы Басаров қатысуымен пара сомасы 7% — 185 500 000…

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Бүгін полиция әскерден қашып кеткен 18 жасар Бағлан Әділбековты тапты. Өміріне ешқандай қауіп жоқ. «Батыс» РГК баспасөз қызметі ресми түсініктеме дайындап жатыр. Айта кетелік, 14 мамырда 6656 әскери бөлімінің мерзімді әскери сарбазы патрульдік қызметті атқарған соң, жұмыс құралдарын тапсырып, кетіп қалған. Жас жігітке іздеу жарияланды. Әскери бөлім әріптестер арасында әлімжеттік болмағанын айтады.

Read More

CaspianLife, 17 мамыр — Ақтауда Каспий теңізіне түскен төрт жігіттің үшеуі суға кетті. Құтқарушылардың мәліметінше, олардың біреуі Ақтау, қалған екеуі Қарағанды қаласының тумасы. Қайтыс болған азаматтардың мәйіті 2 сағат ішінде табылып, судан шығарылды. Маңғыстау облыстық ТЖД басшысыың орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың сөзінше, қайтыс болғандардың біреуі 15 мамырда үйленген екен. «Қарағандының екі азаматы 23 жастағы ақтаулық жігіттің тойына келген. Алғашында суға түскен екі жігіттің батып бара жатқанын байқаған соң қалған екеуі құтқаруға ұмтылған. Бір жігітті оқиға куәгері құтқарып қалды. Аман қалған 26 жастағы Бейнеу тұрғынының жағдайы жақсы, дәрігерлердің рұқсатымен үйіне жіберілді», — дейді ТЖД қызметкері.

Read More

CaspianLife, 16 мамыр — Осы жылдың 4 айында «Сергек» камералары арқылы 37051 заңбұзушылық тіркелді. Олардың басым көпшілігіне жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынған. Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді «Сергектен» түскен айыппұлдың қайда кететінін айтты. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша төленген айыппұлдарбюджеттік сыныптама коды (БСК) бойынша жергілікті бюджетке түседі. Осы жылдың 4 айында «Сергек» камералары арқылы 335 338 557 тг айыппұл төленді. «Сергек» толық автоматты режимде жұмыс істейді. Егер көлік жүргізушісі құқық бұзушылықпен келіспесе, тиісті органдарға шағымдана алады», — дейді ол.

Read More

CaspianLife, 16 мамыр — Әлеуметтік желі қолданушылары Атыраудағы Х. Доспанованың ескерткіші жоғалып кеткенін айтқан болатын. Кейін жергілікті мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Нұрбек Ахмедьяров батырдың тас мүсіні қайда кеткенін айтты. Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына және өзінің есімімен аталатын мектептің ірге тасының қаланғанына 70 жыл толуына орай батырдың бюсті М.Горкий 16 мекенжайындағы №18 мектептің ауласына орналастырылды. Азаттық даңғылы бойына 2010 жылы орнатылған Х. Доспанова мүсіні мектеп директоры Д. Далиевтің ұсыныс хаты негізінде көшіріліп отыр. «Ерен еңбектің үлгісін көрсеткен батыр есімін өскелең ұрпақтың жадынды мәңгі қалдыру мақсатында өзінің есімі берілген мектепке мүсіні қойылып отыр. Бұл оқушыларға…

Read More

CaspianLife, 16 мамыр — Еуразиялық экономикалық комиссияның деректеріне сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Одақ елдерінің жалпы қарызы $145,9 млрд құрады, ал былтыр $123,2 млрд құрады. Бір жыл ішінде 18,4%-ға яғни, 22,7 млрд-қа өскен. Қазақстанның мемлекеттік қарызы 21%-ға, яғни 15,2 млрд доллардан 18,4 млрд долларға дейін өскен. Одан кейін Армения, Қырғызстан және Беларусь мемлекеттері тұр. Айта кетелік, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 165 миллиард доллардан асты. Ең көп қарыз Нидерланды, Ұлыбритания және АҚШ-қа тиесілі.

Read More

CaspianLife, 16 мамыр -Маңғыстау облысы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен үй шаруашылықтары саны бойынша үшінші орында. Өңірде мұндай отбасылар саны бір жылда үш есеге өскен. Табысы төмен 726 үй шаруашылығында 3,4 мың адам тұрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 2 есе көп. Жалпы 2021 жылдың соңында 4,7 мың қазақстандық үй шаруашылығының табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 10,2%-ға аз. Оның ішінде қалаларда мұндай ең кедей үй шаруашылықтарының саны бір жылда 16,3%-ға дейін, ауылдарда – 4,7%-ға дейін азайды.

Read More

CaspianLife, 16 мамыр — Мамыр-маусым айларында Маңғыстау облысындағы мал шаруашылығы кәсіпорындарына Азық-түлік корпорациясы арқылы 5 мың тоннаға дейін бидай кебегі арзан бағамен жеткізіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне арналған кеңес барысында айтты. Бұған дейін «Жол картасын» жүзеге асыру аясында Үкімет астық жем-шөп қорын қалыптастыруға қаржы бөлетіні хабарланған болатын. Ербол Қарашөкеев түсіндіргендей, биылғы жылы 200 мың тонна көлемінде астық жем-шөп қорын қалыптастыру үшін форвардтық сатып алуларға 20 млрд теңге бөлінеді. Былтыр болған құрғақшылық қайталанса, бұл мал мен құстың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Маңғыстау облысының әкімдігі 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығы өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға жергілікті…

Read More

CaspianLife, 16 мамыр —  Атырауда тәтті түйіршектердің тапшылығынан қантты Үндістаннан сатып алмақшы. Бұл туралы azh.kz хабарлады. – Наурыз-сәуір айларында Атырауға азық-түлік корпорациясы арқылы біздің қолдауымызбен «Идеал Маркет» желісі арқылы сатып алынған әрқайсысы 68 тоннадан алты вагон қант әкелінді. Қолдау көрсету кезінде біз мұның тұрақтандыру қорының өнімдері бекітілген бағамен сатылатын үлкен желі екеніне көз жеткіздік. Оның 40 тоннасы «Ярмарка» желісіне, 10 тоннасы «Маркоға», 5 тоннасы Қызылқоға ауданына, 2 тоннасы Индер ауданына берілді. Қанттың қалған бөлігі «Идеал Маркет» дүкендерінде 359 теңге бағамен, бір қолға 3 келіден аспайтын шекпен сатылады, — дейді «Атырау» ӘКК» АҚ департаменті директоры Дмитрий ДЮ. Тапшылық Ресейдің өнім импортын…

Read More