CaspianLife, 2 тамыз – Діни мазмұнда материал таратқан атыраулық тұрғын анықталды деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Заңсыз діни материалдардың таралуы мен олардың алдын алу мақсатында жүргізілген рейд барысында 28 жастағы атыраулық өзінің Instagram парақшасына заңсыз діни ағымдағы аудиожазбаларды жариялаған. Аталған факті бойынша тұрғынға қатысты хаттама толтырылып, 107 205 тг көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі жеке парақшасы 3 айға бұғатталды.
Автор: Сайт әкімшілігі
СaspianLife, 2 тамыз – Исатайлық тәрбиеші республика бойынша өткен «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» байқауында «Үздік педагог» атанды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аталмыш байқауға еліміздің түкпірінен 17 тәрбиеші қатысты. «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Қарақат Жақсымбетова «Баланы оқыту мен дамыту процесінде ментальді арифметиканы игерудің тиімділігі» тақырыбында шығармашылық жұмыс қорғаған. «Ережеге сай «Мен – педагогпын» атты кезеңде әрбір қатысушыға берілген уақыты бойынша онлайн сұхбат алаңына шықтым. Өз шығармашылық жұмысымды қорғап, байқаудың қазылар алқасы қойған сұраққа жауап бердім. «Педагогтің Е-портфолиосы» және «Балалармен өткізілген қызықты сәт» секілді бөлімдері бойынша құжат электронды түрде жіберілді», — дейді жеңімпаз.
CaspianLife, 2 тамыз – Атырауда суға түсуге рұқсат етілмеген жерде суға шомылған жігіт батып кетті. Бұл тураалы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Болған оқиға туралы бүгін сағат 15:05 шамасында байланыс бекетіне хабар түсті. 26 жастағы жігіт Махамбет ауданы, Таңдай селосындағы Бақсай каналының рұқсат етілмеген жерінде суға шомылған. Кешкі сағат 19:10 шамасында жергілікті тұрғындардың көмегімен жігіттің денесі судан шығарылды. Облыстық ТЖД түсуге рұқсат етілмеген жерден аулақ болып, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады!
CaspianLife, 2 тамыз — Үш айдың ішінде балаларды 1 сыныпқа қабылдауға 17 мыңнан астам өтініш түскен. Оның ішінде балалардың 80%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады. Бұл туралы облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Айнагүл Дүйсекенова мәлімдеді. Бірінші сыныпқа бару үшін құжат қабылдау 1 сәуірде мен 1 тамыз аралығында өтті. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Оқу-ағарту министрлігі қызметті автоматтандырып, құжаттарды egov.kz веб-порталы арқылы қабылдады. Сондай-ақ ата-аналар дәстүрлі қағаз форматында да өтініштер берген. «Енді мектептерде оқу-тәрбие үрдісін сапалы жоспарлау мен ұйымдастыру, оқулықтарды тарату, сыныптарды қалыптастыру және басқа да ұйымдастыру жұмыстары басталады. Құжат қабылдау басталған үш ай ішінде 17 245 өтініш түсті. Оның…
CaspianLife, 2 тамыз – Атыраулық марокко жалбызы мен калифорниялық құрттан пайда тауып отыр. Анар Бекмамбетова есімді кәсіпкер 1 қорап жауынқұртын 6 айда 400 мыңға жеткізіп, еңбегінің жемісін көруде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Жауынқұрты – топырақты құнарландыруда таптырмайтын құрт. Анар Бекмамбетова оны өсірумен 1 жылдан бері айналысып келеді. Кәсіпкер құрттарын жапырақ, тал сабағы және төрт түліктен бөлінген органикалық заттармен қоректендіру арқылы «биогумус» деп аталатын биологиялық тыңайтқыш шығарады. «Бұл кәсіпті қолға алуымның өзі қызық болды. Жаңа жылға күйеу балам 1 қорап жауынқұртын әкеліп берді. Содан бастап оларды зерттеп, үйде өсіріп қарадым. Жәндіктер көбейе бастағасын, тағы да жауынқұрттарын сатып алдым. Қазір…
CaspianLife, 2 тамыз — 60 жылдан астам қолданылған түсті бөтелкелерді қайта сұрыптау мүмкін емес болғандықтан тамыз айынан бастап Sprite сусына түссіз бөтелкемен сатылатын болады. Бұл туралы CNN BUSINESS агенттігі хабарлады. Coca Cola компаниясы экологияға үлесін осындай шешім арқылы қоспақ. «Жасыл түсті бөтелкенің құрамында полиэтилентерефталат бар. Бұл қоспа қайта сұрыптауға кедергі келтіреді. Ал жаңа түссіз бөтелкені кері қолдануға болады», — дейді R3cycle компаниясының басшысы Джулиан Очоа. Coca Cola компаниясына қатысты экологияға тигізетін зияны үшін көп сын айтылып келеді. 2020 жылы Break Free From Plastic экологиялық ұйымының дерегінше, аталмыш мекеме Жер шарын ең көп ластаған, оның логотипі бар бөтелкелерді 51 мемлекеттен 13…
CaspianLife, 1 тамыз — Облыста бюджеттің тиімді игерілуін тексеру жұмыстарының қорытындысы жарияланды. Алты ай ішінде 14 мемлекеттік және 10 квазимемлекеттік мекемеде аудит жүргізілген. Тексеріс барысында 776 млн тг астам бұзушылық анықталыпты. Оның 93 млн тг қаржылық бұзушылық болса, 214 млн тг астамы тиімсіз пайдаланылған қаражат. Ал 468 млн тг жуық ақша тиімсіз жоспарланған. Аудит материалдары негізінде 43 әкімшілік іс қозғалып, 19 лауазымды тұлғаға айыппұл салынған. Бюджеттен бөлінген қаржыны дұрыс пайдалана алмаудың кесірінен облыста бірнеше мектеп құрылысы да аяқсыз қалған. «Атырау қаласы Дамбы ауылдық округінде де 300 орындық мектеп құрылысын салу бойынша бюджет қаражатын сұрап, артынан түрлі себептерге байланысты «тергеу орындарының…
CaspianLife, 1 тамыз – Бүгін кешке Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің мәйіті табылды. Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ринат Жанқылыш 2021 жылдың ақпан айында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған. Ринат Бауыржанұлы өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі, барша әріптестер Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
CaspianLife, 1 тамыз — KARABATAN UILITY SOLUTIONS ЖШС-нің бұрынғы басшысы Қанат Ахметов пен «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ басқарма төрағасы Болатхан Сандықбаев ұсталды. Бұл екеуі Атырау мұнай өңдеу зауытына электр энергиясын сату кезінде қомақты қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Мұны YEDILOV ONLINE telegram-каналы хабарлады. Ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, жалпы келтірілген шығын көлемі – 200 миллион. Алдын ала мәліметтер бойынша, Атырау мұнай өңдеу зауытына электр энергиясы Karabatan Power ЖШС арқылы сатылған. Аталған компания тоқты KARABATAN UILITY SOLUTIONS ЖШС-нен сатып алып, оны Атырау мұнай өңдеу зауытына қымбат бағаға қайта сатқан. Бұдан түскен пайданы басшылар көрген. «Самұрық-Қазына Құрылыс» АҚ Басқарма төрағасы Болатхан Сандықбаев қызметінен осы…
CaspianLife, 1 тамыз — 2021-2022 ж жылу беру маусымының қорытындысы бойынша атыраулықтарға 8,2 млн тг қайтарылады. Монополист мекеме жылу бағасы мен сыртқа ауаның температурасын қайта есептей келе, жылу есептегіш құралы орнатылмаған және апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындарына артық ақшаларын қайтарып беру туралы шешімге келген. Аталған тұтынушылар шілде айынан бастап жылу ақысын азайтылған сомамен төлейтін болады. «Мысалы, өткен айда ыссы су үшін 2000 тг төлеу қажет болса, сол ақша сіздің пәтер үшін қайта есептеу сомасы шегеріледі. Содан қалған соманы ғана төлейсіз», — ҚР ҰЭМ ТМРК АОД басшысы Әлібек Төлеп. Табиғи монополияларды реттеу комитеті мамандарының айтуынша бүгінгі таңда Атырау қаласындағы тұрғын үйлердің 86…
