CaspianLife, 22 қыркүйек — Атырауда балалардың туберкулезбен аурушаңдығы көбейді деп мәлімдеді облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Зульфия Қайреденова. Биыл 8 айда туберкулезбен жаңадан ауырған 271 науқас тіркелді. Маман биыл аталмыш дертке шалдыққандар саны 9,8%-ға төмендегенін айтады. Ал балалардың туберкулезбен аурушаңдығы 7 жағдайға көбейіп, жасөспірімдер арасында жаңадан 21 науқас тіркелген. Туберкулез ауруы басталғанда жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, кеуде тұстың ауруы, тәбеттің, салмақтың, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі байқалады. Одан әрі бұл белгілердің бәрі үдей түссе, науқас қан түкіруі мүмкін. Айта кетейік, жөтел – туберкулезге тән ең алғашқы белгілердің бірі. Егер жөтел науқаста екі аптадан артыққа созылса, міндетті түрде дәрігерге қаралып,…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 22 қыркүйек — Атырау облысында 1-4 сыныпта 65 мың оқушы, атаулы көмек алатын отбасыдан шыққан 2000 жоғары сынып оқушысы мен 61 студент бір мезгіл ыссы тамақпен қамтылған. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова мәлімдеді. Жалпы жыл басынан бері аймақта 7780 оқушыға атаулы көмек берілді. Көмек киім кешек, оқу-құралы түрінде және соңғы өзгерістерге сәйкес мектеп формасы үшін 7 ауданның оқушыларына қаржылай берілді. Ал Атырау қалалық білім бөліміне қарасты мектептердегі оқушылар үшін берілетін 326 млн теңге қаражатқа сұраныс жіберілді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасынан шыққан, шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға…
CaspianLife, 22 қыркүйек — Құрманғазы ауданында жаңа көпірдің құрылысы қайта жанданды. Бұл туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Марат Хасанов мәлімдеді. Жаңа нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Бұған дейін тұрғындар Шортанбай-Жыланды елді мекендері арасында қолдан жасалған өткелдер мен жеке қайықтар арқылы қатынап келді. Жаңа көпірдің құрылысы былтыр басталған болатын. Алайда, көктемгі су келу маусымына орай Шарон өзенінде су көлемінің ұлғаюына және балықтардың уылдырық шашу уақытында ағыс жолын бөгемеу мақсатында мамыр мен тамыз айы аралығында құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып, қазір қайта жалғасты. «Құрылыс жұмыстарына жауапты мекеме осыған дейін де ауданымызда жаяу жүргіншілер көпірін салып, тұрғындар…
CaspianLife, 22 қыркүйек — Атырауда жедел профилактикалық іс-шара барысында 200 келіге жуық балық тәркіленді деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. «Бекіре-2022» іс-шарасы аясында балық аулау ережесін бұзған 74 факті анықталды. Сондай-ақ, тағы 3 адам балық және балық өнімдерін заңсыз тасымалдаумен айналысқаны белгілі болды. Барлық құқық бұзушылар ұсталып, олардан 200 келіге жуық балық тәркіленді. Балықшылардың 74-і жауапкершілікке тартылып, 1 азаматқа қатысты жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сондай-ақ, облыстық Жайық-Каспий облыс аралық балық шаруашылығы инспекциясына заңсыз қара балықты және оның өнімдерін тасымалдау және әкету бойынша 3 құжат жолданып, 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Бекіре-2022» жедел-проифлактикалық іс-шарасы 31 қазанға дейін жалғасады.
CaspianLife, 21 қыркүйек — Сағыз ауылында жарты ғасыр бұрын салынған электр желілері жаңартыла бастады деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Сағыз ауылындағы 1970 жылы салынған электр желілері «Қазақстан темір жолы» АҚ-на тиесілі. Тозығы жеткен электр желілерінің жұмысына тұрғындардың наразылығы көбейіп, талай жиналыстарда айтылып жүрді. Осыған байланысты осыдан 3 жыл бұрын Сағыз ауылындағы 3 ауыл бөлігіндегі ескі электр желілерін жаңартуға жоба жасақталып, жүзеге асырыла бастады. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 28,7 километр ескі электр желілері қазіргі жаңа технологиямен жасалған СИП кабелді желілеріге ауыстырылып, 9 дана жаңа талапқа сай КТП трансформаторлар орнатылды. Бұл өз кезегінде электр энергиясын тұрақты беріп, тұрмыстық техникалардың бірқалыпты жұмыс…
CaspianLife, 21 қыркүйек — Енді мектептен кейін оқуға түспегендер «Алғашқы жұмыс орны» бойынша жұмысқа тұра алады. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиева мәлімдеді. Жұмыспен қамту бойынша әзірленген бағдарламаларға өзгерістер енгізілді. Мәселен, енді «Жастар практикасы» бағдарламасына 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Бұған дейін бұл жас шектеуі 29 жас болатын. Сонымен бірге, «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына бірыңғай ұлттық тестілеуден өтпеген және әрі қарай оқуын жалғастырмаған мектеп түлектері де қатыса алады. Сонымен қатар келер жылдан бастап қайтарымсыз гранттардың орнына жастар үшін 2,5 пайыздық несиелер берілмек. Ал Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін ұлғайту мақсатында барлық өңірлерде енді…
CaspianLife, 21 қыркүйек — Ауадағы көп мөлшердегі күл тыныс алу мүшелеріне зиян келтіреді дейді дәрігерлер. Облыстық аурухананың штаттан тыс терапевт-дәрігері Гүлжан Сайынова түтін мен жағымсыз иістен қорғану жолдарын айтты. Оның сөзінше, күлмен ұзақ уақыт тыныс алған жағдайда мұрын мен өкпенің созылмалы ауруы өршуі мүмкін. «Егер сіз даладан өрттің иісін байқасаңыз, дереу терезелерді жабыңыз, үйде немесе кеңседе кондиционерді қосу керек. Физикалық күш салудан аулақ болуға тырысыңыз. Терең дем алмау үшін жүгірудің және жаттығудың қажеті жоқ», — дейді маман. Сондай-ақ ол дәке маскасын және бір реттік медициналық масканы тағу иістен жартылай қорғайтынын, сондай-ақ мұндайда өнеркәсіптік респираторлар жақсы көмектесетінін айта кетті. Айта кетелік,…
CaspianLife, 21 қыркүйек — Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауының күні белгіленді. Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада республикада кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Президент жолдауында биылғы реформалар мен өзгерістер туралы айтылды. «Маусым айында өткен референдумның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады. Мемлекет «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын берік ұстанады. Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа аралас жүйе бойынша жасақталады. Депутаттардың бір бөлігі партиялық тізіммен, қалғаны бір мандатты округтен сайланады. Конституциялық сот құрылып, алдағы қаңтар айынан жұмыс істей бастайды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды. Биліктің…
CaspianLife, 21 қыркүйек — Жылыойлық кәсіпкер өз ауласында асыл тұқымдас ешкілерді өсіріп, өз фермасын ашты деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аманжан Құсайыновтың ешкі өсірумен айналысып келе жатқанына 8 жылдай болды. Қазіргі таңда 50 бас асыл тұқымды француз альпі ешкісін бағуды қолға алған. Бұл малдың қарапайым ешкіден ерекшелігі жеген азығының 90%-ы сүтке кетеді. Яғни өзге тұқымдағы ешкілер күніне 1 литр сүт берсе, альпі ешкісі 3 литрге дейін береді. Оларды Мәскеу арқылы Франциядан әкелген. Басында үш ешкі алғанымен, өсіре келе олардың саны елуге жеткен. Бүгінге кәсіпкер өз тұтынушыларына ешкі сүті мен өнімдерін ұсынып отыр. «Алғашында ешкі сүтін ұлының емі үшін ғана пайдаландым.…
CaspianLife, 21 қыркүйек — Атырауда 20 қыркүйек күні тұтанған қамыс өртін сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. Кеңөзек ауылы, Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында шамамен 60 га аумақтағы тілсіз жауды батпақты жерден өту мүмкін болмаған соң сөндіру қиынға соқты. Қазіргі таңда МИ-8 тікұшағы барлау жұмыстарын жүргізіп, 20х20 көлемінде 2 ашық отпен жану ошағын және 100 м көлемінде бықсуды анықтап, әуеден сөндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, батпақты жерде қалып қойған «TREKOL» техникалық автокөлігі жанып кетті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге тікұшақтан бөлек ТЖД-нің және «Ақ…
