Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 1 шілде – Құрбан айт мерекесі 9 шілдеде басталады деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы. «Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айының басталуы 30 маусым болып бекітілді. Ал арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған. Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен…

Read More

CaspianLife, 1 шілде — Құлсарыда «Жайық Жарығы» ЖШС көшелерге сапасыз жарық орнатқаны үшін директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш компания осыдан 3 жыл бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша 150 мың теңгеден астам соманы жеңіп алған болатын. Бірақ, мекеме заңнама талаптар мен шартта көрсетілген міндеттерді бұзып, сапасыз жарық орнатқан. Нәтижесінде мемлекетке 4 млн теңге көлемінде залал келді. «Жайық Жарығы» ЖШС-нің басшысы сот шешімімен кінәлі деп танылып, 2 жыл бас бостандығынан айрылды. ҚК-нің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.

Read More

CaspianLife, 30 маусым — Аймақтағы әкімдіктің деректері бойынша, Атырауда жыл басынан бері азық-түлік бағасы 15%-ға қымбаттады. Атап айтсақ, картоп 53 , сәбіз 47, пияз 67, қырыққабат 20%-ға өскен. Ал секердің бір келісі 60%-ға дейін қымбаттаған. Қазір облыста 200 тоннадай қант бар. Аптаның соңына дейін тағы 272 тонна әкелінеді деп жоспарланып отыр. Бірақ, басқарма басшысы қанттың тапшы екендігін мойындап отыр. Сондықтан жеміс-жидек жабу науқанына деп жоғары жақтан тонналап тағы қант сұратып қойыпты. Атырау кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабековтың сөзінше, облыс әкімдігі азық-түлік бағасын ұстап тұр. Оның сөзіне сенсек, секер маусым айында 450 теңгеге сатып алынғандықтан, сауда желілері оған 10-15…

Read More

CaspianLife, 30 маусым — Дизель отынын заңсыз сатып, 1 млрд 700 млн тг астам пайда тапқан жылыойлық кәсіпкер шартты жазамен құтылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әккі кәсіпкер 2021 жылы басшылық қызметте жүріп Жылыой ауданы аумағынан ешқандай құжатсыз 3000 тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдаған. Нәтижесінде 796 млн теңгеден астам ақша түсіріпті. Және сол жылы тағы бір мекеменің директоры есебінде Жылыой ауданынан құжатсыз 3 мың тонна дизель және сатып алған. Тауарды Маңғыстау облысына өткізіп, заңсыз 990 млн тг пайда тапқан. «Сот үкімімен аталған серіктестік басшысы кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына…

Read More

CaspianLife, 30 маусым — Атырау-Астрахань трассасын қалпына келтіру жұмыстары тағы да созылуы мүмкін. Бұған құрылсы материалдарын таситын вагондардың аздығы себеп дейді мердігер компаниялар. Жергілікті депутаттар құрлыс басына барып, жұмыс барысымен танысып қайтты. Тас жолды жыл соңына дейін қолданысқа беру үшін 22 мың вагон материал қажет. Алайда құрылысшылар екі айдың ішінде тек 3 мың вагон қиыршық тас пен құмды қиыршықты қоспа алған. Соған қарамастан, «ҚазАвтоЖол» айдың соңына дейін жолдың тағы 10 шақырымын пайдалануға береміз деп отыр. «Ашылған 60 шақырым жолды халық қолдануда. Тағы 10 шақырым жолды осы айдың аяғына дейін ашып береміз. Шілде айының 15-іне дейін қосымша 25 шақырымды ашатын боламыз»,…

Read More

CaspianLife, 30 маусым – Атырауда 5 жасар егіз қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Екеуі де ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді деп хабарлайды облыстық ТЖД. Дерек бойынша, терезедегі москит торы балалардың салмағын көтере алмаған. Биыл облыста осындай 2 оқиға тіркеліп, 3 бала түрлі деңгейде жарақат алды. Осындай оқиғаға көбіне 5 жасқа дейінгі балалар түседі дейді ТЖД өкілдері. Мамандар қауіпсіздік шараларын сақтап, төмендегі ережелерді ескеру қажет екенін айтады: Балалар терезеден құлап кетуі мүмкін, егер ол 12,5 см-ден астамға ашылса. Барлық терезелерде 12,5 см-ден астам ашуға мүмкіндік бермейтін тақтайлар немесе қоршаулар орнату қажет. Механизмдер жабық терезе режимінде ғана емес, «желдету» режимінде…

Read More

CaspianLife, 30 маусым -Атырауда есірткіні заңсыз сақтаумен айналысқан өзбекстандық әйел ұсталды деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 1998 жылғы азаматтың жалға алған пәтерін тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат бар 2 полиэтилен пакет, есімдік тектес қағза түйіншек және синтетикалық есірткіні қолдануға арналған шыны құрылғылар табылып, барлығы тәркіленді. Облыстық сот сарапатамалары институты тәркіленген заттардың психотроптық заттар @-pvp және кептірілген марихуана екендігін анықтады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Read More

CaspianLife, 30 маусым — Атырауда осыдан 2 күн бұрын 2010 жылғы жасөспірімнің жоғалғандығы туралы хабарланған болатын. 12 жасар қыз 29 маусымда табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің өкілдері.  Жасөспірімнің айтуынша, құрбыларының үйінде болып, ата-анасына ескертпеген. Қазіргі таңда анықтау-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 29 маусым — Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылында автокөлік жолының құрылыс жұмыстары басталды. Жол салуға республикалық бюджеттен 414,5 млн теңге бөлінді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жоспар бойынша, Жолшы массиві көшесі, Алиев көшесі, 2, 3А, 9, 13, 14 шағынаудандарға асфальт төселеді. Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асан Чукин құрылыстың биыл қарашада аяқталатынын айтты. Айта кетелік, жолдың ұзындығы 7,6 шақырымды құрамақ. «Құрықта ауылішілік автокөлік жолдары құрылысының екінші кезеңін бастап жатырмыз. Конкурс нәтижесінде мердігер мекеме «Ақжол+К» ЖШС-і жеңімпаз деп танылды. Қазіргі таңда мекеме жұмыс күшінің және арнайы техникалардың көмегімен жол құрылысы жұмыстарын…

Read More

CaspianLife, 29 маусым — Ақтаудағы №3 автобус басқа бағытпен жүртеін болады. Оның себебі дол қауіпсіздігін сақтауда деп хабарлады ҚКО. Бұған дейін ақтаулық желі қолданушылары 19 шағынаудандағы «Ханшайым» тұрғын үй кешеніне №3 автобус келмей жүргенін айтып, облыс әкімдігіне сауал жолдаған болатын. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдерінің айтуынша, аталған шағынаудан мен 30 шағынаудан қиылысында көп көлік жүрісі жиілеп кеткен. Ал, автобус олардың қозғалысына кедергі келтірп, апатты жағдай туғызуы мүмкін дейді, мамандар. «Осыған байланысты полиция басқармасынан да жол қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулық түскен болатын. Қазір аталған шағынаудандар аралығында аудандық №107 автобусы қатынайды. Алда жаңадан маршруттар жүргізу мәселесі де қарастырылады», -…

Read More