CaspianLife, 29 қыркүйек — Атырау облысында 150 мыңнан астам гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали мәлімдеді. Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша аймақ көлемінде 164 826,85 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 119 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның басым көпшілігі өз еріктерімен қайтарылған. «164 776,85 гектар жайылым, 50 гектар шабындық болса, қалған 3 гектар жер басқа мақсат үшін алынған. Айта кетейік, жер телімінің ішінде өз еріктерімен 164 326,85 гектар қайтарылған», — деді Әлібек Ермекқали. Өткен жылы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 201,82 мың гектар жер анықталған еді. Оның 17,67 мың гектары шара қолдану нәтижесінде…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 29 қыркүйек — Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының мүшесі Н. Ожаев Парламент мәжілісінде Атыраудағы экология мәселесін көтерді. Депутат Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына Атырау облысының аумағындағы атмосфераға күкіртсутегі, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот оксиді секілді уытты заттектердің бөлінуін азайту мәселесін көтеріп, мұнай зауыттары тарапынан ластаушы шығарындылардың атмосфералық ауаға әсері жайлы депутаттық сауал жолдады. «Бұл ретте, Атырау облысындағы экологияға қатысты Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз, т.б. өзендері және қарт Каспийдің тағдыры үлкен мәселе. Жергілікті атқарушы органдардың күнделікті назарындағы апаттық мұнай скважиналары, қоқыс полигоны, кәріз тазарту құрылымдары, «Тухлая балка», «Квадрат» мәселелері әрқайсысы өз алдына проблема екенін де білесіздер. Дегенмен, бүгінгі сауал, үш алпауыт мұнай компанияларының атмосфераны ластауы…
CaspianLife, 28 қыркүйек — Атыраулық еріктілер шала туған балаларға 2500 зат тоқыды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. «28 ілмек» клубында 60-қа жуық ерікті бар. Ұйым еліміздің 15 қаласында жұмыс істейді. Еріктілердің Атырау қаласында жұмыс істеп келе жатқанына 10 жылдай болды. «28 ілмектің» еріктілері дайындалған заттар мен мақтадан жасалған ойыншықтарды тоқиды. Ал дайын өнімдер Атырау облыстық перинаталдық орталығына беріледі. «Тоқылған заттар кішкентайлардың жылы қалыпта болуына көп септігін тигізеді. Кувезде шала туған балалар үшін оңтайлы температура сақталады. Жүн құрамына қарай осы қасиеттерге ие. Сонымен қатар жүн талшықтары массаждың өзіндік әсерін жасайды, қозғалыс моторикасын жақсартады», — деді «28 ілмек» клубының мүшесі Валентина Верцан.
CaspianLife, 28 қыркүйек — Атырауда алаяқ 20-ға жуық адамды жұмысқа тұрғызып беремін деп алдаған деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. 32 жастағы алаяқ биыл наурыз айынан бастап тұрғындарды арбап, 3 млн қаржы жымқырыпты. Қазіргі уақытта күдікті қолға түсіп, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
CaspianLife, 28 қыркүйек — Атырауға келген ресейліктердің басым көпшілігі басқа өңірлерге кетеді деп хабарлайды облыс бойынша жедел штаб басшысы Есмұхан Қажкенов. Атырау облысына келетін Ресей Федерациясы азаматтарының саны артуына байланысты, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің тапсырмасымен Атырауда қалыптасқан жағдайға байланысты мәселелерді шешу және алдын алу бойынша жедел штаб құрылды. Штабтың дерегінше, 21-27 қыркүйек аралығында өңірге 10 479 адам келген. Көрсетілген мерзімнің ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін Ресей Федерациясының 2 219 азаматы жүгінген. «21-27 қыркүйек аралығында Атырау тұрғындары көші-қон полициясына Ресейден 644 азаматтың келгені туралы хабарлады. Бұдан Ресей Федерациясының келген азаматтары үшін Атырау қаласы негізгі…
CaspianLife, 28 қыркүйек — Атырауда президенттік сайлау учаскесін анықтайтын Telegram-чат ашылды деп хабарлайды облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі. Атырауда сайлаушылардың өз сайлау учаскелерін анықтауына мүмкіндік беретін SailauAtyrauBot чат-боты ашылған. «Осы арқылы тұрғындар сайлау қарсаңында мекенжайы бойынша тіркелген сайлау учаскесін анықтай алады. Бұл үшін SailauAtyrauBot чат-ботына ЖСН енгізу арқылы сайлау учаскесінің нөмірін, атауы мен мекенжайын біле алады.Егер дерекқорда көрсетілген ЖСН бойынша сайлаушы жөнінде деректер табылмаған жағдайда, тіркелген жергілікті Әкімдікке хабарласуыңызға болады», — делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.
CaspianLife, 27 қыркүйек — Қазақстанда ресейлік телеарналарды бұғаттау басталды деп хабарлайды Telegram арналарының бірі. Келесі айдан бастап BeeTV қосымшасы мен сайтында бірнеше ресейлік арна көрсетілмейтін болады. Олар: «Дом кино», «Победа», «Музыка Первого», «Телекафе», «Первый канал СНГ», «НТВ МИР», «Россия 24», «Дом кино Premium HD», «РТР Планета», «Карусель International», «О!», «Время: далекое и близкое», «Россия К». Аталған арналардың орнына «Еврокино», «Любимое Кино», «1HD music» және «Еда Премиум HD» арналары қосылады. Ал TV100 жазылымы бойынша өңірлік 13 арна қосылады. Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі басшысы қызметіне Дархан Қыдырәлі келгелі бері, отандық ақпарат кеңістігін ресейдің агрессивті пропагандасынан тазалау жұмыстары басталды. «BeeTV басы ғана.…
CaspianLife, 27 қыркүйек — Атыраулық жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары Тасқала ауылы тұсында Lada маркалы автокөлігін тоқтатып, көлік тізгіндеген жүргізуші кәмелет жасқа толмағанын анықтады. 2005 жылғы жасөспірімнің ата-анасына аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынды.
CaspianLife, 27 қыркүйек — Атырауда 3 тәулікте түнгі уақытта далада жүрген 130-дан астам жасөспірім анықталды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары жүргізген рейд барысында 135 жасөспірім Ішкі істер органдарына жеткізілді. Оның 2-еуі бейімдеу орталығына орналастырылса, қалғаны ата-аналарына тапсырылды. Кәмелет жасқа толмағандардың ата-аналарына хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілік тартылды. Сондай-ақ, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
CaspianLife, 27 қыркүйек — Атырау полицей Жыл тұлғасы атанды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. 26 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Конкурс азаматтарды, бизнес-құрылымдар өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді туған жерін дамытуға ынталандыру және көтермелеу мақсатындағы қайырымдылық идеяларын насихаттауға бағытталған. «Жомарт жүрек» марапаттау рәсімінің «Жыл тұлғасы — 2022» номинациясы бойынша Атырау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкері Еламан Тулешов марапатталды. Еламан қала аумағында орын алған өрт кезінде 60-қа жуық адамды эвакуациялаған. Және де Береке ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде 9 қабаттан құлап кету қауіпі…
