CaspianLife, 20 мамыр — Атырауда 10 жастағы оқушыс мектеп жанындағы ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті. Облыстық балалар ауруханасы жеткізілген оқушының бас сүйегін рентгенге түсіріп, жараларын таңды. «Оң жақ тізесінің жұмсақ тіндерінің соғылған жарақаты, басы мен миының контузиясы» деген дигноз қойылды. Бала амбулаторлық бақылауға жіберілді
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 мамыр — Синоптиктер Маңғыстауда қатты жел тұрып, жауын болатынын ескерткен еді. Бейнеу ауылында табиғи құбылыс салдарынан қоршаулар опырылуда. ТЖД қызметкерлері тұрғындардан сақтық шараларын сақтауын сұрады. -Жаңбыр жауғанда жол тайғақ болады. Көлік терезелері де суланып қалатындықтан, жаяу жүргіншілері сақ болуы керек. Жүргізушілерден жыламдықты азайтып, арақашықтықты сақтауларыңызды сұраймыз. Балкондар мен лоджиядағы жеңіл және көлемді заттарды үйге кіргізіңіздер. Сондай-ақ, автокөліктерді ағаштардан алыс жерге қойыңыздар, — деп ескертті ТЖД.
CaspianLife, 20 мамыр — Атамекен ауылында автокөлік газ құбырына соқтығысып, құбырдан газ кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады облыстық ТЖД. -Lada 2109 маркалы автокөлік газ құбырына соқытығысты. Салдарынан құбырдан газ кетті. Тұрғын үйлердегі газ сөндірілмейді. «ҚазТранс Аймақ» МФҚ АҚ жөндеу жұмыстарын жүргізеді, — деп мәлімдеді ТЖД.
CaspianLife, 20 мамыр — 15 жасар ақтаулық жасөспірім ата-анасының көлігін рұқсатсыз алып, полицейлерден қашқан. Жас «жүргізуші» жол ережесін де сақтамай, апаттық жағдай туғызды. Полицейлер тәртіп бұзушының мас болмағанын айтады. -Тергеу барысында жасөспірім көлік кілтін рұқсатсыз алғанын білдік. Тәртіп бұзушы кәмелет жасқа толмағандықтан, хаттаманы ата-анасына толтырдық. Олар «Құжатсыз көлік жүргізу» мен «Көлік жүргізу кезінде телефон қолдану» баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады, — деп мәлімдеді полицейлер.
CaspianLife, 20 мамыр — Атырауда 15 мамырдан бастап су маржандарының жаппай уылдырық шашуына байланысты әуесқой балық аулаушылар үшін 1 айға тыйым салынды. Осылайша, билік басындағылар су жануарларын қорғап, оның табиғи өсімін молайтуды көздеп отыр. Шектеу Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының шегіндегі өзен-көлдерге қатысты. Ереженің орындалуын Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары қадағалап, заң бұзушылық тіркелген жағдайда айыппұл салады. Және 15 мамыр мен 15 маусым аралығында су айдындарында моторлы қайықтармен және басқа да су көліктерімен жүруге рұқсат жоқ. Ал Қиғаш өзенінде 20 сәуірде басталған маусымдық шектеу ертең аяқталады. Мамандар шектеу мезгіліндегі айырмашылықты Жайық өзенінің Ресеймен шектесетін бөлігінің ерекшеліктерімен түсіндіреді.
CaspianLife, 20 мамыр — «Атырау Жарық» АҚ-ның қалалық электр жүйелері бүгін жоспардан тыс электр желісіндегі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін төмендегі мекен-жайларда жарық сөндіріледі. Сағат 14.00-17.00-де: -мкр. Авангард 3 ,д. 9, к. -Владимирский, д. 100, 99, 100в, 100/2, 100/1, 103, 98, 98а, 91 -мкр. Лесхоз, Медеубаев к., Алиева, 23 к. -мкр. Лесхоз, д. 31, 32, 54, 63, 156, 14а, Құрманғазы к., д. 28а, 3г Сағат 10.00-16.00-де: -Тайманов к, д. 5, 5а, 3е, 9, 7в, 3а, 2г, Құрманғалиев к, д.52, 75 Наубетов к, д, 77в, -Досмұхамедов к. Сағат 10.00-14.00-де: Құрмангазы д.78, стр-е 10д, 8/1, 8а, 3 а мкр. Лесхоз, Садықов к., Лесхозная…
CaspianLife, 19 мамыр — Атырау мен Ақтау қалаларында 23-27 мамыр аралығында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты ыстық су ажыратылады. Атырау қаласында мына мекенжайлар бойынша ыстық су болмайды: -Азаттық көшесі, №102, №104, №106, №108, №110, №112 «а», №114, №116, №118, №120, №122, №124, №126, №130, №131 «а», №132, №133 «б», №134, №136 и №138 -Әуезов көшесі, №55, №57, №59, №61, №63 и 63 «а» -Алтай көшесі, №1, №3, №5, №7 и №9 -Вокзал маңы-3 шағын ауданы, №1 «а», №2 «а», №4 «а», №5 «а», №6 «а», №7 «а», №8 «а», №10 «а», №11 «а», №14, №14 «а», №15 «а», №16 «а», №17…
CaspianLife, 19 мамыр — Украинада соғыс басталғалы бері Қазақстанға келіп, ЖСН алған ресейліктердің саны 35 мыңға жетті. Нақты саны 34 960. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді. Былтыр ол 3,5 мың ресейлікке ғана берілген болатынн. Биыл бұл көрсеткіш 10 есеге артқан. Желі қолданушылары ЖСН дерегінің құнын түсірмеуді сұрап отыр.
CaspianLife, 19 мамыр — Екі жылдың ішінде Қазақстанда темекі қымбаттайды, деп мәлімдеді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. «2024 жылға дейіносы тауарға тарифті көтеруді жоспарлап отырмыз. 1000 данасы 16 мың тг болса, 20 данасы бір қорап шамамен 300-350 тг болады», — деп жауап берді министр. Министр ЕАЭО елдері тауарлардың жекелеген түрлері бойынша акциз мөлшерлемесін 2025 жылға дейін жақындатуы керектігін айтты. «Мұндай тауарлардың ішінде алкоголь мен темекі бар. Темекіге қатысты келісім қазірдің өзінде ратификацияланған. Алкоголь өнімдеріне келетін болсақ, еліміздегі акциз айтарлықтай жоғары, бірақ соған қарамастан ЕАЭҚ аясында тиісті келісім дайындалуда», — деді. Бұдан бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемесін көтеру туралы…
CaspianLife, 19 мамыр — Атырауда әйелдің арызын елемеген учаскелік полицейлер сотталды. Сондай-ақ, құқықбұзушылықты жасырды деген күдікке ілінген жедел уәкіл және тергеуші де сотталды, деп хабарлады № 2 қалалық соттың баспасөз қызметі. Жәбірленуші Д. полицияға танысы У. ұрлап кетіп, зорлап, кейін үйіне заңсыз кіргені туралы арыз бергені анықталды. Бірақ, учаскелік полиция инспекторлары А. Мен К. жәбірленушінің арызын қарамай, осы жасырып, К. өз жұмысын жеңілдету үшін жалған хаттама толтырып жібереді. Кейін жәбірленуші Д. жедел уәкіл Т. мен тергеуші Л.-дан көмек сұрағанда, ешқандай шара қолданбай, қылмысты тіркеуден қасақана жасырып қалады. Салдарынан У. тағы да жәбірленуші Д.-ның өміріне зиян келтірді. Үкім заңды күшіне енген…
