Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 25 тамыз — Теңіз кен орнында мерт болған жұмысшының жанұясына көмек беріледі. Бұл туралы Infra Del Projects мердігер компаниясының қызметкері хабарлады. «Қызметкердің отбасымен тығыз байланыстамыз. Кеше түнде марқұмның денесі туған-туысқандарына жеткізілді. Біз аталған қызметкердің отбасысына өтемақы төлеуге дайынбыз. Сондай-ақ, компания қаза тапқан қызметкердің жерлеу рәсімін өткізеді», — деді компания өкілі. Қазіргі таңда, аталған оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 25 тамыз — Атырауда тағы бір ер адам көпірден секірмек болды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Бүгін түнгі 01:30 шамасында 102-ге Жұмыскер-Балықшы көпірінің үстінде белгісіз ер адамның суға секіргелі тұрғаны жайында хабар түсті. Оқиға орнына жеткен қызметкер Асланбек Ғарифуллин өз-өзіне қол жұмсамақ болған 35 жастағы тұрғынмен келіссөз жүргізді. Азаматтың сөзінше, өзі екінші топ мүгедегі екен, отбасына ақша жеткізе алмаған соң осындай қадамға барған көрінеді. Алайда, полиция қызметкері оны райынан қайтарып алды. Медициналық сараптама нәтижесінде ер адамның жеңіл дәрежеде мас екенін анықталып, №1 қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу бөліміне тапсырылды.

Read More

CaspianLife, 25 тамыз — Атырауда бір жасар бүлдіршін көлік ішінде қалып қойды. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 25 тамыз күні сағат 08:28 шамасында кілтенген көлік ішінде бала қалып қойғаны туралы хабар түсті. Шақырту орнына жеткен құтқарушылар авариялық-құтқару құралдарының көмегімен есікті ашты. Бала ата-анасына аман-есен тапсырылды, медициналық көмек қажет емес.

Read More

CaspianLife, 25 тамыз — 24 тамызда сағат 16:03 шамасында «ТШО», «Өркен» тұрғын үй кешенінің құрылыс жобасы аясында пневматикалық жұмыстарды жүргізу кезінде оқыс оқиғадан жұмысшы мерт болды. Қаза тапқан қызметкер Атырау қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда құқық қорғау органының өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Read More

CaspianLife, 24 тамыз — «Атырау» футбол клубының жаңа бас бапкері тағайындалды. Бұл туралы клубтың әлеуметтік желісінде хабарланды. Виталий Леонидович — Жуковский «Атырау» ФК-ның бас бапкері. Ол бапкерлік мансабын 2010 жылы «Ислочь» клубынан бастады. 5 жылда аталмыш клубпен Беларусь Жоғары лигасына дейін көтерілді. 2020 жылы. «Батэ» командасын басқарып, Беларусь кубогын жеңіп алды. Жаңа бапкермен қоса жаттықтырушылар құрамы да өзгерді. Мисюк Андрей, Плют Павел, Юрий Алексеевич жергілікті футбол клубын жаттықтыратын болады.

Read More

CaspianLife, 24 тамыз — Атырау қаласында қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді. Бұл туралы «Смарт Атырау» КММ өзінің әлеуметтік желісінде жариялады. «Құрметті Атырау қаласы тұрғындары және қала қонақтары!2022 жылдың 23 тамызынан бастап қала және қала маңы қоғамдық көліктері атап айтқанда №4, №21, №22, №30а, №50, №51, №53, №56, №57, №58, №58а, №65 бағыттары өзгергенін хабарлаймыз!», — делінген мекеме хабарламасында. Алайда, автобустардың жүру бағыттарының өзгерісі атыраулықтардың наразылығын туғызды. Мәселен, Нұрсая ықшам ауданының тұрғындары №4 автобустың «Тұлпар» аялдамасына дейін бармайтынына ашулы. Әлеуметтік нысандардың көптігіне қарамастан аталмыш ықшам ауданға тек 3 қоғамдық көлік қатынайды. Ал, Балықшы мен Қызыл Балық селосын жалғайтын №57 автобус енді «Дина»…

Read More

CaspianLife, 24 тамыз — K7 Group құрылыс компаниясы олимпиада жеңімпаздарына грант сыйлады. Аталмыш холдинг биыл жазда болашағын құрылыс саласымен байланыстырғысы келетін және жаңа идеяларға толы абитуриенттер үшін олимпиада ұйымдастырған болатын. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 500-ден астам оқушы қатысты. Олар екі шығармашылық тапсырманы орындады. Ал финалға өткендер университет комиссиясы мен құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесті. Ақтық мәреге шыққан абитуриенттердің үшеуі жеңімпаз атанды. Олар еліміздегі басты архитектуралық ЖОО-да тегін білім ала алады. Айта кетелік, K7 Group компаниясы соңғы жылдары К7Charity қайрымдылық және қоғамдық жобасымен айналысады.

Read More

CaspianLife, 24 тамыз — Атырауда екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды. Бұл туралы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 23 тамыз күні сағат кешкі 20:20 шамасында болған. Lifan маркалы көлігін тізгіндеген 20 жастағы азамат Еркінқала селосында келе жатып солға бұрылмақ болған Lada Priora көлігіне соқтығысты. Соққы екпінінен Lada Priora көлігі аударылып, Lifan темір тұлпары жол жиегіне шығып кетті. Аударылған көлікті басқарған 31 жастағы азамат облыстық ауруханаға қаралды. Жол-көлік оқиғасына байланасты іс-құжаттар жинақталуда.

Read More

CaspianLife, 23 тамыз — Apple компаниясының бұрынғы инженері Сяолан Чжан Apple Car автокөлігіне қатысты құпия құжаттарды таратпақ болды. Чжан аталған компанияның автопилоттық жобасын жүзеге асыруға, яғни сызба жұмыстарына қатысқан. Ол жаңа өнім туралы ақпаратты қытай компанияларының біріне бермек болыпты. Чжан лабораториядан схемаларды алып бара жатқан кезде ұсталып қалды. Экс-инженер 10 жылға бас бостандығынан айрылды, сондай-ақ, оған Apple компаниясына шығын келтіргені үшін 250 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынды.

Read More

CaspianLife, 23 тамыз — Атыраулық полицейлер бір аптада 17 мас жүргізушіні анықтады деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. 22 тамызда сағат түнгі 01:20 шамасында патрульдік полицейлер Mitsubishi автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас екенін анықтады. 31 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ, 7 жылға көлікті басқару құқығынан айрылды. Полицейлер қалада темір тұлпарды тізгіндейтіндер азаймай тұрғанын айтады. Сондықтан, бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.

Read More