CaspianLife, 9 тамыз — Атырау облысында пробация есебінде тұрған азаматтар арасында қайталап қылмыс жасау дерегі 50%-ға артқанн. Сондықтан, сотталушылар енді арнайы білезіктер арқылы бақыланатын болады деп мәлімдеді облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация бөліміне басшылық ету бөлімінің басшысы Артур Иманов. Құрылғыны ҚР Ішкі істер министрлігі жіберген. Әзірге өңірге 70 білезік әкелінді. Оның тең жартысы жазасын өтеуші қала азаматтарына тағылса, қалған 35-і аудандарға жеткізіледі. «Білезік арқылы күндіз де, түнде де жазасын өтеушілердің қайда екенін білуге болады. Оның денсаулыққа еш зияны жоқ. Осының арқасында қызметкерлердің жұмысы жеңілдеп, заң бұзушылар саны азаяды деген үміттеміз. Дегенмен пробациядағы мамандардың кешкі 22:00-ден кейін жүргізетін рейдтік іс-шаралары да…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 9 тамыз – Биылғы оқу жылында оқушылар бұрын сатып алған немесе дайындаған формамен мектепке еркін келе алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Алдағы оқу жылында мектеп формасын қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады. Сондай-ақ, ата-аналардың кейбір білім беру ордаларындағы мектеп формасына қойылатын талаптар туралы шағымданған. Сондықтан, әр мектеп өз талаптарын қоймауы үшін өңірде бірыңғай түс енгізіледі. «Мысалы, егер оқушы мектепке сатып алынған немесе бұрын сол мектептің Қамқоршылық кеңесі бекіткен аға-әпкелерінен қалған форманы киіп келе алады. Ата-аналардың өтініштерінен кейін бірнеше білім басқармасы қамқоршылық кеңестермен бірлесіп, облыс бойынша мектеп формасының біркелкі түсін белгілеуге шешім қабылдады. Барлығы қою көк түсті таңдады. Бірақ…
CaspianLife, 9 тамыз – Биыл Атырауда 3 жаңа мектеп пайдаланылуға беріледі деп мәлімдеді облыстық Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова. Бүгінде облыста 200 мектеп бар. Одан бөлек бірнеше білім ордасының құрылысы жүруде. Биыл жаңа оқу жылында 3 мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. ««Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша, өңірдің даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін өңірде 48 мектеп кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Ал, биылғы жаңа оқу жылын 138 мыңнан астам оқушымен бастағалы отырмыз. Облыс бойынша барлық мектепте жөндеу жұмыстары аяқталды. Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады», — деді А.Дүйсекенова. Сондай-ақ, қалалық Білім бөліне қарасты 63 мектепке осы жылға жөндеу жұмыстарын…
CaspianLife, 8 тамыз — Құрманғазы ауданы, Қиғаш-Шора өзенінде лотостың гүлдену маусымы басталды. Ол шілде айының ортасынан тамыздың соңғы аптасына дейін жалғасады. Аумағы 5 мың гектарды қамтитын лотос алқабын көру үшін күніне 50-ге жуық турист келеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Құрманғазы ауданы елімізде лотос өсетін жалғыз аймақ. Бұл алқапқа келушілерге арнайы нұсқаулық көмек көрсететін кәсіпкерлік нысандар бар. «Бүгінде түрлі туристік компаниялармен келіссөз жүргізудеміз. Оның негізінде бізге келген туристерді қайықпен лотос алқабына апарып-әкелеміз. Осында орналасып, жатар-жайы мен уақытылы тамағы беріледі. Біздің басты мақсатымыз – техникалық қауіпсіздікті қатаң сақтау»,-деді «West Motors service» ЖШС-ның өкілі Жәнібек Актананов. Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің…
CaspianLife, 8 тамыз – Атырауда 6 әуесқой балықшыға айыппұл салынды. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспеккциясы бөлімінің бас маманы Темірхан Оңайбаев мәлімдеді. Рейдтік іс-шара Каспий теңізі сағасының бойы және Пешной елді мекендерінде жүргізіліп, 5 қызметкер мен жылдам жүретін катер тартылды. Нәтижесінде 6 әуесқой балықшы ұсталып, әкімшілік хаттама толтырылды. «Іс-шара барысында Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 380-бабының 1-бөліміне сәйкес хаттама жасақталды. Қала тұрғындарына ескертіп айтарымыз, ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтарда балық аулауға қатаң тыйым салынған», — деді Т.Оңайбаев. Оның айтуынша, тыйым салынған аймақта балық аулағандарға салынатын айыппұл мөлшері 30 630 теңгені құрайды. Айта кетейік, бұдан бұрын облыста алты ай ішінде…
CaspianLife, 8 тамыз – Атыраулықтар 413,4 млн теңге салық төлемеген деп мәлімдеді облыстық Кірістер комитетінің Өндірістік емес төлемдердің басқарма басшысы Нұрболат Сарманов. Кірістер комитетінің ақпаратынша, 19 мың азамат 413 млн теңге салық төлемеген. Берешектің негізгі сомасын көлік салығы құрап отыр. Бұл бағытта қарыздың көп бөлігі Атырау қаласында. 6 мың қала тұрғыны көлік салығы бойынша 277 957 125 теңге берешек. Одан кейін Жылыой ауданы. Бұл аудандағы 1200 автокөлік иесі 37 333 232 теңге көлемінде салық төлемеген. Құрманғазы ауданы қарыз мөлшері бойынша үшінші орында. Автокөлік жүргізушілерінің мемлекетке 16 547 141 теңге қарызы бар. Комитет 2021 жылға жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі…
CaspianLife, 8 тамыз — ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Атырау тұрғындарымен кездеседі деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Кездесі 12 тамыз күні сағат 14:00-де «Н.Ө. Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында» өтеді. «Азаматтарды белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының Энергетика министріне жеке сұрақтар қоюға шақырамыз. Сұрақтар a.ultarak@energo.gov.kz поштаcына және +7 (775) 886 10 55, +7 (777) 410 88 51 (WhatsApp) телефон нөмірлері арқылы қабылданады.», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
CaspianLife, 8 тамыз — Атырау облысы полиция департаментінің бірінші орынбасары лауазымына жаңа басшы тағайындалды деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжановтың 2022 жылғы 5 тамыздағы бұйрығына сәйкес, Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Сейдуалиев Абдигани Тойшыұлы тағайындалды. Жаңа лауазымына дейін Абдигани Тойшыұлы Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының бірінш орынбасары қызметін атқарған. Полиция полковнигі 2 дәрежелі “Айбын” орденінің иегері. Ол еңбек өтілімін 1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданында учаскелік полиция қызметкері болып бастаған.
CaspianLife, 7 тамыз — Атырауда Баймұханов көшесінде орналасқан «Sulpak» тұрмыстық техника және электроника дүкенінен өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға сағат 18:04 шамасында болған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүкен ғимаратының сыртында орналасқан салқындатқыш блогында қысқа тұйықталу болған. Салдарынан қасына жиналған ауданы 1х1 м болатын қоқыс жанып кетті. Жалын 18:14-те ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.
CaspianLife, 5 тамыз – Атырауда қазір құрылысы жүріп жатқан 11 балабақша биыл қала күніне орай қолданысқа берілетін болады деп мәлімдеді қала әкімі Мейірім Қалауи жергілікт теларнаға берген сұхбатында. Қазіргі таңда қала аумағында 11 бөбекжай салынуда. Қала әкімінің сөзінше, құрылысқа жауапты мердігер мекемелер де 10 қазанға дейін нысандарды қолданысқа беретіндерін айтқан. Егер жоспар орындалса 3000-нан астам бүлдіршін бөбекжайға баруға мүмкіндік алатын болады.
