CaspianLife, 8 шілде — Атырауда Құрбан айт кезінде мал сою пункттерінің жұмысын бақылау күшейтіледі. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Гүлназ Ирбатырованың жаңа қаулысында жазылған. Атырау облысы аумағында «Құрбан айт» мерекесін тойлау кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы №6 қаулыға қол қойылды. Онда құрбандық шалу үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған орындарда ғана союды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етуге басымдық берілген. Осыған орай тұрғындар арасында Құрбан айт мерекесін өткізуді ұйымдастыру, тамақтан улануға және жіті ішек инфекцияға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылған. «Тоңазытқыш жабдықтардың және жеке қорғаныш құралдарының қажетті санын қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 8 шілде — Атырау қаласында жыл басынан бері масаң күйде көлік айдаған 270 жүргізуші анықталды деп хабарлайды жергілікті полиция қызметі. Полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев қала аумағында 70 жол-көлік оқиғасы тіркелді. «Жол апатының салдарынан 4 адам мерт болып, 71 адам түрл деңгейде жарақат алды. Ал, жасөспірімдердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 жасөспірім әртүрлі дәрежеде зардап шекті. Қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйде рульге отырған 270 жүргізушіні ұстады. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді Ерлан Биғамбаев. Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасына ұрындыратын бірнеше себеп бар. Алдымен бұл қарсы бағыттағы жолаққа шығумен байланысты болып отыр. Екіншіден — жаяу…
CaspianLife, 8 шілде — Атырау облысында судағы қауіпсіздікті бұзғандарға 741 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы мәлімдеді. Жыл басынан бері су айдындарында 10 адам қаза тапқан. Оның үшеуі кәмелетке толмаған. «Шомылу маусымы басталған бері 3 адам суға батып кетті. Статистикалық деректер судағы жазатайым оқиғалардың көбі мас күйінгде шомылу және суда жүзу қабілетін асыра бағалау салдарынан болып отқанын көрсетеді. Ал, балалар ата-ананың қарауынсыз суға шомылу кесірінен суға батып кетеді. Ал кейбір адамдар денсаулығының күрт нашарлауы мен құрысудан салдарынан оқыс оқиғаның құрбаны болады», — деп хабарлады департамент өкілдері.
CaspianLife, 7 шілде — Атырауда 17 жасар бозбаланы тепловоз қағып, ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Оқиға 6 шілде күні сағат 17:00 шамасында болған деп хабарлады Атырау темір жол станциясындағы желілік полиция бөлімі. Колледж студенті жол қысқарту үшін «Қара депо» шағын ауданындағы теміржолды кесіп өтпек болған кездеғ тепловоз қағып кетті. Машинист жолда келе жатқан адамды байқағанымен, тоқтап үлгермей қалғанын айтады. «Қазір аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Айта кетелік, «Қара депо» шағын ауданының тұрғындары бірнеше жылдан бері теміржжол үстінен өткел салу мәселесін көтеріп келеді. Үш жыл бұрын жаяу жүргіншілер көпірін салу…
CaspianLife, 7 шілде — Атырауда сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінен хабарлады. Департамент мәліметінше, серіктестік ҚР Табиғи монополия туралы заң бойынша бекітілген талапты сақтамаған. «Аталған серіктестіктің реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 2021 жылға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін талдау кезінде бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда жылжымалы құрам өтуi үшiн кiрме жолды беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге бекітілген тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударым қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны анықталды. Тұтынушыларға қайтару сомасы 412,058 мың теңгені құрады. Бұл қаржы тұтынушыларға қайтарылды», — деп мәлімдеді департамент. Осы дерекке байланысты «Сұйытылған…
CaspianLife, 7 шілде — Атырауда келесі Орталық жылу пункттерінен (ОЖП) төменде келтірілген мекенжайлар бойынша орналасқан нысандарға ыстық судың берілуі уақытша тоқтатылады деп хабарлайды «Атырау жылу жүйелері» АҚ. «ЖД-1» ОЖП-нен С.Датов көшесіндегі №№№ 11, 11а, 12, 13, 14, 15, 21, 23, 25, 27, 29, 31, 33, 35а, 35б, 35в, 35г үйлерге, Махамбет көшесі №134 үйге, Достык көшесіндегі №№ 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 15 үйлерге; «Алмагүл-1» ОЖП-нен Алмагүл мөлтек ауданындағы №№ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 тұрғын үйлерге; «Экспериментальный» ОЖП-нен Сары-Арқа мөлтек ауданындағы №…
CaspianLife, 7 шілде — Теңіз кен орнындағы жарылыс 3-ші буын зауытының 42-учаскесінде гидротест жүргізу барысында құбыржолының фланецті қосындысы үзіліп кеткендіктен болған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетейік, жарылыс салдарынан «Сенімді Құрылыс» ЖШС 1985 жылы туған қызметкері сол жерде қаза тапты. «Теңізшевройл» ЖШС клиникасында «Агропром техника» ЖШС жұмысшысы 1985 жылы туған азамат қайтыс болды және «Onstream Kazakhstan» ЖШС, «Сенімді Құрылыс» ЖШС, «Мұқан сервис» ЖШС жұмысшылары 1996, 1993 және 1996 жылғы азаматтар жеткізілді. Сағат 13:15-те «Теңізшевройл» ЖШС әуе кемесімен 1996 жылғы «Onstream Kazakhstan» ЖШС жарақат алған қызметкерінің жағдайы ауыр деп бағаланып, Атырау қаласындағы облыстық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.
CaspianLife, 7 шілде — Атырау облысында бір тәулікте 9 адам COVID-19 жұқтырған, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Соңғы тәулікте өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 9 науқас анықталды. Науқастардың барлығы Атырау қаласында расталды. 8 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 1 адамда ауру белгілері жоқ. Қазір 35 адам үй жағдайында, ал № 2 Атырау облыстық ауруханасында 21 науқас ем қабылдауда. Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.
CaspianLife, 6 шілде — Теңіз қалашығында 28 жастағы қызметкер түнгі кезекшілік кезінде өз-өзіне қол жұмсады. Оның денесін ұжымдастары тауып, жедел жәрдем шақырған. Өкінішке қарай, қызметкер сол жерде жан тәсілім еткен. Анық болғандай, қайтыс болған азамат «Сенімді Құрылыс» компаниясының жұмысшысы екен. Қызметкерлер марқұммен арада араз болмағанын айтады.
CaspianLife, 6 шілде — Бүгін сағат 09:55 шамасында Жылыой ауданы Теңіз шамасында құбыр жарылып, 1985 жылғы екі қызметкер қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады. Түрлі дене жарақатын алған 3 қызметкерге медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға бойынша тергеу амалдары басталды.
