CaspianLife, 23 шілде — Ел кубогы аясында өткен топтық кезеңнің үшінші турында “Атырау” мен “Ордабасы” футбол командалары кездесу өткізген болатын. Шымкенттік стадионда болған матчта атыраулықтар 4:1 есебімен ұтылып қалды. Бұл футбол клубының алғашқы жеңілісі емес еді. Көрермендер матч қорытындысына көңілдері толмай, шу шығарды. «Біздің бюджеттен бөлінген қаражаттың ысырап болғанын қаламаймыз. Легионерлерді ауыстыруды талап етеміз! Олардың орнына өзіміздің жас буын келсін. Талай матчта тәжірибе жинаса, бізде легионерлерсіз де футбол клубы болады!», — деп наразылықтарын білдірді жанкүйерлер. Айта кетелік, осы матчтан кейін “Ордабасы” 6 ұпай жинап, алматылық “Қайратты” басып озды. Ал, “Атырау” 3 ұпаймен көштің соңғы жағында тұр.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 22 шілде — Атыраулық полицейлер синтетикалық есірткі заттарын сақтап, тасымалдаған нигериялық азаматты ұстады деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі. 24 жастағы азамат тізгіндеген «Shevrolet cruze» маркалы автокөлікті тінту кезінде әрқайсысы салмағы 1 граммдай болатын оралған 5 дана полиэтилен қап тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойынша, оның мефедрон есірткісі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
CaspianLife, 21 шілде — Испанияда ұлттық фестиваль аясында өткен бұқалардан қашу кезінде 3 адам мерт болды деп хабарлайды efe агенттігі. Levante басылымының хабарлауынша, қаза тапқандар ауыр жарақат алған. Атап айтсақ, 19 шілде күні Мелиан қаласында бұқа 50 жастағы испандыққа шабуыл жасады. Салдарынан ер адамның қабырғасы сынып, өкпесіне зақым келген. Тағы бір 64 жастағы француз да бұқалардың астында қалды. 9 күн бойы өмір мен өлім арасында болған зейнеткер ауруханада жан тапсырды. Альбасеталық 56 жастағы тұрғынның басына қатты зақым келген. Бұқа марқұмды мүйізіне іліп алып, аспанға лақтырып, жіберген. РЕН ТВ арнасының хабарлауынша, одан бөлек 6 адам бұқадан зардап шекті.
CaspianLife, 21 шілде — «Еуропа-азия» бейбітшілік пен келісім шеруі халықаралық жобасының белсенділері атырауда дөңгелек үстел өткізді. Экспедиция аясында шеруге қатысушылар әлемдегі бірліктің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісіп, ізгілік, жасампаздық, тақырыбына арналған музыкалық іс шаралар мен көрмелер ұйымдастырады. Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің айтуынша, бұл жоба дінаралық диалог тұжырымдамасын дамыту және мәдени мұра жетістіктерімен өзара алмасу мақсатында жүзеге асырылуда. «Еуропа-Азия» бейбітшілік пен келісім шеруіне 30 ға жуық белсенді қатысуда. Олардың арасында кәсіпкерлер, музыканттар, суретшілер мен ақындар да бар. Ең кіші қатысушының жасы 2-де болса, ең үлкені 62-де.
СaspianLife, 21 шілде — Теңіз кенішіндегі «Isker» компаниясына қарасты мердігер компанияның 30-дан астам жұмысшысы уланып қалды. Олардың 11-і Жылыой аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған. Ал қалғандары компанияға қарасты емхана дәрігерлерінің қарауында. Барлығында бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, іш өту сияқты белгілер байқалған. Мамандар оларға «Тағамдық токсикологиялық инфекция» диагнозын қойып отыр. «Барлығының жеген тағамы бір. Қазір сол тағамдарға байланысты эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүріп жатыр, тамақтың барлығы зертханаға тапсырылды». — дейді Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешова. Мамандардың сөзінше, алғашқы сынама қорытындысы 3 күннің ішінде дайын болады. Сондай-ақ, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүргізген тексеру жұмыстары кезінде өзге де кемшіліктер анықталыпты. Ал…
CaspianLife, 21 шілде — Борис Джонсонның парламентпен қоштасқанда айтқан сөзі желі қолданушыларының ашуын туғызды. 20 шілде күні премьер-министр депутаттарға айтқан сөзін «Терминатор» фильміндегі «Қош бол, балақай» («Hasta La Vista, Baby») фразасымен қорытындылаған болатын. Джонсонның партиясындағы шенеуніктер орындарынан тұрып шығарып салса, оппозияциялық партия қол да соқпады. Мұндай реакцияны желі қолданушылары да көрсетті. «Елімізге проблемадан басқа дым әкелмеді. Кеткені жақсы болды», — дейді ағылшындықтар. Олар премьер-министрдің мақсаты тарихта атын қалай болса да қалдыру екенін айтады. Борис Джонсон үкіметтен 50 депутат өз еріктерімен орындарын босатқаннан кейін отставкаға кететінін мәлімдеген болатын. Ал, қазір Британияда жаңа үкімет басшысын сайлау науқаны жүріп жатыр. 11 депутаттың ішінен…
CaspianLife, 21 шілде — Атыраулық дзюдошы Дана Абдирова Таиландта өткен әлем біріншілігінде жеңіс тұғырынан көрінді. 16 мемлекеттен 174 спортшы қатысқан дүбірлі додадан жерлесіміз күміс жүлдемен оралды. Азия біріншілігінде 57 келі салмақта Данадан бөлек әр елден келген 12 спортшы қатысты. Солардың арасынан үздік үштіктің қатарына енуім – жаттықтырушылардың арқасы дейді спортшы. Дана Абдирова бұған дейін биыл сәуірде Ташкентте өткен Азия кубогының иегері атанған болатын. Енді ол Босния мен Герцеговина елінде өтетін әлем біріншілігінде дайындалады.
CaspianLife, 21 шілде – Атырау облысы әкімінің екі орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мұндай шешімге облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру туралы Мемлекет басшысының 2022 жылының 16-наурызындағы Жолдауында айтылған тапсырмасы себеп болған. Осыған байланысты облыс әкімінің екі орынбасары С. Айдарбеков пен Н. Таушовтың штаттық орны қысқартылды.
CaspianLife, 20 шілде – Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 22 шілдеде Құлсары қаласының тұрғындарымен кездеспек. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу Жылыой ауданы әкімдігінің инстаграм және фейсбук парақшаларында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Сондай-ақ, тұрғындардың аймақ басшысына қоятын сұрақтары мен ұсыныстарын жинақтау үшін «Беркад», «Ақтан», «Лидер», «Технодом» сауда үйлері, Теміржол вокзалы және Жылыой ауданы әкімі аппараты ғимараттарында аранайы жәшіктер орнатылған.
CaspianLife, 20 шілде — Каспий теңізінде магнитудасы 4,1 баллдық зілзала тіркелді деп хабарлайды Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы сейсмологиялық қызметі. Жер асты дүмпулері 45 шақырым тереңдікте 19 шілдеде тіркелген. Жер сілкінісі Ақтау қаласынан шамамен 329 шақырым жерде болған. Эпицентрдің координаттары — 40°42’36 солтүстік ендікте, 51°38’24 шығыс бойлықта.
