CaspianLife, 24 маусым — 16 шағын аудан тұрғындары облыс әкімдігінің телеграм парақшасында автобус аялдамаларының жоқтығына шағымданды. Олар «тұрғын үй ауданының салынғанына бірнеше жыл болса да, қоғамдық көлікті күннің астында күтуге тура келеді» дейді.
Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы аялдамаларды салу жұмыстары жүріп жатқандығын хабарлады.
«Бүгінгі таңда қалада дәретханасы, кондиционері және басқа да жағдайлары бар 10-нан астам аялдамалар жабдықталған. Қаладағы басқа да аялдамаларды ретке келтіруге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде ұсыныстар берілді. Ақша түскен сайын қала бойынша аялдамалар кезең-кезеңімен жабдықталып, салынатын болады», — дейді басқарма өкілдері.