CaspianLife, 23 маусым — №105 «Ақтау-Басқұдық-Маңғыстау» бағытының базасы 16 жаңа автобуспен толығады. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.
Бұған дейін облыс әкімдігінің телеграм-каналында тұрғындар автобустардың ескіргенін айтып шағымданған болатын. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қазіргі таңда №105 «Ақтау-Басқұдық-Маңғыстау» бағыты бойынша 10 минуттық жиілікпен 15 автобус тұрақты қатынайтынын атап өтті.
«Қазіргі таңда ауданаралық бағыттағы автобустарды жаңарту жұмыстары басталып кетті. №105 автобус бағыты бойынша жүретін 16 көлік сатып алуға келісім-шарт жасалды. Олар облыс орталығына 2022 жылдың 3-тоқсанының соңына дейін жеткізіледі», — деп хабарлады ведомство.