Атырау облысындағы екі ауыл «Үздік 30 ауылдың» қатарына енді — CaspianLife ақпараттық порталы
Вторник, 26 сентября, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атырау облысындағы екі ауыл «Үздік 30 ауылдың» қатарына енді

25.07.2022
Жаңалықтар, Мәдениет, Туризм
0
Атырау облысындағы екі ауыл «Үздік 30 ауылдың» қатарына енді

CaspianLife, 25 шілде — Махамбет ауданының Махамбет ауылы мен Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген республикалық «Үздік 30 ауыл» жобасында үздіктер қатарынан көрінді. Қос ауыл еліміз бойынша әр өңірдегі болашағы зор елді мекендер арасынан озық шығып, «Үздік 30 ауыл» анықтамалық кітабына енді деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оқи отырыңыз...

Тимур Бекмамбетов атыраулықтармен кездесті

Тимур Бекмамбетов атыраулықтармен кездесті

25.09.2023
АМӨЗ жөндеу жұмысына жабылады

АМӨЗ жөндеу жұмысына жабылады

25.09.2023

«Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан бұл еңбегінде туған жерге туын тігіп, ауылға жанашырлық танытқан азаматтарды өскелең ұрпаққа өнеге етіп, жастардың ауылға деген теріс пікірін түзетуді мақсат еткен. Сапалы әрі тұшымды дүние жазып шығу үшін автор 1 ай үздіксіз ауыл-аймақты аралаған. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл еңбектің жалғасы болатынын айтты.

«Үздік 30 ауыл» жобасына енген 13 мыңнан астам тұрғыны бар Махамбет ауылында 19-ға жуық өзге ұлт өкілі тұрады. 3 орта мектеп, 1 саз мектебі, 2 спорт мектебі, 5 балабақша, 1 емхана мен аурухана, орталық және балалар кітапханасы, жаңадан салынған мұражай, сәулетті мәдениет үйі және мешіт бар. 2007 жылдан бастап ипотекалық әдіспен 80 үй бөлек мөлтек аудан ретінде бой көтерді. Барлық үйлер мен мекемелер түгелге жуық табиғи газ желісіне қосылған. Ауылда 3 сауда үйі, 3 жанар-жағармай құю стансасы халыққа қызмет көрсетіп отыр. Егін және мал шаруашылығымен айналысатын 12 шаруа қожалығы бар.

Ал Жылыой ауданында қарасты Шоқпартоғай ауылында 3100-ден астам тұрғын бар. 58 шаруа қожалығы тіркелген. 1 балабақша, 1 мектеп, 1 емхана мен спорт мектебі жұмыс істеп тұр.

«Үздік 30 ауыл» анықтамалық кітабына қос ауылдың тарихы, тыныс-тіршілігі, білім, спорт, денсаулық, мәдениет саласы мен әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы, шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуі және ауылдан шыққан танымал тұлғалар туралы мағлұматтар енгізілген.

Тегтер: CaspianатыраужылыоймахамбетҮздік 30 ауыл
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.