CaspianLife, 15 шілде — Атырауда мотоциклмен болған жол апатынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. 14 шілде күні сағат 20:50 шамасында Владимирский көшесінде Toyota Camry көлігі солға бұрылысы маневрын жасап жатқан кезде қарсы бағытта келе жатқан Hondа мотоцикліне жол бермей, соқтығысқан. Соққы екіпінімен мотокөлік қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2114 көлігіне соқтығысты. Апат салдарынан 33 жастағы мотоцикл жүргізушісі облыстық ауруханада көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 14 шілде — Облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолының қалған 87 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы жол құрылысының сапасын тексеріп отырған «Жол активтері сапасы ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры Бекбол Мұқашов мәлімдеді. «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» тас жолының қайта салынып жатқанына 12 жылға жуықтады. Кезінде «тас жол төселеді» деп бөркін аспанға атқан жергілікті тұрғындардың ұзаққа созылған құрылыс жұмыстарынан көңілі қалған еді. Жол құрылысының тұралауына басты себеп — жыл сайын мардымсыз қаражат бөлініп келді. Ал, соңғы жылдары бұл мәселе үкіметке жетіп, сең қозғалды. Бұған дейін жоба бойынша жалпы ұзындығы 317 шақырым жолдың 237 шақырымы пайдалануға берілген. Қазір тас…
CaspianLife, 14 шілде — Атыраудағы қоғамдық әжетханалардың барлығы жеке кәсіпкерге берілетін болады. Қазір бұл мақсатта ашық электронды конкурс басталды. Бұл туралы қалалық Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров мәлімдеді. Қазір қалада 8 қоғамдық әжетхана бар. Олар Авангард ықшам ауданы, Жеңіс саябағы, Ж.Молдағалиев, Әйтеке би көшелері және Д.Нұрпейісова атындағы мәдениет үйі мен Исатай-Махамбет алаңында орналасқан. Бүгінде сегіз нысанның біреуі ғана сенімгерлік басқаруға берілген. Қалған жетеуі осы айдың соңында конкурс аяқтала салысымен жеке кәсіпкерлерге өтеді. «Соңғы кезде тұрғындар тарапынан шағым көп. Олар түнгі уақытта әжетханалардың жұмыс істемейтініне наразы. Алайда, нысан түнгі уақытта ашық тұрса, оның ішін қирату, суын ашып кету…
CaspianLife, 14 шілде — Атырауда 1000-нан аса қой өртеніп кетті. Куәгерлердің сөзінше, өрт Ресей Федерациясының территориясында басталып, Атырау облысына таралған. «Үйге жақындағанымда жел көтерілді де от тез тарап кетті. Үйде балаларым бар еді, өзім әрең жүгіріп жеттім. Айналадағы барлық шөп жанып кетті. Салдарынан 1039 бас қой тірідей өртенді, олардың ішінде менің де малым бар еді», — деді шопан. Өртенген қойлар «Сүйіндік» қой зауытына тиесілі еді. Құрманғазы ауданындағы ТЖД бөлімі құрғақ шөптің жанып кеткенін мәлімдеді. Тілсіз жау Астрахань облысына таралған. Оны 4 техниканың көмегімен 30 адам сөндірді.
CaspianLife, Мақат ауданында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады. Бүгін сағат 11:45 шамасында Мақат аудандық №8 өрт сөндіру бөлімшесіне «Lada Granta» жеңіл автокөлігі мен жүк пойызының соқтығысып қалғандығы жөнінде хабар түсті. Соқтығысу салдарынан 23 жастағы көлік жүргізушісі жарақат алып, 54 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды. ТЖД қызметкерлері марқұмның денесін шығару жұмыстарын жүргізді. Айта кетелік, пойызда құрылыс материалдары тиелген 66 вагон тіркемесі болған.
CaspianLife, 12 шілде — Бүгін ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әрбір үшінші түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті балл жинай алмаған өңірлерді атады. Оның ішінде Атырау облысындағы түлектердің 35,4% шекті балды жинай алмаған. Атыраудан бір саты төмен Түркістан облысы жайғасты – 37%. Ал, Маңғыстау тізімнің соңында. Маңғыстаулық түлектердің 38%-ы ҰБТ-да төмен нәтиже көрсеткен.
CaspianLife, 12 шілде – Атырауда шілденің 13-інен 14-іне қараған түні су болмайды деп хабарлайды «Атырау облысы Су арнасы» КМК. 13 шілде күні сағат түнгі 00:00-ден 14 шілде күні сағат таңғы 07:00-ге дейін қаланың су тазарту құрылғылары мен тарату желілелірінің дезинфекциясына байланысты су беру уақытша тоқтатылады.
CaspianLife, 12 шілде — Атырауда жыл басынан бері 144 браконьерлік іс сотқа жолданды деп хабарлайды Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Темірхан Оңайбаев. Жалпы облыс бойынша алты айда инспекция қызметкерлері балық шаруашылығы саласындағы 1165 құқық бұзушылық фактісін анықтады. Оның ішінде 649 адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ал, 505 хаттама аумақтық уәкілетті органның өзінде қаралса, 144 іс әкімшілік сотқа жолданды. «Биыл 642 балық қорғау заңнамасын бұзушыға 14 млн 414 мың теңге соммасында әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде мемлекет пайдасына 550 құқық бұзушыдан 10 млн 913 мың теңге өндірілді. Балық ресурстарына келтірілген зиян үшін 14 құқық бұзушыға 592…
CaspianLife, 12 шілде — Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4%-ға төмендетілді. ҚМА Атырау облысы «Жылыойсу» МКК директоры Алагузов 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласы халқына сумен жабдықтау және канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтерген. Ол қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырып, 126 млн теңге залал келтірген. Тергеу кезінде аталған залал мөлшері толығымен мемлекетке қайтарылды. Сот үкімен аталған кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар басшы қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 63-бабының талаптарына сай,…
CaspianLife, 11 шілде — Алмалы ауылының алғашқы 19 көшесіне жол салу құрылысы басталды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Құрылыспен айналысатын мердігер компания анықталды. Жол құрылысының бірінші кезеңі бойынша оң жақ бөлігіне 6,4 шақырым жол төселеді. Тиісті жұмыстар осы аптада басталады. Сондай-ақ, құрылысқа кедергі келетін инфрақұрылымдар ауыстырылатын болады дейді әкімдік. Екінші кезең — сол жақ бөлігін салу үшін сараптамадан 5 шілде күні оң қорытындысы алынды. Бүгінде тендерлік рәсімдерін бастау үшін конкурсқа жіберілуде. Бұл кезеңде қамтылатын көше саны 18. Жолдың қашықтығы 10,3 шақырымды құрамақ.
